Знаменитые земляки

RSS-лента

Если вы у Бухар совет спросите,     

Я дам совет, ребята, Вам,          

С Кожабергена пример берите,                                                                                                                          

Как защищать Отан (Родину).

                                     Бухар жырау

 

В последнее время, особенно в связи с десятилетием независимос­ти республики, многое делается для изучения биографии, познания жиз­ни и деятельности известного ба­тыра и государственного деятеля, нашего знаменитого земляка Кожа­бергена жырау. Свидетельством это­го являются проведенная в конце декабря 2000 года в г.Петропавловске выездная сессия Национальной академии наук Республики Казахс­тан и республиканская научно- теоретическая конференция на те­му: «Место и роль Кожабергена жы­рау в истории страны».

5 октября 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 30 просмотров

Ақын туралы білгендерін айтып һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы, Шыңғысұлы Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын.

 


 

Мағжан.

 

3 сентября 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 54 просмотра

1977 жыл. Қаңтар айының алғашқы аптасы. Жұмыс бөлмеме (Қазақстан Жазушылар одағы Әдеби қорының директоры кезім) бір келіншек қолтығынан демеген бәйбіше келді. Реңді кісі. Жоғары шығарып, диванға жайғастырдым. Жөн сұрастық. Мағжан аға Жұмабаевтың зайыбы Зылиха апай екен. Маған шаршаңқы кейіппен қарап:

 

- Мені "халық жауының қатыны" деп бұл литфондыға жолатпай қойған, жолаттырмай қойған, Мағжан ағаңның әлгібір "достары", - деп мырс етті де: - Қалқам, Мағжанды білесің бе?-деді.

- Білем, апай, білмегенде ше?! Менде бес-алты өлеңінің, "Батыр Баян" дастанының көшірмелері бар, - дедім. "Қыз-келіншек кезіңізде тым сұлу болғанға ұқсайсыз, Маған "Бәрінен де сен сұлу" өлеңін сізге арнаған- ау -деп ойлап та үлгердім.

 

27 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 66 просмотров

   Заманында Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындагы Телевизия және радиохабарларын тарату жөніндегі комитеттің басшысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған, журналист, жазушы Қанапия Мұстафиннің өмір жолы бүгінгі жастарға да үлгі болғандай.

   Ол 1906 жылы Петропавл уезінің Төңкеріс болысындағы №4 ауылында - қазіргі Тимирязев ауданындағы ЬІнтымақ ауылында туған. Әкесі Мұстафа Шорағұлұлы қазақ, орыс тілдерін жақсы білген, көзі ашық әрі еті тірі адам болыпты. Ол баласы Қанапияны жастайынан оқуға берген. Алайда, кедейліктің салдарынан Қанапия 14 жасынан байдың малын бағып, жалшы болады. Кейін әкесімен бірге ұжымшарға кіреді. Комсомол қатарында белсенділік көрсеткен жасты аудандық ком­сомол ұйымы Қызылжар қаласына тракторшылар даярлайтын курсқа оқуға жібереді. Курсты жақсы бітірген Қанапия сол кездегі Бейнетқор (қазіргі Аққайың) ауданындағы "Шағалалы" кеңшарында тракторшы болып істейді.

25 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 58 просмотров

 Жаманшұбар - академик-жазушы, қазақ әдебиетінің классигі атанған Сәбит Мұқановтың кіндік қаны тамған киелі жер. Жерлесіміз, ақын Владимир Шестериковтың Сәбит Мұқановқа арнаған өлеңі де осылай аталған. Жазушының кедей отбасында дүниеге келіп, алты жасынан жетім қалғаны белгілі. Балдырған "жалаң аяқ", "жыртық шалбар" жетімдіктің ащы дәмін молынан тартады. Қаламгердің сол кездегі қиын-қыстау өмірін ақын қысқа ғана жырласа да, оның балалық шағын шынайы суреттейді:

Жаманшұбар.

Жусанды мұң.

Ащы дақпен ағарған мына аспан,

Киіз үйде жайылса да мол дастарқан

Сұрамайды ол байдан бір үзім нан.

Таңғаларлығы, ақын Валерий Любушин де Сәбитке арнап жазған өлеңінде осы ащы жусанды еске алады:

Кеңістіктің шеті жоқ, ол бір шексіз

Дәмі де ащы бұл жусанның

Қанға бөкті-ау, күншығыс...

25 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 40 просмотров

          Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын санамызға сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздарымызбен, мектебімізбен қош айтысып, арман жетегінде алыстағы Алматыға жол тарттық. Әуелі Алланың, одан кейін мектепте алған білімнің арқасында студент атандық.

Қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түскен елу студенттің біреуі ғана Солтүстік Қазақстан облысынан болды. Ол - мен. Бұрын аты-жөндері оқулық авторлары ретінде таныс ғалымдардың алдында отырып, дәрістерін тыңдаймыз. Біз оқыған алпысыншы жылдары университеттің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, көрнекті ғалым, про­фессор Мәулен Балақаев адами кішіпейілділігімен ағалық қамқор көңілімен, жұмсақ мінезімен баурап, өзіне тартып тұратын. Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Бейсембай Кенжебаев әдебиетіміздің тарихын зерттеумен түбегейлі айналысып, ғылыми еңбектер жазып, Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғали сияқты талантты шәкірттерін қа­зақ әдебиетінің ерте дәуірден бергі тарихын зерттеуге тартты.

25 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 50 просмотров

         Абайдан кейін қазақ поэзиясына тың жол салып, әлем әдебиетінің алтын қорына өз үлесін қосқан ақын Мағжан Жұмабаев өткен ғасырдың 20-30-ыншы жылдары ұлттық педагогика әлемінде де айрықша із қалдырды. Оның ақындығы туа біткен табиғи дарындылығы болса, өмірдегі негізгі кәсібі-ұстаздық.

ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен "Алаш" партиясы аясына топтасқан зиялылар бостандық алудың бір вана жолы халықты қараңғылық буәауынан босату деп білді. Сол себепті де am төбелендей аз ғана топ саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнады. Бабаларымыздың бірі ақын, бірі әдебиетші, ендігілері инже­нер, зерттеуші, саясаткер бола тура, ағарту ісіне берілді. Бәрі бірігіп халықты оқу-білімге шақырды. Әрі олар осы мақсатта барлық мүмкіншіліктерді пайдалана білді. Соның арқасында "Қазақ", "Айқап", "Жаңа мектеп", т. б. баспасөз беттерінде оқу-ағарту ісі туралы көптеген мақалалар жарияланып, түрлі пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар жарық көрді.

24 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 57 просмотров

     Ақан серілік құрып жүргенінде Тінәлі қажының қызы Ұрқияға ғашық болады. Ұрқияның атастырылып қойғанына қарамастан алып қашады. "Мұның арты кейін үлкен дауға айналып, сол кездің Тулақ дейтін батыры Ақанды атып өлтірмекші болған екен", - деген әңгімелер де бар. Алайда, ел жақсылары ара түсіп тоқтатып, "Серінің аты сері ғой. Осымен дау бітсін", - деп, ақыры Ұрқияны Ақанға қосып, қалың малын Қорамса төлейді.

Осылайша, дау басылып, өмір енді өз арнасына түсе бастағанда, үш айдан соң Ұрқия шешек шығып, қайтыс болады. Ұрқия өлгеннен кейін біраз жүрген Ақан Ақтоқтымен қайта табысқысы келеді. Бұған қатысты бірнеше дерек бар. Ақан сері қайта оралғанда Ақтоқтының көңілі суып қалған екен "Бұрын мені тастап, Ұрқияға кетіп қалған едің", - деп, көңіл түкпіріндегі өкпесін айтып, көнбейді. Ақыры "Ақтоқты ұзатылайын деп жатыр" дегенді естіген Ақан бір сапардан келе жатқан Ақтоқтыны алып қашады. Ол туралы да әртүрлі деректер бар. Бір деректе "Қуғыншылар қуып жетіп қалғаннан кейін Ақтоқты: "Сен елдің серісісің ғой, қашып құтыл. Мыналар ұстап алса, өлтіреді. Ма­ған не қылар дейсің", - деп қалып қояды. Ақан қашып құтылып, қуғыншылар жете алмай қалды" делінеді. Бірақ маған бұл деректер сенімсіз көрінеді. Ақтоқтының көңілі қалғаны соншалық, Ақанға илікпей қояды. Мен осы кейінгі деректі жөн көремін. Сөйтіп, Ақан сері Ақтоқтыдан айырылады. Ол Жолмұқанға қосылып, тәуір өмір сүрген екен деседі. Ақтоқты 1932 жылы ашаршылық кезінде қайтыс болды деген дерек бар.

23 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 42 просмотра

 ... "Айжанның азабы", "Мәжен", "Той тарқар", "Бәсекелестер жиыны", "Жол айырығы", "Мырзалар", "Жүрек жұмбағы", "Болсаң, Болаттай бол" сияқты әңгімелер, "Алма өз түбінен аулаққа түспейді", "Көн құрысса, қалпына барады" атты повестер жазған қазақ баспасөзінің елең-алаңында ондаған мақалаларың көсемсөздерін оқырман жүрегіне ұялатқан елеулі жазушы Әбдірахман Айсаринның есімі әдебиет тарихында ескерусіз қалып келді.

Небары қырық жыл ғұмыр кешіп (1898-1938), озбыр заманның отына күйіп кеткен оның өмірі қамшының сабындай қысқа болғанына қазіргі оқырман ой жіберер деп дәмеленемін

22 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 55 просмотров

 Қазақтың өршіл рухты ақыны Мағжан Жұмабаев - туған халқының нағыз жанашыры. Ол өз елінің мәдениеті мешеу, тарихы бұлыңғыр, "бұратана" ел атануына намыстана қарады. Әсіресе, қазан төңкерісі алдындағы қазақтарды "жабайы халық" деп есептеген шовинистік пиғылдағы пікірлер намысына тиді. Ол мұндай пікірлер халқымыздың тарихын білмегендіктен өрбитінін аңғарды.

20 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 47 просмотров

    Кешегіміз түгенделмей, бүгінгіміз бүтінделмейді. Бұл — өмір ақиқаты. Кешегімізді түгендеу дегеніміз — барыңды бағалай білу, ата-бабаларымыздан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұраны сақтай білу. Асыл мұра деп отырғанымыз — қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, яғни, дүниедегі барлық өмірлік, моральдық құндылықтар.

    Біздің өңірімізден ержүрек батырлар, кемеңгер шешендер, даңқы жер жарған даналар, кемел жанды ақындар көп шыққан. Осы қасиетті қазақ топырағында туып-өскен ұлылардың ұлысы, дара тұлға, классик ақын, қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың жарық жұлдыздарының бірі - МағжанЖұмабаев.

18 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 35 просмотров

Мағжан ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету мақсатымен мал жинап Көкшетауда жүргенде "Мир труда" газетінің 1922 жылы 8 тамыздағы санында губерниялық атқару комитетінің төрағасы Сабыр Шәріповтің "Қазақ болыстарындағы кеңестер сайлауы" деген мақаласы басылды. "Рибас" деп жасырын aт қойған автор "жергілікті билік орындарына бұрынғы алашордашылар сайланып кетпесін" деп жар салды. 9 тамыздағы газетке "Алашордашыларға - кеңес ұйымдарында орын жоқ!" деген мақаласын тағы бастырды.

 

17 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 57 просмотров

 Жуырда Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдың мұражай кешенінің ұйымдастыруымен "Мұқановтың хатханасы - Письмотека Муканова" атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Сәбеңнің 1924-1973 жылдар аралығында өзі жазған және басқа адамдардан алған 300-ден астам хаттарын құрастырып, құнды шығарма ретінде оқырман қауымға ұсынып отырған, алғы сөзін жазған әрі жауапты редакторы - ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков. Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбеңнің хаттарынан жинақталған бұл кітаптан еткен уақыттың тынысы сезіледі, сан-қилы тағдырлар, қоғамның сол алмағайып замандағы шындығы жайлы боямасыз баяндалады. Сәбең А.Толстой, И.Сталин, М.Жұмабаев, Ш.Қудайбердіұлы, Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, I.Омаров, А.Фадеев, К.Симонов, Т.Нұртазин, Ж.Бектуров, И.Шухов, Ғ.Малдыбаев, Т.Кәкішев, Ә.Нурпейісов және тағы басқалармен хат арқылы пікірлескен. Сыр тұнған, астарынан ақиқат ақтарылған хаттар оқыған сәтте өзіңді ой тереңіне тартып, әрі қарай жетелей түседі. Газетіміздің бүгінгі санында оқырмандар назарына "Мұкановтың хатханасынан" бірнеше хатты ұсынып отырмыз.

17 августа 2018 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 31 просмотр

Ұлты үшін теперіш көріп, тарихтан уақытша аты жойылса да, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған ақынның табанының ізі қалған қасиетті жерді басып, жыр пайғамбарының туған ауылы - Сарытомар ауылының жай-күйімен танысып, ақын тағдыры жайлы талай сырға қаның болудың өзі зор бақыт.

17 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 40 просмотров

 Өмір сүріп жатқан кезеңнің рухы суреткердің шығармашылық ізденісімен үндескен сәтте жергілікті жердің үні қалыптасып, өлең, әңгіме, роман, драма секілді әдеби жанрлар арқылы болашаққа қадам басады. Бұл үнді, яғни халық пен жердің тағдырын тіл арқылы жеткізуде ақын-жазушылардың рөлі маңызды.

 

16 августа 2018 - Кабиева Р. | Подробнее | 0 комментариев | 50 просмотров