Қазақ көркемсөзінің кәусар бұлағы

17 ноября 2017 - Нугуманов Арсен

Адам кіндік қаны тамған жердің табиғатына тартып туады деген сөз бекерге айтылмаса керек. Қазақ әдебиетінің асқар биігіне көтерілген көркемсөздің зергері Ғабит Мүсіреповтің шығармаларына сұлулықты, тазалықты өзек етуі де туған жеріне, таңғажайып табиғатына тартқандығынан болар. Бұл орайда қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртазаның Ғабеңнің ғасырлық мерейтойына келіп, ұлы жазушының туған жерін алғаш көргендегі таңғалысын: "Алла тағала о баста осы жерге меруерттен алқа таққан екен. Мен Қазақстанды көп аралаған адаммын. Көп жер тозып кеткен, суы уланған, жері қураған. Ал Қызылжар өңірі аса шұрайлы екен. Қожаберген, Сегіз сері, Мағжан, Сәбит, Ғабит сияқты ұлылар туса туатын өлке. Олар, тегі, осы өңірдің қасиетінен илһам шабыт алған шығар", - деп аса сүйіспеншілікпен жеткізген еді. 

Тәуелсіздік тағдырының бар жауапкершілігін ез мойнына алып отырған бүгінгі ұрпаққа туғанына, биыл 115 жыл болып отырған Ғабит Мүсіреповтей ұлы суреткердің көзін көрген,сөзін тыңдаған бүгінгі аға ұрпақ өкілі біздерге жазушы жайында естелік әңгіме айтудың артықтығы болмас деймін.
Есімі көзі тірісінде аңызға айналған Ғабит Мүсіреповтей ұлы тұлғамен кездесу, оның өнері жайлы, туған әдебиеті, тілі туралы ғажайып ойларын тыңдаудың өзі бір ғанибет қой.

1974 жылдың маусым айы. Жаңадан құрылған совхоз орталығы Ғабеңнің туған ауылы - Жаңажол жазушының 70 жасқа тол мерейтойына қызу әзірлік үстінде. Туған ауылына көптен бері ат ізін салмаған Ғабеңді де жерлестері тағатсыздана күтуде.

Той қарсаңында бізді сол кездегі Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мінайдар Жақыпов өз кабинетінде қабылдап: "Бәрімізге өнері қандай қадірлі болса, өнегесі де сондай ғажап, ұлттық әдебиетіміздің дара тұғаларының бірі, жерлесіміз - Ғабит Мусіреповті туған жерінде құрметпен қарсы алуға дайындалып жатырмыз. Сіз- дердің де сол мерейлі жиында ән айтып, Ғабең тойының шырайын келтіреді деген сенімдемін, бәріміз де даңқты жерлесіміздің қуанышына қызмет етейік", - деді. Шынында да, жауапкершілік алдымен ауданға түседі. Ғабеңді Айтуар ауылының табиғаты әсем, қайыңды қалың орманның көк майсалы кең алаңқайында қарсы алдық. Тұла бойы көркем жаратылған Ғабең мен туған жерінің сұлу табиғаты жарасым тапқандай. Алматыдағы ақын, жазушыларды облыстық партия комитетінің хатшысы Әнуарбек Шманов бастап келді. Ғабең мерейтойына туған жерін керсетуге ертіп келген өлең сөздің мергені Ғафу ақынды, жазушы С. Беляниновты таныстырды.

Ғабеңнің туған ауылы - Жаңажолға кештетіп жеттік. Жазушының інісі Әшімнің үйін айнала бірнеше киіз үйлер тігілген. Ауылдың кәрі-жасы, бала-шағасына дейін Ғабеңді зор құрметпен қарсы алды. Бұл - жазушының туған жерін көп жылдан соң көруі. Жазушының туған жерін Ғафу ақын: "О, жер болғанда қандай! Сәукелесі көкке шаншылған қара кек ормандар, арулардың айнасындай немесе ақ ботаның көзіндей мөлдіреп қараған көлдер, өзінің тәтті сөзіндей шырын дәмді бүлдірген мен жидектер, қыз ерніндей шиелер, жалғыз-аяқ бала шақтың жолдары, жасыл шепті жаңа ғана жапырған махаббаттың іздері - бәрі-бәрі сонда ғой", - деп суреттейді.

Тойдың келесі куні Ғабеңмен бірге туған жерін, балалық дәурені өткен өлкелерді көріп, жазушының естелік әңгімесін тыңдадық.

- Манағы өздерің көріп, суына шомылған Құдайқұл, Үлпілдек көлдері, әрине, біздің балалық кезімізден бері талай өзгерістерге түсті ғой. Ол кездегі көлдің көркі, орманның бүтіндігі, жердің түгі бұл көргендерімізден бірсыпыра басқарақ болатын.

Мен ел анасы атанған Ұлпан жайында роман жаздым. "Ұлпан" көркем шығарма ғана емес, тарихи туынды. Осы сапарымда сол романды орыс тіліне аударатын С. Белянинов деген жазушыны туған жерімді, Ұлпан өмір көшкен жерді көрсін деп әдейі ертіп келдім. Ал Ғафу - әр жолсапарымда өзіммен бірге болатын, ақындық талантын ерекше қадірлейтін інілерімнің бірі.

Ақын Ғафу Қайырбеков Ғабеңмен келген осы сапары жайында "Елтінжал" деген атпен сапар-толғауын жазды. Жал-жал орман үйірлерінің ортасындағы бір алаңда тұрмыз. Әжептәуір аумақты орай ор қазылған. Ордың арғы жағы жыбырлаған ескі төмпешіктер. Бәрінің үстіне шөп өсіп кеткен. Өте ертедегі қорым екені байқалады. Соңғы елу жылда бұл жерге ешкімнің қаралы жолы тіркелмеген секілді. Біз бір үлкен, аумақты төмпешіктің
қасына келдік. Шамасы, үш киіз үйдің орнындай ма екен?

- Осы, осы, - дейді қасымыздағы қариялардың бірі, анық білетіндігін айтып, - Есенейдің бейітінің орны осы. Бір кезде айналадағы ағаш бойынан асып көрінетін айшықты күмбезді болғанын естіген шығарсың, әлде бала кезінде көрдің бе? Осы сол ұмытпасам ағаштан қиылып жасалған еді-ау! Пай-пай, өрнегінің өзі керемет, аят-сөздерінің өзі әшекей секілді еді ғой.

- Мен ес білгенде ол онша болмайтын, азған кезі еді. Ағаш ұзаққа бармайды ғой, - деді Ғабең. - Менің бала кезімде анық көргенім - Ұлпанның бейіті ғой. Басында басқасынан гөрі ірірек жазылған "Ұлпан" деген жазуы бар құлпытас еді ол, - деп Ғабең тағы ойға кеткенін көріп тұрмын

- Е, жарықтық-ай! Ұлпан анамыз-ай! Дүниеде сондай да әйелдер болады екен ғой, қасиетіңнен айналайын!
Ғабең бала кезінен көкірегіне ұя салған Елтінжалы жайында тебірене сейлейді. Сол Елтінжалды көргендегі әсерін ақын Ғафу сапар-толғауында былайша суреттейді.

"Елтінжал - осынау өлкеде көк ала бұлттай шөгіп жатқан қалың орманнан далаға шыға қашып тоқтаған бір көк тұлпар секілді елестейді. Ол, бәлкім, "Жал" деген сөзбен байланысты еске келген әсер шығар. Шынында солай. Бұл өлкедегі орман арасында өскен қазақ ауылдары дәл осы судың саласындай болып, жан-жаққа сүйірлене шыққан орман балақтарын "жал" деп атайды екен. "Сала" емес, "өзек" емес, "тұмсық" емес, "шы- ғанақ" емес, "жал". Өте дәл! Орманның жалы!

Тік басып тұрғандардың көзге көрінсін, керінбесін - бәрінің жалы болады. Таудың да, арыстанның да, арғымақтың да, адамның да жалы болады. Әлгі менің "Елтінжалды" көк арғымақ дейтінім сол. Менің көзімше Елтінжалдың жалында ойнаған Ғабеңнің балалық шағы елестейді.

-Ғабе, ойын тойдың сәні ән ғой! Әнге кезек берейік. Мына жігіттердің әнін тыңдайық, - деді Ғафу ақын.

Ғабеңдей аса талғампаз адамның алдында ән салу біз үшін мәртебе ғой. Ән кезегін , өңірімізге белгілі өнерпаз Рақым бастады. Ол "Нақ-нақты" құбылта ойнақы, нақышты әдемі шырқады. Мен Сегіз серінің "Ақбақайын" (ол кезде бұл әннің Сегіз серінікі екенін білмейтінбіз) айттым. Қазақбай Сегіз серінің "Ғайни әнін әуелетті. Ән дүлдүлдері - Манарбек Жүсіпбек, Ғарифолла, Күләштердің әндеріне тәнті болған Ғабеңді біздің айтқан әндеріміз селт еткізе қоймағанын түсінеміз, әрине.

- Әй, Ғафу, Қасымның "Дариға, сол қызына" салшы, - деді Ғабең. Ғафу домбыраны бебеулете қағып-қағып жіберіп, "Дариға, сол қызды" шырқай жөнелді. Әнді ерекше толғаныспен, тебірене, журекпен айтады екен.

 Ән аяқталған соң, Ғабең аса бір ризашылықпен:
-Қасымның "Дариғасын" Ғафудай айтатын әншіні естігенім жоқ. Қасымдай отты ақынның терең тебіренісінен туған әнді ақын әнші Ғафу айтқанда сұрапыл соғыста қып-қызыл өрттің ортасында өмір мен өлім арпалысқан шайқастағы қайсар Қасым ақынның бейнесі көз алдыма келеді.

"Келмейді өлгім, келмейді өлгім,
Қайратым қайда, келші осындайда", -
Дедім де тұрдым,жугіре бердім,
Қолымда найза, шағылып айға".
Өлеңнің ішкі ұйқасы қандай! Қайран, Қасым! - деп толғанды Ғабең.
 

Ән өнері жайында ойларын айта келе:
- Бір кездері аттары қазақтың үш жүзіне мәшһур болған Дәстем сал, Жанкісі, Салғара, Біржан сал Шәрке сал сияқты әншілер шыққан біздің өңірде дәстүрлі әншілік өнердің кенжелеп қалу себебі не деген ойға қаламын. Оның бір себебі, өнердегі ұрпақтар сабақтастығының үзіліп қалуы ма деймін. Күні бүгінге дейін өңірімізден республикалық деңгейдегі әншілердің шықпауы соның салдары болар, - деген еді.

Жазушымен кездесуге жиналғандардың бірі:
"Ғабе, қазіргі қазақ көркем әдебиетінің жай-күйі, ана тілінің болашақ тағдыры туралы ойларыңызбен бөліссеңіз", - деген тілек өтінішін айтты.
"Мен әдебиетке келгенде қазақ әдебиетінің бастау қайнарларында Сәкен мен Бейімбет, Ілияс пен Мұхтар, Сәбит тұрған еді. Қанатымен қақпай, демей, желеп-жебей жүретін әркімнің бір пірі, пайғамбары бар. Жастайымнан құлаққа құйғаным - сөз, сөз болғанда да, ана сүтімен қанымызға сіңген ой інжу-маржаны-поэзия.

Жиырма бірінші ғасырға қарай алқына тартқан уақыт арғымағына үзеңгі салып тұрып, бүгінгіміздің мәртебесін көтеріп, ертеңіміздің еңсесін өсірер өмірге өшпейтін із тастайтын өткенімізге тебіреніп тұрып көз жіберуге тура келеді. Адамзаттың ұзақ ғұмырында дәл біздің дәуіріміздей күрделі кезең болған емес. Алақұйын заманалар заңғарына тартқан салқар көш ұлылықтың да, тағылықтың да, зорлық пен зомбылық, көрегендіктің де сан көріністеріне кез болып жүр.

Тегеурінді төңкерістің қуатты толқындары біздің ұрпақты дауылымен де, жауынымен де, өртімен де, сертімен де шыңдап өсірді. Мен сол дауылпаз дәуірдің түлеткен түлегі болғаныма қуанбасам, өкінбеймін. Ғаламат ғасырдың нық шегесі болған қаншама жайсаң жандар, асыл азаматтармен үзеңгілес болдық, болып келе жатырмыз…

Ұлттық әдебиетіміздің жас жасақтары жауыннан кейінгі жауқазындай өсіп, қаулап келе жатыр. Олар сөз қадір-қасиетін нәзік танып, кең толғайды. Өсер ұрпақты беттен қағып, қағажу көрсетіп отырған жоқ.

Бүгінгі жастардың бойынан өз жастығымды көргендей боламын. Оларға жастық жалыһ қызу қан тән. Таза табиғаттың еркебұландары.Әмсе дәстүршілдіктен жаңашылдық туады. Тосырқамай, торсаңдамай жас буынға жанашырлық ету міндет. Мен жастарға: "Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер! - дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады’’.- деп ойын түйіндеді Ғабең.

Көркемсөз шебері Ғабит Мусіреповті туған тілінің жай-күйі, болашақ тағдыры әр кез толғандыратын.

"Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған,жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, coл халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі", - деген еді суреткер Ғабең.

"Мәңгілік Ел" боламыз деп талпынып жатқан тәуелсіз қазақ елінің тілі де мәңгілік болу керектігін Ғабит Мүсірепов өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары айтып кеткен екен ғой.

Ғабеңмен Сәбит Мұқановтың 80 жылдық тойында екінші мәрте кездестім. Мерейтойға Алматыдан Ғабит Муеірепов бастаған бір топ ақын-жазушылар келді.
Ғабеңмен басқа қандай aқын-жaзyшылap келетіндігі жайлы құлағдар болғанбыз. Мен Сәбең тойына келген ақын-жазушылардан қолтаңба алып қалайын деп Ғабеңнің, жазушы Сафуан Шаймерденовтің, ақын Ғафу Қайырбековтің бір-бір кітаптарын ала барғанмын. Көп адамнан оңашарақ қайың ағашының көлеңкесінде ат жарысын тамашалап тұрған Ғабең мен Сафуан ағамды көзім шалып қалды.

Жазушы ағаларымның жандарына барып, сәлем беріп, әуелі Ғабеңе "Уақыт іздері” деген кітабын ұсындым.

Кітабын қолына алып: - Атың кім?-деді.

-Есімім-Қарақат, - дедім. Ғабең ежелгі сөйлеу дағдысымен: - Ыңай, мынау қыздың аты ғой?! - деді таңырқай.

Сөйтті де кітабына: "Қарақат ініме, Ғ Mүсірепов, 12.6.80" деп қолтаңбасын жазып берді. Сафуан ағамнан да кітабына қолтаңбасын жаздырып алып, Ғафу ақынды іздеймін. Ғафу ақынмен 1974 жылы Ғабеңнің туған ауылы Жаңажолда кездескенбіз. Сол жылы Ғабеңнің алдында ән салып, қызмет көрсеткен едік.

Ғафу әнімді ұнатып, екеуміз азын-аулақ әңгімелескеніміз бар. Тойға келген қайра құра халық көп. Ақынды іздеп жүріп көптен оңаша, көз жетер тұста, егіннің жиегінде көкмайсада жападан-жалғыз отырған бір адамды көрдім. Қасына барсам Ғафу ақын екен. Сәлем бердім. Бетіме барлай карап:

"Ә, сен ана жылы Ғабеңнің тойында ән салған жігіт емессің бе?"- деді.

Арада алты жыл өтсе де, ұмытпапты.

“Сәбең мен Ғабеңнің туған жерінің әдемілігіне көзім тояр емес. Мынадай сұлу табиғатта Сәбеңдей, Ғабеңдей көркемсөз шеберлері тумауы мүмкін емес-ау! Адам табиғатына тартып туады дегенге көзім жетіп отыр”.

Ақын Ғафу сүйсініп отыр, тебіреніп отыр, толғанып отыр. Ғафу Қайырбековтың “Ақ желкен" деген кітабын ала барғанмын. Ақынға кітабын ұсынып, қолтаңба жазып беруін өтіндім.

Ғафаң ерекше ықыласты көңілмен:

“Қарағым Қарақат, атақты аталарың – Сәбең мен Ғабеңнің ұлы тойларында кездесіп, керемет қызмет жасап, кісілік көрсеткен қадіріңе ылғи да ризалықпен ағаң Ғафу АВТОР ҚАЙЫРБЕКОВ. 1980. 13/ИЮНЬ. СӘБИТ АУЫЛЫ”, - ДЕП ӘДЕМІ ЖАЗУЫМЕН АҒАНЫҢ ІНІГЕ ДЕГЕН ІЛТИПАТЫН ЖАСАДЫ.

Ғабит Мүсірепов - сұлу талант иесі. Қазақ сөз өнерінде Ғабит мектебі бар. Қазақ көркемсөзінің кәусар бұлағындай Ғабит Мүсіреповтен қалған асыл мұрасымен бүгінгі ұрпақ сусындай берсін.
Қарақат ШАЛАБАЕВ
Ардагер ұстаз.


ШАЛАБАЕВ Қ. Қазақ көркемсөзінің кәусар бұлағы // Қызылжар нұры. - 2017. - 17 наурыз. - 2 Б. 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий