Знаменитые земляки

RSS-лента

Ұлты үшін теперіш көріп, тарихтан уақытша аты жойылса да, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған ақынның табанының ізі қалған қасиетті жерді басып, жыр пайғамбарының туған ауылы - Сарытомар ауылының жай-күйімен танысып, ақын тағдыры жайлы талай сырға қаның болудың өзі зор бақыт.

17 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 73 просмотра

 Өмір сүріп жатқан кезеңнің рухы суреткердің шығармашылық ізденісімен үндескен сәтте жергілікті жердің үні қалыптасып, өлең, әңгіме, роман, драма секілді әдеби жанрлар арқылы болашаққа қадам басады. Бұл үнді, яғни халық пен жердің тағдырын тіл арқылы жеткізуде ақын-жазушылардың рөлі маңызды.

 

16 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 81 просмотр

  Бұл мақаланың тарихы қызық. Қағазға түскеніне жеті жылдай (15.10.2011) болып қалды. Оқырманға ұсынуға асықпадым. Соның сәті бүгін түсіп отыр.

 ... Бірнеше күн болды, тынышым кетіп, мазасыз күй кешудемін. Бәріне кінәлі - Оразай. Оразай Ғайсаұлы Тиыштыбаев - менің жерлесім, кезінде туған ауылым - Балуан сегізжылдық мектебінде бір сыныпта оқығанбыз.

 Ол біздің алтыншы сыныпқа 1961 жылдың күзінде келіп қосылды. Нақ сол жылы әкесі Ғайса ағай біздің мектепке мұғалім болып келген еді. Содан Оразаймен үш жыл бірге оқыдық. 1964 жылы Балуан сегізжылдық мектебін тамамдағаннан кейін мен оқуымды Қызылжардағы қазақ мектеп-интернатында жалғастыратын болдым да, Оразай Есілдің ар жағындағы Ленин (қазір М.Ахметбеков атында) орта мектебіне ауысты. Содан бері анда-санда жиын-тойларда кездескеніміз болмаса, жолымыз түйісе қойған жоқ еді.

16 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 100 просмотров

    Мағжан Жұмабаев - XX ғасырдың кемеңгері. Оның азаматтық, ақындық жолы бөлек те, ұстаздық жолы бір басқа. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақ халқының бақыты мен болашағына арнаған Алаш қайраткері ұлтты бақытқа жеткізудің жалғыз жолы - оқу, ағарту iсі екенін ерте ұқты.

15 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 102 просмотра

 Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевқа туыстығым бар екенін сегізінші сыныпта әжем Бибізайып Бекенованың айтуынан білдім. Оған дейін бізді әлі жас деп, үйдегі үлкендер мұндай әңгімеге араластырмаған болар, мүмкін, өзіміз де балалықпен Мағжан туралы айтылып жүрген сөздерге ден қойыпМағжанның қазақтың дара тұлғасы екенін және оның атам Сәлімжанның туған бауыры болып келетінін білген күннен бастап, әжеме сан алуан сұрақтар қойып, маза бермегенім есімде. Әжем айтқан әңгімелердің бәрі де маған қатты әсер етті. Қазақтың біртуар тұлғасы Мағжанның туысы екенімді қаншалықты мақтан тұтсам да, бойымдағы бұл атқа лайық болып, атамды көбірек танысам, ол туралы көбірек айта алсам деген жауапкершілік сезімі басым.

15 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 56 просмотров

 Ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың тұлғасы жайлы 1923 жылдың қыркүйек айында Түркістан Республикасы Халық ағарту комисса­риаты жанындағы Мемлекеттік комитеттің төрағасы Халел Досмұхамедұлы Мәскеудегі Көркем әдебиет институтының тізгінін ұстаушы Д.Я.Брюсовқа жазған баянхатында: "М.Б.Жұмабаев пo отзы­ву Киргизской научной комиссии является, несомненно, ярким вы­дающимся киргизским поэтом... Будущий наш Пушкин", - делінген.

15 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 83 просмотра

 Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих", - деген еді. Әлем тарихы екіге бөлінеді: бірі - адамдар тарихы; екіншісі - табиғат тарихы. Атақты тарихшы Плутарх өзінің "Жизнеописания" деген еңбегінде: "Біз тарих емес, өмірбаян жазамыз",- деуі осыдан.

15 августа 2018 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 97 просмотров

 Төрткіл дүниедегі қай халықтың болмасын, әдебиеті мен өнері сол жұрттың мәдениетінің қайнары, тереңге бойлаған рухани тамыры екені ақиқат. Осынау мәдениетті ұлттың ұлы тұлғалары қалыптастырып, айналасындағы ірілі - ұсақты арналарды өзіне тартып жататын шалқар дария тәрізденеді. Ойшылдар, ғұламалар мен кемеңгерлер ұлттық өзектен тамыр тартса да, бүкілғаламдық өркениетке барып қосылады.  Ағылшындар үшін Шекспир мен Байрон, немістерге - Гете мен Гейне, италиялықтарға - Данте, үндістерге - Тагор, орыстарға Пушкин мен Лермонтов қаншалықты ардақты болса, қазақ әдебиетін Абай мен Мағжансыз көзге елестету мүмкін емес. Бұлардың бәрі де өз ұлтының ғаламдағы жаратылысын, рухани танымы мен тұлғасын тұтастырып тұрған, мысалы, бір асыл заттың қасиетін танытатын айрықша белгілері іспетті.

14 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 124 просмотра

    Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы - "Батыр Баян". Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.
   

13 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 45 просмотров

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында, яғни ғасырлар тоғысында елімізде талай оқиғалар болды. Бұл кезеңде Қазақстан түгелдей Ресейдің қол астына кіріп, оның түпкілікті боданында еді. Қазақтың жер- асты, үсті байлығын жалғыз Ресей емес, шетел басқыншылары емін еркін иемденді. Сонымен бірге, Қазақстан Ресейдің әскери тірек еліне айналды. Жаппай орыстандыру саясатының негізінде Қазақстан халқының көп бөлігін келімсектер құрды. Қоныс аударылғаңдарға қазақтардың шұрайлы деген жерлері бөлініп берілді. Жерінен айрылған қазақ халқы нағыз көшпенділер кейпін киіп, көбісі патша өкіметінің реакциялық саясатына шыдай алмай көрші мемлекеттерге көшуге мәжбүр болды. Қалған бөлігі атақоныс жер суын, ар-намысын қорғау барысында күреске де шығып отырды, бірақ ол көтерілістер аяусыз басылып тасталды. Қазақстанда отарлау саясаты кезінде өнеркәсіп саласын дамыту үшін қазақ жерлеріне ірі зауыттар мен фабрикалар салынды. Соның нәтижесінде елде жұмысшы табы да қалыптаса бастады. Елді басқару үшін жергілікті тұрғындарды оқытуға да тура келді. Осыған орай жер-жерде мектептер мен орта оқу орындары ашылып, онда қазақ балалары оқытылды. Оқу-ағарту саласының дамуы бұдан ертерек кезде басталғаны белгілі. Екі ғасыр тоғысындағы аумалы-төкпелі дәуір мен саяси оқиғалар қазақ ұлтының арасынан өз саяси қайраткерлерін шығарды. Бұл зиялылар өздерінің бар ғұмырын өз елі мен халқының бақытына арнап, сол жолда құрбан болды.

10 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 92 просмотра

 Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, жыр дүлдүлі Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдық мерейтойы Түркі әлемі, Еуропа мен Қазақстан бойынша, әсіресе, Қызылжар өңірінде кеңінен аталып өтті. Ақпан айында Анкара қаласында "ТҮРІКСОЙ" халықаралық  ұйымының штаб-пәтерінде Мағжан Жұмабаев жылы салтанатты түрде ашылса, сәуірде Париж қаласында "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: өткеннен келешекке түркі тілі" атты халықаралық форуммен жалғасты. Еліміздің түкпір-түкпірінде Алаштың ардақтысы, жыр пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына орай, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау бойынша аудандық, облыстық халықаралық деңгейде басқосулар, дөңгелек үстелдер, мүшайралар сияқты әртүрлі іс-шаралар өтті. Газет-журнал беттерінде жыл басынан бастап, ақиық ақын туралы мақалалар жарияланып, музейлерде көрмелер ұйымдастырылды. Осы маңызды шаралардың көбі өңірімізде өткені біз үшін үлкен қуаныш әрі абырой.

10 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 47 просмотров

    Қазақтың ұлы ақыны, азаттық үшін күресте жанын қиган аяулы ұлдарының бірі - Мағжан Жұмабаевтың ардақты аты арамызга оралгалы отыз жыл болып қалды. Осы кезеңде, әсіресе коммунистік идеология құрсауынан босанып, тарихи дамудың Тәуелсіз жолына түскеннен бері, Мағжан есімін қастерлеп, ақынның өмірі мен шығармашылығы жан- жақты зерттелуде. Әлеуметтік әділетсіздік құрсауын бұзып шығып, «Гуннан туған Күн ұлы» екендігін архив деректері арқылы дәлелдеп, Мағжан біздің заманымыз үшін де «Жастардың ой-санасының әміршісі» екенін өз халқы ғана емес бүкіл Түркі әлемі мойындап отырғанын халықаралық «Түріксой» ұйымының биылғы 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жариялауы дәлел екенін көреміз.

 

10 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 63 просмотра

«Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады ...» - деп, заманынан оза туған ақын Мағжан айтпақшы әрбір жаңа бір «толқын-ойдан туады ғой. Олай болса бүгінгі мақаладан оқитын жаңалықтарыңызға бастамашыл болған жандар өз арамызда. Олар жас, әрі білікті мемлекеттік қызметкерлер: аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық білім бөлімінің басшылары Сәуле Нұрқайдарова мен Рысжан Нұрғалиеваның ізденістерінің арқасында ақын атамыздың асыл мұраларын зерттейтін орталық ашылмақшы. Ендеше сүйінші!!!

10 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 96 просмотров

 Мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушылар бойына адамгершілік, инабаттылық, ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дарыту.

Әдіс-тәсілдері: Сахналық көрініс төрінде өткізіледі. «Дөңгелек стол» басындағы сұхбат. Сұрақ-жауап. Диспут.Тарихи-географиялық саяхат.

II.   Көрнекі құралдар:

1.  М.Жұмабаевтың портреті. (1893-1938ж.ж.).

2.      Мағжанның өлеңдерінен үзінділер, цитаталар жазылған плакаттар. («Мен жастарға сенемін», т.б.).

3.     «Мағжан жүрген жол» - тарихи-географиялық саяхат картасы.

4.  «Қазақ» - газетінің көшірмелері.

5.       Мағжан туралы әр жылдары шыққан әдеби шығармалар, еңбектер, «Педагогика» оқулығы.

6.  Техникалық (мультимедиалық) құралдар.

7.  Музыкалық аспаптар.

8.   Сол замандағы қазақ зиялыларының портреттері мен еңбектері.

 9.  «Желтоқсан» құрбандарының портреттері.

10 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 75 просмотров

«Учитель не тот, кто учит, а тот, у кого учатся», - говорят в народе. Наш земляк, академик с мировым именем Евней Арстанович Букетов был не только великим ученым, но и замечательным педагогом. С одним из его талантливых учеников, своими достижениями утвердившими за Евнеем Арстановичем высокое звание Учителя, - с Зейноллой Мулдахметовичем Мулдахметовым, мне довелось встречаться при разных обстоятельствах.

9 августа 2018 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 101 просмотр