Знаменитые земляки

RSS-лента

Қызылжар өңірінің перзенті, ерке  Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген  Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін самғаған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді.

"Қарашығым!

 Ән тербеп өскен елдің баласымын,

Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,

 Сырларымның саф таза, саф асылын.

Сағым далам

Сұлулықты жырлаудан жаңылмағам.

 Махаббатты анамдай әлдилеген,

Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам", — деп жырлаған ақын.

 

Ақын да — өз дәуірінің, өз заманының, өз уақытының перзенті. Өзегін жарып шыққан өлеңдерінде ақыноқырманымен сырласады, мұңдасады, үндеседі. Осытұрғыдан келгендеақынЕсләмЗікібаевты бұрын жақын араласып, біргеқатар жүрмеген адамныңда танып-білуіөміршеңөлеңдері арқылы мүмкінболмақ. Солтүстік өңірінде сонауҚожаберген жырау, Сегізсері, Біржансал, Шалақындардан тамыр тартқан, кешегіМағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Ермек Қонарбаев, т.б. жалғастырған ақындық, жазушылық өнердің көш-керуенінде алашқа аты белгілі ақын, аудармашы Есләм Зікібаевтың да қалдырған ізі сайрап жатыр.

Бір-бірімізді ежелден дос санап, сол шынайы адами қасиетті күні бүгінгі дейім қадірлеп-қастерлеп келе жатқан бұл адам жайлы жазу мен үшін бір жағынан жеңіл болса, бір жағынан өзіндік салмақ салатындай ауыр саналады. Жеңіл дейтінім, — онымен балалық шағымыз бірге өткендіктен ол жайлы көрген-білгенімді ой орамынан өткізсем жеткілікті ғой деп өзіме сенім артамын. Бірақ, солай ойлай тұра күдіктенемін. Себебі, ол осал адам емес-қой! Мұндай тағдыры сан қилы, көрген бейнеті кез-келгенді мұңайтатын, соған қарамастан тамаша тұстары қабаттасып, таңқалдыратын адам жайлы толық пайымдап, жеріне жеткізе жаза алар ма екенмін деп жүрексінесің.

 Лебіздер
Әбділда Тәжібаев:

"Есләм менің ойымда жүрген дәмелі, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан, оның "Ақ қайнар" деген атпен топталған өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмша жырланып, жаңғырып отырады. Өйткені, талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол".

Евней Букетов:

"Ақ қайнарыңды" алғалы недәуір болды, кітаптың ықшамдылығы қандай жақсы — бірді-екілі қалтама салып жиналыстарға да бардым — сөйлеушілердің сөзі жалпылама болса, "Ақ қайнарға" үңіліп отырдым. Үлкен рахмет! Жазғандарыңды жүрекпен, тебіреніспен жазады екенсің, бұл ақындықтың шын белгісі ғой. Талабың өсіп, шабытың ұлғая берсін! Ақын інім табылғанына қуанып та жүрмін".

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қаламы қарымды журналист, ұлтжандылығымен "ұлтшыл" атанған абзал азамат  Өмір Есқалимен ең алғаш 1990 жылы сырттай танысқан едім.

 Өзге ұлттар басым тұратын теріскейде Супрунюк, Ачкасов  cияқты айтаққа ерген мүшелері бар шовинистік, экстремистік топтар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына өршелене қарсы шығып, арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысып баққан.

 Есть что-то неповторимое и таинственное в живописной красоте зеленых холмов, тенистых и дышащих освежающей прохладой в летний зной березовых лесов, окружающих аул Актас. Кажется, и люди здесь по-особому открытые, приветливые.

20 июня 2016 - Садыкова А. | Подробнее | 0 комментариев | 505 просмотров

Облыс орталығындағы зәулім ғимараттардың бірі — "Қызылжар" қонақ-үйінің Кеңес одағы дәуірлеп тұрған кезде қазақша атауды қалай иеленгенін көпшілік біле бермейді. Сол тұста ономастикалық комиссияның жетекшісі болған Жақсылық Ысқақовқа К.Ушинский атындағы педагогикалық институттың ректоры Қанаш Шәкенов бой көтеріп жатқан жаңа нысанға "Қызылжар" атауын беруді ұсынады. Әрине, комиссияның бұл шешімін құптай қоймағандар да болды. Дегенмен, "Золотой колос" деп атауды жөн көргендердің ұсыныстары қабылданбай, қонақүй осы көркем әрі келісті атауды иеленген екен. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы және Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы қарсаңында біз қажырлы еңбегімен ел құрметіне бөленген Жақсылық Ысқақовпен кездескен едік. Ағамыз сағынышқа айналған сол күндер жайлы әңгімесін әріден бастады.

 

"Бірде Н. Погодин театрының  жанынан өтіп бара жатып, Пушкин мен К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы екіқабатты көк ғимаратқа көзім түсті. Қазақтың талай атпалдай азаматтары осы мекеменің ішінде жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесіліп кетіп жатты. Алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттерді өңі түгіл түсінде көрмеген Жапония елінің жансызы деп айыптағанын қайтерсіз?

Қан сасыған сол ғимаратқа кейінгі жылдардың өзінде көбіміз кірмек түгіл  маңына жолауға жүрегіміз дауалай бермейтін. Енді, міне, шынжырлы трактор сенің де төрт қабырғаңды төрт жаққа айырып, күл-паршаңды шығаруда.

Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ екені ақиқат", — деп бастады әңгімесін Болат Мағазұлы.

 

Кәкімбек Салықов 1932 жылдың 22 қаңтарында Айыртау ауданы Сырымбет ауылында туған.

Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын тамамдағаннан кейін ол ұзақ жылдар шахтада еңбек еткен, содан кейін партиялық жұмысқа ауысқан.

 

2010 жылдың 26 мамырында петропавлдық ақын, көсемсөзші, Қазақстанның құрметті журналисі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығыныңиегері Владимир Георгиевич Шестериков қайтыс болған еді.

Ол облыстық "Северный Қазахстан" газетінде қызмет істеді, өңірлік әдеби-көркем журнал "Провинцияның" бас редакторы және Астанада шығарылатын "Нива" журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Владимир Георгиевич — 9 жыр жинағының авторы.

2014 жылы, ақынның туғанына 75 жыл толуына арнап "Северный Казахстан" баспасы оның "Чтоб светилась душа" атты өлеңдер жинағын шығарды. Жинаққа ақынның әр жылдары жазылған таңдамалы өлеңдері енгізілді.

В.Шестериков — ақын ғана емес, сан қырлы дарын иесі. Ол зерделі өлкетанушы да еді. Оның өңіріміздің тұғыры биік тұлғаларына арналған зерттеулері, мақалалары көпшілікке жақсы таныс. Зерттеуші өлкетануда әдеби шығармашылықтың тарихын тереңжәнежан-жақты зерделеді.

 

 

Ақын да — өз дәуірінің, өз заманының, өз уақытының перзенті. Өзегін жарып шыққан өлеңдерінде ақын оқырманымен сырласады, мұңдасады, үндеседі. Осы тұрғыдан келгенде ақын Есләм Зікібаевты бұрын жақын араласып, бірге қатар жүрмеген адамның да танып-білуі өміршең өлеңдері арқылы мүмкін болмақ. Солтүстік өңірінде сонау Қожаберген жырау, Сегіз сері, Біржан сал, Шал ақындардан тамыр тартқан, кешегі Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Ермек Қонарбаев, т.б. жалғастырған ақындық, жазушылық өнердің көш-керуенінде алашқа аты белгілі ақын, аудармашы Есләм Зікібаевтың да қалдырған ізі сайрап жатыр.

 

Уақытта тоқтау жоқ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер белгілі қайраткер, арлы азамат, танымал тұлға, жерлесіміз Герольд Бельгердің өмірден озғанына да бір жылдың жүзі болып қалды. Бұл, әсіресе, қазақ үшін ауыр қайғы болды. Өйткені, орыс жерінде дүние есігін ашқан ұлты неміс жеті жасар Г. Бельер Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылы отбасымен бірге Қазақстанға жер аударылып, шалғайдағы шағын қазақ ауылынан пана тапқан, ұлтымыздың бел баласына айналып кеткен азамат еді. Ол осында  қазақ мектебінің табалдырығынан аттады, алғаш рет әліппені қолына алды. Қазақтың тілі мен діліне ден қойды, ыстық мекенге деген махаббатын ешқандай сөндірген жоқ аялап өтті.Соңғы рет кездесіп әңгімелескенімізде: "Дәрігерлер менің жүрегімнің жиырма пайызы ғана істеп тұр, — дейді. — Бірнеше рет өліп-тірілдім. Балалық, жастық шағым өткен ауыл жаққа барып-ақ қайтқым келеді. Бірақ денсаулықжібермей  тұр", — деп еді.

Ол тағдырға лағынет айтып, босқа жыланбай, көргенді әке-шешесінің қазақтар алдындағы абырой-беделі арқасында бұла өсті. Мектепте окуға деген кұштарлық танытып, сыныптастарын талайын қазақ тілінен жер қаптырып жүрген оны ауыл адамдары еркелетіп сол кезде-ақ «оқымысты», «білгір бала», кейде қысқартып <<Білгір>> атандырып жіберді. Ал, Бельгер кезде-ақ ақтауға тырысыпты, мектепті алтын медальмен аяқтап шықты.