Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

     Кешегіміз түгенделмей, бүгінгіміз бүтінделмейді. Бұл — өмір ақиқаты. Кешегімізді түгендеу дегеніміз — барыңды бағалай білу, ата-бабаларымыздан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұраны сақтай білу. Асыл мұра деп отырғанымыз — қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, яғни, дүниедегі барлық өмірлік, моральдық құндылықтар.Біздің өңірімізден ержүрек батырлар, кемеңгер шешендер, даңқыжер жарған даналар, кемел жанды ақындар көп шыққан. Осы қасиетті қазақ топырағында туып-өскен ұлылардың ұлысы, дара тұлға, классик ақын, қазақ әдебиетіндегі ХХғасырдың жарықжұлдыздарыныңбірі-МағжанЖұмабаев.

       Тәуелсіздіктің қақпасы айқара ашылып, көк туымыз егемен елдің көгінде желбіреп, тіліміз, дініміз, мәдениетіміздің қайтадан биік шыңдардан көрінуі ата-бабаларымыздың арқасында деп білеміз. Солардың бірі, әрине, Мағжан атамыз.

 Мағжандай асыл ақын шығармалары жас ұрпақтың баға жетпес қазынасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихындағы қиын-қыстау кезеңде, сонау 20-30-шы жылдардың өзінде Мұхтар Әуезов Мағжанның ақындығына сүйсініп, оның дәрежесін асқақтата түсті: "Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін… Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан — мәдениеті зор ақын. Заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Сондықтан бүгінгі күннің бар ақынжазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қа­луға жарайтын сөз — Мағжанның сөзі", — деп жоғары бағалады.<o:p></o:p>

 Біз Мағжанды сөз еткенде, оның ақындығын ғана емес, ірі қоғам қайраткері екенін бірге атауымыз керек. Өйткені, оның ақындық шеберлігі мен елге деген патриоттық сезімі, азаматтығы қатар жүреді, бірінсіз-бірі болмайды. Ақын қоғамдағы өзгерістерді өз өлеңдерінде жырлайды, өлеңдерімен халыққа ой тастайды, еркіндікүшін күрескешақырады.<o:p></o:p>

 Өмір бойы түсінбеушіліктерге кезігіп, талай қиыншылықтарды басынан кешірген ақын өмірдің, заманның әділетсіздігін айқайлап, шындығын шырылдап жазды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің басым көпшілігі мұңды, зарлы сарында, қайғылы әуенде жазылса да, ақын жүрегінде болашаққа деген үміт оты ешқашан да сөнбеген. Еркін әрі жарқын болашақ жас ұрпақтың қолында екеніне нық сенген <o:p></o:p>

"Арыстандай айбатты, <o:p></o:p>

Жолбарыстай қайратты, <o:p></o:p>

Қырандай күшті қанатты, <o:p></o:p>

Мен жастарға сенемін!" — деп бүгінгі күнге жету жолында күрескен азамат ақынымыз Мағжанның ұлы арманы араға көп жыл салып, зарықтырыпбарыпорындалды.<o:p></o:p>

Биыл Мағжан Жұмабаевтың туғанына -125 жыл Осыған орай, еліміз бойынша ақынның мерейтойын атап өту тұжырымдамасы жасалды, оның аясында екі жүз елу іс-шара өткізу жоспарланған. Мағжан Жұмабаевтың мерейтойын мерекелеудің басты мақсаты: ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, туған жерге, өңір тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақты патриотизмге баулу, ұлы тұлғаның атын мәңгі есте қалдыру.<o:p></o:p>

Облыстық білім басқармасы мен Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық кол­леджі бірлесіп мерейтойлық ша­раға арналған "Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы — ұлтжандылық пен руханилықтың үлгісі" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, "Білсін әлем Абайы бар қазақтың, Мәңгі жасар Мағжаны да барлығын!..." атты ақынды көргенін айтыл жүрген, сталиндік репрес­сия жылдарының көзі тірі куәгері, 98 жастағы Атырау облысы, Жылыой ауданының тумасы Абдолла Әбдірахманов атамызбен, ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген зиялы қауыммен кездесу, Абылай хан резиденциясында "Мағжанның ұлы мұрасы — ұрпақтар бірлігінің негізі" атты "Ұстаз" клубының әдеби-сазды кеші және тағы көптеген шаралар өткізді. Ақынның туған күніне орай 22 маусым күні халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция өткізу жоспарлануда.<o:p></o:p>

"Мен жастарға сенемін" атты облыс деңгейінде оқушылар айтысы өтті. Жыр додасына Ақмола облысынан да оқушылар қатысты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бас жүлдеге тіккен "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасына оқу грантын Айыртау ауданынан келген Дәулет Құрмаш иеленді.<o:p></o:p>

Қаламыздың Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінде "Сөзім өлмей, өзім өлмеспін" мәнерлеп оқу және "Судьба Магжана счастлива или трагична" атты дебат сайыстары өтті. Мәнерлеп оқу сайысына 28 оқушы қатысты, олар Мағжан өлеңдерін қазақша, орысша, ағылшынша оқыды. Дебат сайысына 18 мектептің өкілдері қатысып, өздерінің шешендік өнерлерін көрсете алды.<o:p></o:p>

"ЮНЕСКО" төрінде тойланған мерейтойда түркі жұрты ақынның өмірі мен өлеңдерін тағы бір еске алды. Америкадағы Мичиган университетінің профессоры Тимур Қожаоғлы ақынның 16 өлеңін қазақшадан ағылшын тіліне аударып, кітал қылыл басыпшығарды. "XX ғасырдағы ең үлкен, ең лирик ақындардың бірі, Мағжанның өлеңдері қазақ, түркі тілдерінің ең жақсы, лирикалық сөздерінен құралған", — деген профессор алдағы екі жылда қазақ ақынының тағы 40 өлеңін ағылшын тіліне аударуды көздепотыр. Ғалымдар Мағжанның поэзиясы әлі де тың зерттеулерді қажет ететінін айтады.<o:p></o:p>

Атаулы күнге орай барлық түркі әлемінде 2018 жыл қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы "Мағжан Жұмабаев жылы" болыл жарияланды. Ақынға арнал бауырлас елдер 50-ден аса іс-шара өткізіпжатыр.<o:p></o:p>

Біздер, ұстаздар қауымы, ұлылар есімін асқақтата отырып, болашақ ұрпақты ұлы Мағжанның шабытты, жігерлі шығармалары арқылы саналы, халқы үшің Отаны үшін күресе білетін еліміздің адал патриоты етіп тәрбиелеудеміз. Есілдің тау тұлғалы тарланы — Мағжандай арысымыздың есімін асқақтатудан бір жалықпайық!

Ерлік ЖАНДІЛДИН,<o:p></o:p>Мағжан Жумабаев атындағы Петропавл <o:p></o:p>

гуманитарлық колледжінің директоры.<o:p></o:p>

 

 

 

Е. Жанділдин. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. // Soltustik Qazaqstan.- №73 (22246). -21.06.2018.- 13 б.<o:p></o:p>


 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий