Ғабең тағылымы: [Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл]

11 сентября 2017 - Садыкова А.

Қазақтың көрнекті қаламгері Faбит Мүсірепов туған тіліміздің нағыз жанашыры болған. Ол өз заманында тіл туралы көптеген мақалалар жазып, баяндамалар жасап, сөз сөйледі. Ғабең сонау 1962 жылдың қыркүйегінде "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған "Әдебиет тілі жайында" атты мақаласында: "Сол сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне-бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деген ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бүл арада ерекше ескертетін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең үлкен арман осында. Біріне-бірі көлеңкесін түсіріп тұратын сөздер өз мағынасын дәл баспай, екі оқты болып, ауытқып шығады. Жақсы сөз - өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса, солай пайдалану - болашақ үшін үлкен қиянат. Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрпілдетпеуіміз керек. Қадірлі қалам қайраткерлері, ана тілін аяқасты етуден тыйылатын болайық", - деген болатын.

"Көңілде жүрген көп ой бар" деген мақаласында Ғабең өскелең ұрпақтың қазақ тіліне деген бүгінгі талап-тілегі туралы ой қозғайды. "Ақын-жазушы боламын деген адам, ең алдымен, ана тілін өте жақсы білуі керек. Ана тілі ақын-жазушының бірінші құралы екенін қайталап жазудың керегі де болмас. Дегенмен, ана тіліңді аяққа басуға тыйым салу керек-ақ!".

"Әдеби тіліміз - кең арналы тіл" атты мақаласында жазушы прозадағы, поэзиядағы тілдің мүмкіншіліктері туралы, сөйлеу түрлері бойынша да, сөз қолдану жайлы да, сөздік қоры бойынша да сан қилы мүмкіндіктер туралы сөз қозғаған.

"Асқындырып алмайық, достар!" атты мақаласында ол поэтикалық тілдің көркемдігі туралы, әр сөйлемнің қарапайымдылығы мен жеңілдігі хақында авторға қойылатын талаптар туралы толғанады.

1977 жылы жазылған әйгілі "Абгейдің ат қорасынан бастайық" деген көлемді мақаласында ұлы жазушы былай дейді: "Қай халықтың болса да қоғамдық өсіп-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып, ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалармен тармақ-тала, молая келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Ана тілі қорлана береді, ажарлана береді. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тіліне із қалдырмай кете алмайды. Ана тілі дегеніміз сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі". Одан әрі автор сезін былай деп жалғастырады: 'Ана тіліміз - бұл бай тіл! Оралымды, ырғақты теңеу бейнелері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығармаларын XIX ғасырда-ақ көп елдерден бұрын аударуға жараған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза үстайық деймін".

1984 жылғы желтоқсанның 11-12-сі күндері Қазақстан Жазушылар одағында "Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі" деген тақырыпта шығармашылық конференция өткен еді. Онда негізгі баяндаманы қазақтың белгілі сөз зергері, Социалистік Еңбек Ері, академик, жазушы Ғабит Мүсірепов жасады. Баяндаманың мәтіні сол жылғы 21 желтоқсанда "Қазақ әдебиеті" газетінде "Өнер алды - қызыл тіл" деген атпен басылып шықты. Баяндамада жазушы халықтың тарихы мен тіл тарихы тығыз байланысты екендігі туралы, тілдің адамзаттың өткені жөніндегі құнды мағлұматтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі рөлі туралы ұлттық дәстүрлердің бастаулары мен олардың басқа халықтармен тарихи байланыстары туралы өз пікірлерін алға тартты.

Ғабең баяндамасында: "Көркем әдебиет, ең алдымен, қай тілде жазсаң, сол тілді жақсы білуіңді талап етеді. Соңғы 20 жылдың ішінде біздің ана тілімізді жақсы білуден гөрі, "білемін" деушілер көбейіп барады", - дей келе, ол бұған көптеген дәлелдер келтірген. Ондайлардың жалпы саны алпыстан асады. Біз енді олардың кейбіреуін ғана атап өтейік.

"Біздің сенімді қаламгерлер қатарына келіп қалған Дүкенбай Досжанов ана тіліне еркіндік жасай біледі", - дей келе Ғабең оның мынадай олқылықтарын келтіреді: "Ойдағы шағын ауыл тақырдағы асықша шашылды", - дейді. Ауылды асыққа теңеу келісімді емес-ақ. Екінші, тақырда шашылып жатқан асық болмайды. Асықты ойнаған балалар шашады. Тағы бір жерде: "Білмегені бит ішінде жатқан жездесі ішінен түліп өнер ашты" – дейді Дүкенбай. "Білмеген бит ішінде" деген сөзге ұшырасқанда оқырман жұрт неғып жиіркеніп қалмас екен. Тегінде осы бір құйтықандай, титықандай, титтей, биттей деген теңеулер көркем әдебиеттен түгел шығарылып тасталғаны дұрыс па деймін.

Менің үміт артқан жас ақын-жазушыларымның бірі Марат Қабанбаевтың биыл ғана баспадан шыққан "Қала және қыз бала" деген жинағымен таныстым. Жинақ тым шұбар тілді екен. "Қас қараймаса да, сыбырлап құлаған миллион қиыршық көше қолаттарына ақ бозболда шымылдық салбырата-салбырата іліп қойды", -депті. Осы бір сөйлемнен бірнеше сұраулар туады. Қас қараймай тұрғанда қар жаумай ма екен? Қиыршық сыбырлап құлай ма екен? Жауған қарды, әсіресе, қиыршық қардың жауғанын салбырата-салбырата құрған шымылдыққа теңеу қанша келісімді? Жарамсыз құрылған сөйлем осындай жарамсыз сұраулар туғызады.

Прозамыздағы тіл орашолақтығын біраз көрсете отырып, жазушы соның мазмұны жағына, идеялық нысана жағына да назар аударады. "Өйткені, түптеп келгенде, -дейді oл - көркем әдебиеттің тіл мен мазмұны, идеясы біріне-бірі тірек, бірінсіз-бірі есе алмайды. Орашолақ тілмен маңызсыз мазмұн қолданып жүрсе, ондай шығарма елі бұйым", - дейді жазушы.

Бұдан соң драматургия тіліне тоқталған Ғабең: "Әуелі ескертетініміз - біздің ақын-жазушыларымыз шығармаларына ат қоюға шебер. "Шоқ жұлдыз", "Замандастар", "Жасампаздар" деген кітап аттары кімді болса да қызықтыра алады. Осы үш кітапқа 24 драмалық шығарма кірген. Жақын арада аяқталған Мәдениет министрлігінің бәйгесіне елуден астам драматург қатысқан. Сонда ең кемі 50 драматургіміз бар деп айта аламыз ғой. Бұл кедейлік емес, әрине. Бірақ шығармалардың іштеріне үңіліп қарасаң, байлық та емес екен. Үш кітап болып басылып шыққан драмалық шығармалардың басым көпшілігі орташа, орта-шалау десек, әділеттен аттап өтпесек керек, біразы елі бұйымдар.

Амантай Сатаевтың "Жас қайраты елімнің" пьесасын алып қарайық. Бас кейіпкері Ғани Муратбаев, атақты Ғани. Ғани - реалистік өлшемде алсаң да, романтикалык өлшемде алсаң да көтере алатын ірі тұлға. Сол Ғаниды драматург қалай көрсеткен? Мен осы шығарманы өлі бұйым деймін. Автордың өзге орашолақтығын былай қойғанда, пьесада Ғанидың өзі жоқ. Оның орнында екінің бірінің қолынан келе беретін ұсақ лаңның адамы бар. "Жасампаздар" жинағындағы бір "жасампаздың" келбеті осы. "Шоқ жұлдыз" жинағында Дүкенбайдың "Кісі ақысы" деген драмасы басылып шығыпты. Әуелі соның тіл жағына тоқталғым келеді. Дүкенбай пьесасын былай бастапты: "Мал қоздап жатқан боз қылшық көктем кезі. Қой сарыны", -депті. Қазақ тілінде қой ғана қоздайды. Сиыр бұзаулайды, жылқы құлындайды, түйе боталайды т.т. Боз қылшық көктем де бола қояр ма екен! Қойда қандай сарын болмақ. Тегінде осындай үйлесімсіз сөз, тіл кемістерін Дүкенбай жаңашылдық деп ойлайды-ау деймін.

Мен үш том болып шыққан драмалық шығармалар жинақтарын түгел оқып шығамын деп недәуір қалжырап қалдым. Таныс тақырыптар, таныс шешімдер көп, әр-қайсысының өзіндік беталысын айыру қиын-ақ, қызықпай жазған қызықсыз әңгімелер бейжай оқылады".

Бұдан кейін поэзия тіліне көшкен Ғабең: "Тіл кінәраты бүгінгі поэзиямызда да жеткілікті екен", - деп біраз мысалдар келтіреді. "Өкім Жайлауов, Мақсұт Неталиев, Шемішбай Сариев, Ибрагим Исаев, Бақтыгерей Ысқақов, Байбота Серікбаев, тағы бірнеше жас ақындар болашақтарында ана тілін осыдан артық біле алмайтын болса, улкен қауіп бар. Ең алдымен, бұлар поэзия былай тұрсын, кәдуілгі қатардағы сөйлемнің жатық құрылысын біле бермейді. Поэзияның әр жолы көркем айтылған ой, құлаққа жағымды, көңілге қонымды, унді болу керек, не болмаса арқа қыздыратын, адамға күш-қайрат беретін кесек сөздердің толқыны, найзағайдың жарқылы болуы керек",-дейді.

Әкім Жайлауов: "Ақ жаңбыры жауа түссін нөсерлеп", - депті. Ақын ақ жаңбыр мен нөсер жауын екі түрлі жауын екенін айыра алмайды.

Мақсұт Неталиев былай деп көпіріпті:

Мені сыйлап жүретін ағайын көп,
Мені сыйлап жүретін
                     абысын көп.
Жалғыз қызын жақия
                    жаутаңдаған
Ердің жоғын сезгендей
                    жалтаңдаған
Шопан болып қолына
                      қурық ұстап
Сел жауса да сескенбес
                    салпаңдаған


Шөмішбай Сариев былай дейді:
Шашына шәлі тартып,
                          сәлде ораған
Мұз қайғысы ерімей
                           мәңгі ораған
Кешегі тағдырындай
                            қазағымның
Алатаудың басынан
                            қар бораған.

Осылар сияқты өлендерді қай жағынан тексеруге болатынын мен өзім біле алмадым. Тіл жоқ, идея жоқ, тіпті, елеулі тақырып та жоқ қой. Еркек адам жеңгелерін абысын демейді, шопан қолына құрық ұстамайды, шәліні шашына орамайды, басына орайды, шәлі ораса әйел сәлде орамайды, деп қалай ұялмай-қызармай сын айтып тұрарсың. Сондықтан мұндай ақындарда қандай ноқаттар жетпей жатқанын ғана айтып тоқталғым келеді.

Бірінші, ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды. Ал енді, ұяты жоқ арсыз адамнан ақындық күтудің керегі жоқ.

Үшінші, бұларға ақын-жазушылық өнер емес, кәсіп, Толстой айтқан сауын сиыр, пәтер, машина, атақ, гонорар".

Ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздердің журналистік жарияланымдарда бой көрсете бастауы жөнінде де автор дәлелді уәж келтіреді. "О да көп пе?", "Со ма екен келген?", "Бұ да со ма" тіркестерінде, дұрысы: "Oл, coл, бұл" болып келетін жалғыз буынды сөздердің орнына олардың солақай баламаларын тықпалау артық екені айқын. Жазушы, әсіресе, қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс пайдаланылмай жургеніне күйінеді. "Кейбір жазушылар, - дейді oл - өз шығармаларында түрлі сөз тіркестерінен жаңа сөздер құрастыруға әуес келеді. Бәлкім, "модылы" болып көрінгісі келетін де болар, ал бұл керісінше, ойға алынған тақырыпты, идеяны ашуға кедергі келтіреді, оның устіне ауызекі тілдің әуезі мен ырғағын бұзады".

"Әдеби тіліміздегі кемшіліктерді тізе берсек әлі де табылатын", -дейді Ғабең. "Бірақ біздің мақсатымыз ол емес. Мақсат әрі жедел ағындаған, әрі талапталғамның еселеп өскен шағында қолда бар рухани күшіміздің болмашыға айналақтап ысырап болмауын ойласуда. Болашағы бар ақын-жазушы өзіне-өзі қатал талап қоймаса, сынды ауырлап жасып қалар болса, ондай мінез өсірмейді. Көркем әдебиет өзінің аталуына орай көркемдікті талап етеді. Еңбек мәдениетін толықтыра беруді талап етеді. Ана тілін еркін меңгере алмасаң, көркемдік те, еңбек мәдениеті де сен үшін жай сөз болып қала береді".

"Тіл мәселесін қаталырақ қойып жатқан басты себебіміз, - дейді баяндамашы, - қазіргі куніміздің өзінде қазақ совет әдебиетінің қайрат-жігерінің негізгі көпшілігі осы елуге дейінгі жастар. Бул тусқа дейін кімнің кім екені де танылып болуға тиісті. Біз ұзақ кештің алдыңғы жағында кетіп бара жатқан ақсақалдар артымызға да айналып қарауға міндеттіміз. Сонда не көреміз? Әуелі биік белдерге жарқырап шыға келгең қызыға қарайтын улкен тобымыз барын кереміз. Бірақ кеш арты шұбалаңқы. Ең соңғы жағы, әрине, селдір. Біз сол шұбалаңқы топта келе жатқандарға: "Қимылда, биік белдер әлі алдарыңда", - деп бар дауысымызбен айғай салуымыз керек. Кәрі көз бұлдыр шалып, кәрі дауыс жарықшақты шығуы әбден мумкін. Бірақ айғай салу бізге парыз!".

Ұлы жазушының тіл туралы туындылары қазірде өз құнын жойған жоқ. Бугінгі күнде мемлекеттік тілді оқып уйрену, оның педагогикалық-психологиялық негіздерің теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарау - үлкен жұмыс. Бұл ретте тіл мамандары, әсіресе, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары Ғабеңнің тіл туралы жазған шығармаларын мұқият оқып, оның асқақ ойларын шәкірттеріне жеткізуі отырулары керек. Тіл тазалығын сақтауда Ғабеңнен үлгі алу баршамыздың парызымыз болуға тиіс.

Қайролла МҰҚАНОВ,
білім беру саласының ардагері
.


Мұқанов Қ. Ғабен тағылымы // Қызылжар нұры. - 2017. - 8 қыркүйек. - 4 бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий