Знаменитые земляки

RSS-лента

 1958 жылы Қазақ телевизиясы жарықка шықты. Теледидардан күнде 20 минутгық бір-ақ концерт көрсететін. Күнде тыңдаған соң, әрине, сол концертті толайым жатқа білетінбіз. Сол бейнематериалдағы ән-би ансамблінің ерлер тобы тізерлеп отырып "Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін" деп ән салғаны әлі көз алдымда. Кейін музыка мектебінің бастауыш сыныбында оқып жүргенде әкем Латиф Хамиди нотаға түсірген "Илигай" мен "Ақбақайды" сыйлады. Үйге келген қонақтар "Ғайни", "Қарғаш", "Алқоңыр" әндерін қосылып айтатын. Тек қана "Гауһартасты" Бибігүл апайдан басқаның айтқанын жаратпайтынмын. Барлық қазақ білетін бұл әндердің авторы бір жарым ғасыр бойы жалпы жұртшылыққа беймәлім еді, ал нақтылы білетіндер үндемеді. Неге екенін уақыт өте түсіндік.

17 апреля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 40 просмотров

 Қазақ халқының беткеұстар мақтанышы бола білген ұлдарының бірі әрі бірегейі - ұлы Мағжан ақын. Ол ұлт қайғысын жырға қосқан ақындардың ең күштісі. Ақын өмірге қазақтың қалың бұлттай мол қайғы-қасіретін бейқамдығын, ашықауыздығын жырлай келді.

26 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 67 просмотров

 Байтақ қазақ даласы дара дарындарға әуел бастан кенде болмаған.Жаугершілік замандардағы алдаспан жыраулардың жалынды жырлары баһадүрлердің жүректерінде сексеуілдің шоғындай қоздады. Қазақ даласын жоңғардың қарасынан тазалап, біруақ сайын дала төсінде мамыражай шақ орнаған сәтте баяғы жауынгер жы- раулардың орнына сал-серілердің салтанаты сән кетерді. Айдынды көлдің жағасы, қайыңды орманның құшағы ақ боз уйлі қазақтың той-думан шақырмай қоймайтын сахара сахнасына айнапды. Иә, сол заманнан аты естігенді елең еткізген сұлудың сырғасынан сыр аулаған Сегіз серінің жұлдызы жарқыраған шағы еді ғой. Қазақ даласы әлі патшапық Ресейдің тар шеңгеліне құрсаулана қоймаған кермесінде жал-құйрығы сүзулі тұлпары, тұғырында томағалы сұңқары, биебауының айналасы күнде шалқар ән дария күйге бөленіп жататын Есілдің жағасы - қызырлы Қызылжардан асқақ ән таратушы серілердің серісі Сегіз болатын.

19 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 48 просмотров

 Международная Тюркская академия объявила 2018 год Годом Магжана, передает Казинформ.

6 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 46 просмотров
6 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 71 просмотр

 XIX ғасырдағы әйгілі сері, әнші, ақын, композитор Сегіз сері (шын есімі Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов) туралы аз айтылып жүрген жоқ. Ән мұрасы, шығармашылық ғұмырбаяны халқымыздың өнерпаздық тарихынан ұзақ жылдар бойы түрлі себептермен қағаберіс қалып келген. Сегіз сері жайлы ғалым Төлеш Сүлейменов, жазушы Нәбиден Әбуталиев жеке жинақтар шығарды. Белгілі өнер зерттеушілері, әдебиет мамандары, тарихшы, ақын- жазушылар Сегіз сері өміріне байланысты түрлі байламдар айтты. Өңіріміздің Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка кеңшарының жеріндегі Гүлтөбе - Маманайда Баһрам батырдың отбасында дүниеге келген бабамыздың туғанына биыл 200 жыл толады. Атақты Біржан сал Қожағұлұлы ұстаз тұтқан бабамыздың өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы ғалым Серік Негимовтің зерттеу мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

5 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 68 просмотров
3 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 50 просмотров
3 марта 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 133 просмотра

 Биыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиға - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтілмек. Бұл жыл барша түркі әлемі бойынша "Мағжан Жұмабаев жылы" болып жарияланды. Ал оның ашылу салтанаты Түркияның Кастамону, Анкара қалаларында ақпанның 16-20 күндері өтпекші.

28 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 51 просмотр

  Жерлес жазушы Ғабит Мүсірепов: "Сексен ақын бізге көптік етпейді, сегіз ақын бізге аздық етпейді", - деп ақын қоғамның шамшырағы, ұлттың рухы екенін меңзесе керек. Қаламгер жырсүйер қауымды жаңа өлеңдерімен қуантып жатса, оқырмандар үшін бұдан үлкен олжа бар ма? Әдебиет әлемі жерлес ақын Тоқтар Зікіриннің жаңа жыр жинағымен толықты. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада поэзия мерекесі өтті. Бул кешке ақынның шашбауын көтеріп өзі ұзақ жылдар еңбек еткен "Солтүстік Қазақстан" облыстық газетінің ұжымы, ауылдас- тары, мектеп оқушылары, алдыңғы толқын - аға буын өкілдері қатысты. 

27 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 48 просмотров
27 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 59 просмотров

  Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, бақыты мен теңдігі үшін күрескен Мағжан Жұмабаев - әдебиеттің жарық жұлдызы. Биыл туғанына 125 жыл толғалы отырған ұлт перзентін халық ақиық ақын ретінде құрмет тұтады. Бірақ оның XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ педагогикасының іргетасын қалаушылардың бірі болғаны жайында көп айтыла бермейді.

 

27 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 48 просмотров

 Знаменательную дату - 125 лет со дня рождения великого казахского поэта, публициста, педагога, деятеля движения «Алаш» Магжана Жумабаева отмечают во всех тюркоязычиых странах. В Турции дан старт Году Магжана Жумабаева.

26 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 92 просмотра

 Североказахстанцы примут участие в мероприятиях, посвященных 125-летию Магжана Жумабаева, которые пройдут в Турции.

23 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 65 просмотров

  1998 жылдың қаңтар айы менің жадымда жақсы сақталып қалыпты. Екінші курстың алғашқы семестрін аяқтап, туған шаңыраққа демалысқа оралған едім. Ауыл ішінде әңгіме тез тарайды ғой. "Қызылжар қаласынан "Күдер" ансамблі келе жатыр екен, біздің ауылға концерт бермекші!" деген сүйінші хабар лезде жетті. Көптен бері суық қабақ танытып тұрған қаңтар айының қытымыр күндерінен шаршаған ауылдастарым үшін бұл үлкен қуаныш еді.

13 февраля 2018 - Нугуманов Арсен | Подробнее | 0 комментариев | 54 просмотра