Есмағи С. Тұлға есімі – университет тарихында: [Шаймұрат Смағұлов] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 20 қыркүйек. – 2 б.

7 октября 2014 - Садыкова А.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы тағы бір тұлғаның есімін білім ордасы тарихында қалдыруға мұрындық болды. Бұл жолы олар қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шаймұрат Смағұловқа арналған мемориалдық тақта ашты. Салтанатты шараға университет ұжымы, студенттер, ғалымның туған-туыстары мен әріптестері қатысты.

Еңбек жолын 1959 жылы сол кездегі "Полудин" кеңшарында аға инженерліктен бастаған Шаймұрат Смағұлұлы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшар директоры болып жұмыс істейді. Артынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл аудандық әкімшілігі басшысы қызметтерін атқарған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. 1998 жылдан бастап өмірінің соңына дейін — Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

— Осындай тұлғаның біздің университетімізде еңбек еткенін мақтан тұтуымыз керек. Оның алдынан дәріс алған жастар бүгінде еліміздің өркендеуі жолында табысты еңбек етуде, — деп атап көрсетті ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуына жиналғандар алдында сөз алған университет ректоры Оңдасын Әшімов.

Шара барысында сөз алған аға буын өкілдері Шаймұрат Смағұлұлының адамгершілік қасиеттері жайындағы өз ойларын ортаға салды.
Салтанатты шараға қатысқан оның ұлы Мұхтар Смағұлов ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Артынша Оңдасын Әшімов пен Шәкеңнің зайыбы Римма Ерманқызы ескерткіш тақтаны ашып, гүл шоқтарын қойды.

Самат ЕСМАҒИ

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.


Есмағи С. Тұлға есімі – университет тарихында: [Шаймұрат Смағұлов] // Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 20 қыркүйек. – 2 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий