Знаменитые земляки

RSS-лента

 Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, даңқты жерлесіміз Кәкімбек Салықов тірі болса 85 жасқа толар еді.

 Қазақ халқы үшін алмағайып заман болған ХІХ-ХХ ғасырларда талай шоқтығы биік тұлғалар өмір сүрген. Солардың бірі - халық ақыны Молдахмет Тырбиев. Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тумасы Молдахмет Төребекұлы - өз заманында ақын, әнші, термеші ретінде танылған тұлға. Өнері, шығармашылығы, адамгершілік қасиеттері әлі күнге дейін ел арасында айтылып жүрген бабамызды тағы бір еске алу үшін ақынның қызы Сәуле Әбілмәжіновамен кездесіп, әңгімеге тартуды жөн көрдік.

 Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында ұлттық сананы оятып, қазақ халқын рухтандырған кинолардың бірі — ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың поэмасының желісімен түсірілген "Батыр Баян" тарихи фильмі еді.
Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі — Баян туралы туынды әлі күнге дейін көгілдір экраннан түсе қойған жоқ. Жақында осы фильмнің режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұзақ жылдар "Қазақфильм" киностудиясын басқарған, бүгінде Қазақ Ұлттық өнер университетінде иіәкірт тәрбиелеп жүрген белгілі кино маманы Сламбек Тәуекелов мырзаға жолығып, сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгімеміз тарихи фильмнің қалай түсірілгенінен басталды.

Сәл әріректен бастайын. Балалар жазушыларының ішіндегі шоқтығы биік тұрған қаламгерлердің бірі — Сапарғали Бегалинді бәріңіз білесіздер. Атом жарылыстарының нағыз ортасында орналасқан Семей өңірінің Қайнар деген ауылында туып-өскен. Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезде ол ішкі істер саласының комиссары болып қызмет атқарды. Бір таңғалғаным, осындай қызмет атқара жүріп, жастығының ішіне Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жасырып келген екен. Үйінен кеткенде жастықты кемпіріне тыққызып қояды, кешке келгенде алдырып, өзі ғана жастанған. Міне, сол азамат Мағжанның көп шығармаларын аман сақтап қалды. “Батыр Баян” поэмасы, “Шолпанның күнәсі” әңгімесі, басқа да көптеген шығармалары сол жастықтың ішінен шықты. Бұл -нағыз ерлік, ұлтқа қызмет етудің үлгісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында Алаш зиялылары туралы айта келіп, "сол айтулы есімдердің білімдарлық пен азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. Бұл — тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары”,- деп жазды.
Осындай білімдар Алаш зиялыларының бірі педагог, ғалым, журналист, қайраткер Абдолла Байтасов еді. Оның есімін осы күнде біреу білсе, біреу білмейді.

 "Қарашығым!
Ән тербеп өскен елдің баласымын,
Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,
Сырларымның саф таза, саф асылын.
Сағым далам –
Сұлулықты жырлаудан жаңылмаған.
Махаббатты анамдай әлдилеген,
Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам", -

деп өзі жырлағандай, Қызылжар өңірінің перзенті, ерке Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін сермеген қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді.

3 августа 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 580 просмотров

 В гуманитарно-техническом колледже Петропавловска по инициативе его директора Александра Мерка торжественно открыт музей-аудитория казахстанского переводчика, прозаика, публициста, литературоведа и просто очень честного и порядочного человека Герольда Бельгера. Теперь у каждого из нас есть возможность познакомиться с жизнью и творчеством нашего великого земляка.

3 августа 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 463 просмотра
19 июля 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 1503 просмотра

 Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

 ГерольдБельгердейіріталант, іргелісуреткерқайдада, қайзамандадаешкімніңқолтығынасыймайдығой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынанкешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.<o:p></o:p>

 
Көрнекті жазушы, аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Бейімбет Майлин атындағы, Қазақстан Президентінің Бейбітшілік және келісім, тәуелсіз "Тарлан", Қазақстан ПЕН-клубының сыйлықтарының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері, "Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" Герольд Бельгер 28 қазанда 80 жасқа толады.

Жазушы-жерлесіміз Герольд Бельгердің баспадан шыққан кітаптарың газет, журналдарға басылған очерктері мен мақалаларың әңгімелері мен эсселерін оқып отырып, мен оның терең де жан-жақты біліміне, орасан зор еңбексүйгіштігіне тәнті боламыy Сол қасиеттерін көрсету үшін оның шығармаларының бірқатарын ғана атап өтудің өзі де жеткілікті.

 Қазақтардың болашағы бар ма?-деп сұрама. Одан да мынаған жауап бар: "Адамзатта болашақ бар ма?". Егер адамзат аман болса, иншалла, қазақ та сау-саламат бола бермек.

Қазақтарға америкалық, ағылшын, неміс, француз болу тіпті де шарт емес. Оларға қазақтығын сақтай білу маңызды. Өзіңді жоғалтқанмен, өзге бола алмайсың. Сталин ұрыларды былай жіктеген: "үйге кіретін ұры" және "үйден шығатын ұры". Соңғысы мейлінше қауіпті.

Қазақстанда ұрылардың осы түрі белең алулы.

 Соғыс кезі тап болған соң дауылға
Ауып келген бір үй біздің ауылға.
Не көрсе де, бірге көрді елменен,
Бірге көніп, бірдей төзіп ауырға.

Теңбіл-теңбіл әлеміш конвертті олай да, былай да аударыстырып, ұзақ қарадым. Бейтаныс жазу, бейтаныс ел, бейтаныс біреуден келген хат. Венесуэла. Каракас. Унгефуг. Бұл кім болды екен?
Еуропаньің кейбір елдерімен азын-аулақ қарым-қатынасым бар. Ал Латын Америкасында кімнің менде не шаруасы болуы мумкін?

Алессандро Унгефуг? Аты — испанша. Фамилиясы -немісше. Сәл-пәл таныстау естіледі.
Хат немістің әдеби тілінде жазылған. Бірақ Еділ немістерінің сөз тіркестері оқта-текте кездеседі.

 Мен білер қазақ әрдайым өсіріп айтуға, көпіртіп сөйлеуге бейім, оңтайлы тұрады. Баяғыда, бала кезімде, ауылдың шалдары жиналып, сөз жарыстыратын.
— Е-е, біздер не көрмедік, қайда бармадық?! Көктерек, Мектеп, Жаңажол Жаңаталап түгіл со-о-нау-у жер түбіндегі Марьевканың өзінде үш-төрт дүркін болғанбыз.
— Иә, иә, — деп, қалғандары бастарын шұлғитын.

Ал солардың әңгімесін тыңдап отырған мен Еділ бойынан жер ауып келген жүгірмек, таңғалатынмын апырай, мына шалдардың айтып отырған ауылдары таяқтастам жердегі аңғал-саңғал мекендер. Марьевка дегені, көп болса, жиырма бес шақырым маңайындағы аудан орталығы. Соны дабырлатпай-ақ, сол қашықтықты неге дәл айтпасқа деп, неміс басыммен аң-таң болатынмын.