ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

   Электрондық кітапхана 2003 жылдың ақпанында «Шекаралардағы кездесулер» Ресей-Қазақстандық жоба аясында құрылды, оның негізгі мақсаты электрондық ақпараттық ресурстарды жинақтау, сақтау және тиімді қолдану, қазақстандық және ресейлік қорлардың байлықтарын ашу болып табылады.
С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның «Шекаралардағы кездесулер» Ресей-Қазақстандық жобаға қатысуы Ресей мен Қазақстанның кітаптар мен жазба мұрасының электрондық топтамасын жасауға және оны Интернетке орналастыруға мүмкіндік берді.
   Бүгін Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өзінің электрондық ресурстарын жетілдіруде. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында біз «Солтүстік Қазақстан облысы кітап ескерткіштері» атты бағдарлама дайындап, оның аясында әлемдік, ұлттық деңгейде, өңір деңгейінде ғылыми, тарихи және мәдени құндылығы мол кітаптарды цифрлаудамыз.
 Біздің жоспарларымызда электрондық қорларды біздің облыстың ғана емес, сонымен қатар облыс шегінен тысқары жатқан мұражайлар мен мұрағаттарда сақталған бірегей өлкетану топтамалар арқасында кеңейту.
   Электрондық Кітапхана Қазақстанның, жақын және алыс шетел кітапханаларының барлығымен ынтымақтастық орнатуға кең мүмкіндіктер ашады.
Әріптестерді ынтымақтастыққа шақырамыз және өздеріңіздің ұсыныстарыңызды www.nklibrary.kz мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз.