Солтүстік Қазақстан облысы: гүлдену мен даму жолында| = |Северо-Казахстанская область: на пути развития и процветания

RSS-лента

Хроника независимости Казахстана

 

Мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалар

Публикации в периодической печати

Серікбай Шәріпұлы, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы мерейтой қарсаңында халық үлкен жұмыстар атқарып, мол шашу шашпақ. Мерекелі жылға сіз басқарып отырған ауданның да құралақан келмегені анық. Ендеше биылғы жоспарларыңыз қандай, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына серпіліс беретін бағыттар бар ма? Солар туралы айтсаңыз.

Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жаңғырып, өлгеніміз тірілуде. Жат жұртта жүрген қазақтардың да атамекенге қарай көш басын бұруы осы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен де отбасы, ағайын-туысыммен бірге 1992 жылы Моңголиядан көшіп келгенмін. Елім маған бар көмегін жасады, енді мен еліме не берсем екен деген оймен осыдан 17 жыл бұрын ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайтын шағын цех аштым. Бүгінде бұл отбасылық шағын бизнеске айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында: "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға Алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", — деген-ді.

Бұл ұсыныс үстіміздегі жылы ел Президентінің Жарлығымен заңды күшіне еніп, бүгін қазақ елі Алғыс айту күнін атап өтуде. Осы мереке қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің тарих және

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихаттың депутаты Сабыр Ыбыраевқа жолыққан едік.

 

Елбасымыз "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Жолдауында: "Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт", — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен "Мәңгілік Ел" идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: "Сынаптай сырғыған осы уақытта "Мен не атқардым?" -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты... 

Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформаларды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. 

Биыл еліміз өзінің тәуелсіздіктің ақ таңымен өткерген тағылымды жиырма бесінші жылынатап өтпек. Осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, қауіпсіздік, тіпті, жаһандық мәселелерде өз алдына дербес шешім қабылдай алатын егемен мемлекет екенімізді дәлелдедік. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асыл арманы болған тұғырлы тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырмыз. Ендігі күні іргетасы берік қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ.

Биылғы жылдың үлкен датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің  тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолбасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы Тәуелсіздік таңының арайлап атқаны күні кешегідей көз алдымызда тұр.

 Тәуелсіздік  туралы толғамды ой, салиқалы әңгіме өрбіту  үшін оның тарихындағы айтулы күн — 16 желтоқсанның мерекелік сипатына да тоқталған жөн деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда қайтадан егеменді ел болған күні ретінде ерекше мағынаға ие. 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып шықты. Солардың бірі — Қазақстан. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы" Заңды қабылдады. Бұл Заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

 

 Тәуелсіздік. Бұл сөз бақытты тағдырымыздың, жаңа тарихымыздың шыңының, Қазақстан халқының жеңістері мен жетістіктерінің, қазақ жерінің жаңаруының символы іспеттес.

 

1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ленин және Москва аудандарының бірігуі нәтижесінде Есіл өзенінің бойында орналасқан көркем өлкеге Есіл ауданы атауы берілді.

Қазақстанның Тәуелсіздік тұғырына қонғанына — 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз дамудың жаңа бағыттарын таңдап, алдына қойған үлкен мақсат-мүдделерді бағындырды. Соның бір көрсеткіші — елімізде метрология, стандарттау және сертификаттау  жүйесінің қалыптасуы болды.

Бодандық қамытын шешіп, Тәуелсіздікке қол жеткізген кез менің есімде. Ол тұста жасым 27-де болатын. Оқу бітіріп, Ақсуат ауылы мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Еңбек әліппесін енді ғана ашқан маған сол уақыт ерекше есте қалатын оқиғалармен айшықталады.

Халқымызда "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең" деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол кездер алынбайтын қамал секілді көрінген ауқымды жоспарларды еңсеріп, елімізбен құрдас мемлекеттердің көшін бастап тұрмыз.

Ширек ғасырда қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық салалары алға басты. Еліміздің басты байлығы — оның тұрғындары, сондықтан тәуелсіздік жылдарында халықтың денсаулығын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді. Еліміздің "2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Кешендік сипатқа ие бұл бағдарлама аясындағы жоспарлы шаралар саланың дамуына қарқын беріп, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында таңдап алынған бағыттың нәтижелігін және дұрыстығын дәлелдеді.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт" атауымен кезекті ХХІV сессиясы болып өтті.

"Мәңгілік Елге" апаратын басты құндылықтар, міне, осылар. Оған еліміздің барлық өңірінен Ассамблея мүшелері қатысты. Қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктер өкілдері, орден-медальдарын жарқыратып тағып алған ардагерлер, еліміздің саяси-экономикалық, мәдени, спорттық өміріндегі танымал тұлғалар сарайдың ішін жайнатып жібергендей болды.

Сессияға, оның жұмысына шақырылған қонақтарды қоса алғанда, 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

19 июля 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 302 просмотра

1992 год
Новый 1992 год бывший советский народ встречал уже в другой стране. Каждый - в своей, суверенной. После распада единого могучего начался парад суверенитетов. Попытки сохранить Союз под флагом славянских или тюркоязычных государств не дали результатов, так как стало ясно, что политические декларации без решения главного вопроса - перехода к рыночной экономике - не имеют смысла. К тому времени уже был разрушен единый народнохозяйственный комплекс, который мог существовать лишь при жесткой плановой экономике. Каждая республика пустилась в самостоятельное плавание.

3 ноября 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 101 просмотр