«Батыр Баян» поэмасының тарихи негізі

23 октября 2018 - Кабиева Р.

Ғылым мен өнердің, басқа да шығармашылық салалардың түйіскен жері - бүгінгі күні тосын жаңалықтар ашудағы басым бағыттың біріне айналып отыр. Осы ерекше құбылысты зерттеумен ғылым философиясы айналысады. Біздің ойымызды философ Георгин Рузавин негіздей түседі: «Наряду с точными науками искусство продолжает активно взаимодействовать с гуманитарными науками» [1,10]. Сондай- ақ кезінде атақты түрколог, тарихшы Лев Гумилев ғылымда тосын жаңалық болған «Может ли произведение изящной словестности быть историческим источником?» деген мақала жазған. Ол «Русская литература» журналында 1972 жылы жарық көрді. Ғалым осы еңбегінде сөз өнерінің, нақты көркем шығарманың тарихи дерек көзі бола алатыны туралы тұжырым айтқан [2,57].

Біз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын осы позициядан талдап қарастырмақпыз. Бүгінде Мағжанның бұл эпикалык шығармасы Ұлы Дала Елінің көгіне кыран кұстай самғап ұшып, өз бағасын алды. Мектепте, жоғары оқу орындарында оқылады. Шерлі, шідерлі заман артта калды. Шығарманың көркемдік-эстетикалық, тарихи-философиялық қуаты ерекше. Олай болатын себебі, «Батыр Баян» поэмасының сюжетіне қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылар тарихи кезен алынған. Сол тарихи фактор - философиялық таныммен, көркемдік шеберлікпен, эстетикалық талғаммен, поэтикалық қуатпен, даралық стильмен «Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы» [3. 88] деп хакім Абай айтқандай, Мағжанның алтын қаламынан классикалық шығармаға айналған. Абай Құнанбаевты алғаш хакім деп атаған Мағжан Жұмабаев. Оның «Алтын хакім Абайға» деген арнау өлеңі бар. Осы өлеңде Абайға терен баға берген: «Шын хакім. созің асыл - баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес». Абайға осылай деп баға берген Мағжанның өзі де қазақ поэзиясына мол кұндылық сыйлады.

Мағжан Жұмабаевтың көркем шығармаларының бірегейі - «Батыр Баян» поэмасы. «Батыр Баян» - тарих емес, тарихи-философиялық метафора, тарихтың поэтикалық сөз өнеріндегі көрінісі. Дегенмен, Батыр Баян - тарихи тұлға, өмірде болған адам. Тәуелсіз Қазақ Елінің Ұлттық энциклопедиясында осы тарихи тұлғаның өмірі арнайы берілген: «Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 - 1757) - батыр. Алғырлығы, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ- жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған. Баян қалмақтарға қарсы шайқастардың бірінде ағасы Сарымен бірге қаза табады. Батырдың ерлігі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында жырланған. Баян жөнінде кинофильм түсірілген (режиссері С. Тәуекелов. І993). Бейіті Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Шекелек зиратында. Баян батырдың ұрпақтары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында тұрады» [2, 213]. Осы жерде атап айтар мәселе, Баян батырдың өмір сүрген кезеңі, туған жылы, тағы басқа тұлға өміріне катысты дүниелер төңірегінде әртүрлі ғылыми пайымдаулардың барлығы, осы тарапта бірнеше мақалалардың жарық көргенін білеміз. Бірақ ол бүгін біз қарастыратын мәселе емес.

Батыр туралы жазылған Мағжан Жұмабаевтың поэмасында тарихи фактор поэтикалық өзгеріске түскен, оны өнерде көркемдік шешім дейді. Ең бастысы Баян батыр өмірде болған тарихи тұлға екенін жоғарыдағы мысалдан көріп отырмыз. Сол тарихи тұлға Мағжанның алтын қаламынан поэманың бас кейіпкеріне айналып, тарих пен сөз өнерінің үндестігіне арқау болған.

Ұлттық поэзияның падишасы атанған Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында Баян Қасаболатұлынан басқа да көптеген тарихи тұлғалардың есімдері аталады. Солардың ішінде дараланып тұрғаны - Абылай хан. Ел тарихындағы, ел тағдырындағы Абылай ханның орнын Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында мейлінше кең панорамада суреттеп, тұлғасын терең аша білген. Мәселен ақын поэманың бірінші тарауында Абылай ханның бейнесін тарихи-философиялық таныммен бейнелеген: «Күндерде сонау- қара, тапсырған ел, Тағдырын Абылайдай данасына»[5,222].

Сондай-ак, поэмада Алаш, Байжігіт, Тасболат, би Толыбай, шешен Қанай, Қанжығалы қарт Бөгенбай, жас Жанатай, Бәсентиін Сарымалай, Балталы Оразымбет, ер Елшібек, Қошқарұлы ер Жәнібек, батыр Жәбек, ер Сырымбет, ақын, батыр Қарабұжыр, Бұкар мен Тәтіқара, Ер Көкше, Ер Қосай, батыр Сары, Бұғыбай басшы, Асан Қайғы, Атығай, Қарауыл, Уақ, бала Ноян, сұлу қалмақ қызы Ақшамаңдай-Құралай, қос қоңтайшы Ұса, Серен, қазақ, орыс, қалмақ, қытай сияқты тарихи тұлғалардың, әулет, ел бастауында тұрған бабалардың, көрші ел тұлғаларының есімдері, этнос атаулары кездеседі. Бұл жүйелі түрде кездесетін есімдер поэмада көрініс табар тарихи оқиға панорамасының ауқымынан хабар береді.

Поэмадағы қазақ халқының тарихынан ерекше орын алған тарихи оқиғалар атауы да көп жайға қанықтырады. Соның бірі - казақ халқының тарихындағы қасірет әкелген, Ел басына қайғылы күн туғызған кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Міне, осы тарихи трагедиялы оқиға поэмада аталып өткен: «Қиын күн туған алаш баласына, Шұбырып жапанның сар даласында, Кез болған жаудан үркіп «Ақтабанға» [5,222].

Осындай қиын кезенді бастан өткерген қазақ батырлары Абылай ханның қасына тас-түйін жиылып, атамекен - туған елді жау қолынан азат егеді. Сол ерліктердің бірегейі «Шанды жол» тарихи оқиғасы поэмада поэтикалық пафоспен жырланған:

«Жөңкіліп көшкен бұлттай барады қол,

Кейде қол түнерген тау, қайғысы мол.

Кей кезде тентек толқын екпінімен,

Шу қойьш, шабуылдап алады қол.

Шаңы - бұлт, бұлты - шаңға айналған соң,

Атаған ерлер жолын деп: «Шанды жол» [5,237].

Ұлы Дала Елінің небір жауқар жерлері поэма тарихи негіз бола отырып, мейлінше көркем суреттелген. Ақын қазақтың қасиетті Сарыарқасын былай суреттейді:

«Мен де ойды ағытамын қаламыма,

Арқаның көз жіберсем алабына:

Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ,

Кез болсын, қандай  талады да» [5,221 ].

Жер жаннаты Бурабай да көркемдік-эстетикалық қуатпен жырланған:

«Бауырында Бурабайдың қалың ағаш,

Көкшенің жалыменен біткен жалғас.

Арудың ақпен ерген тұлымындай,

Қарағай, қызыл қайың, тал аралас» [5,221].

Тарихи жер атаулары тарихи оқиғалар контексінде поэмада астарласьп келіп

отырады. Мағжан Жұмабаев өзінің «Батыр Баян» поэмасында қазақ жерінің кең панорамасын жасаған. Сарыарқа мен Бурабайды бейнелегендей, қазақ жерінің топонимін ақын поэмада мейлінше мол берген. Олар: Көкшетау, Бөлектау, Оқжетпес, Бурабай көл, Обаған өзені, Жолдыөзек, Балқаш көлі, Қаратал мен Аягөз өзені, Іле, Текес, Кеңес өзендері.

Мағжан Жұмабаев өзінің поэмасында Абылай ханның даналығын, қазақ 

батырларының ерлігін жырлаумен қатар, өзінің жігерсіздігінің салдарынан халық басына нәубет әкелген басшыны (ханды) да көркемдік шегініс арқылы позмада шеберлікпен терең сынап өтеді. Көркемдік шегініс арқылы баяндау барысында сынға ұшыраған - Болат хан болатын. Оның өзін  ақын поэмада Батыр Баянды тосып жатқан батырлардың әңгімесі арқылы сынап өтеді. Сол әңгіме арқылы тосын демалыс кездің өзінде батырларға ақын Мағжан Жұмабаев ел тағдырын айтқызған:

"Көкшеде өңшең көкжал аялдаған,

 Қырандар қанаттарын жая алмаған.

Ханына Абылайдай: «Болады!» - деп».

Бір берген сөзден ерлер тая алмаған.

Ерігіп, әңгіме ғып өткен күнді,

Қанішер Болат жайын баяндаған» [5.235].

Акын Мағжан Жұмабаевтың поэмасында сыналатын. «Қанішер Болат» атанған Болат тарихта кім еді. Енді соған назар аударайық: «Болат (т.ж.б.- шамамен 1723) Қазақ хандығының ханы (шамамен 1715 - 1723), Тәуке ханның баласы. Ұйымдастырушылық,  қолбасшылық қабілетімен ерекшеленбеген Болат мұрагерлік жолмен хан сайланған. Болат билік еткен тұста Орта жүз қазақтары бірнеше рет (1716, 1717, 1722, 1723) ойраттардың шапқыншылығына ұшырады. Болат жоңғар басқыншылары, башқұрттар мен Еділ бойы калмақтарына қарсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады. Болат жөнінде тарихи деректер аз кездеседі» [6,362).

«Батыр Баян» поэмасындағы Батыр Баяннан кейінгі негізгі кейіпкердің бірі, онын інісі Ноян. Ақын Мағжан Жұмабаев поэмада оны былай бейнелейді:

«Баянның інісі бар он бес жаста,

Бөрінің бөлтірігі - бала Ноян.

Ноянның бар ақылы білегінде,

Билеген асау жүрек, қайнаған қан» [5, 226]. Ақын Ноянның албырт жастығын осылай ашып көрсеткен. Поэмада негізгі сюжет осы Ноянның төңірегінде дамиды. Ноян мен Акшамандай-Құралай-Толкыншаш қалмақ қызының арасында махаббат оты жанады. Ноян жастық жалынмен құлай сүйеді. Сезім қуатын ақын Мағжан ерекше шеберлікпен, эстетикалық талғаммен суреттейді:

«Жастықта жалынданып сүйген қандай!

Баладай өксіп жылап, күйген қандай!

Көрмесен жан-жарыңды өлгендей боп,

Қайғырып күлден кебін киген қандай!

Кеудене жан кірмей ме, көзің шалса,

Өмірің жаңа ағарып атқан таңдай.

Кеудеңді қасиетті сәуле кернеп,

Жүрегін сол минутте жарылғандай.

Не дерсің салпаң құлақ есектерге,

Өгіздсй өмір сүрген сүймей-жанбай!» [6,362].

Ақын Мағжан Жұмабаев Ноянның жүрегіне енген аяулы сезімді осылай асқақтата жырлайды. Ноян, ол - жас арыстан, албырт бозбала, сондықтан, хас сұлудың ата-анамнан рұқсат алуым керек деген сөзіне еріп, Сарыарқамен есендесіп оның еліне желмен жарысып аттанады. Ноянның жүрегіне шоқ түсірген қалмақ қызы жай ғана бойжеткен емес екенін ақын поэмада былай суреттейді:

«Қалмақтың қайсар қызы қайрылмаған,

Болаттай жасу білмей, майрылмаған.

Жап-жас қыз сұмдығы мол сыр бермейді,

Жандай-ақ ойдан аулақ қайғырмаған.

Алаштың аруы боп кетсе-дағы,

Жанымен өз жұртынан айрылмаған» [5,225].

«Жанымен өз жұртынан айрылмаған»

Ақшамадай-Құралай- Толқыншаш қалмақ қызы - жай ғана бойжеткен емес, поэмадағы күрделі тұлғаның бірі. Немесе ашулы ағасы, Батыр Баян қуып жеткенде қашпай, карсы жүрген Ноян да - күрделі тұлға. Сондыктан оның бірін сұм, екіншісін сатқын ретінде қарастырсақ, мәселенің көбігін алғандай ғана болар едік. Біз оларды Ұлы Даланың қос перзенті қалмақ пен қазақтың арасындағы драманың трагедиялык құрбаны ретінде қарастырамыз.

Атақты Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектерінде, белгілі ғалым Шериаздан Елеукеновтың «Мағжан» монографиясында, т.б. еңбектерде «Батыр Баян» поэмасы тарихи тақырыпқа жазылғаны аталып өтілген. Ал «Батыр Баян» поэмасының тарихи негізі дегенде қазақ халқының тарихындағы нақты болған оқиғалардың поэтикалық жолмен осы шығармада берілгенін айтамыз. Қазақ халқының поэтикалық қабылдау зердесінің күштілігін саяхатшылар да, басқалар да өз еңбектерінде көп айтқан. Өз елінің тарихын тереңнен таныған Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы арқылы батырлықты, ерлікті, отансүйгіштікті халқына паш еткен.

«Батыр Баян» поэмасының аяқталуы да асқақ. Сол асқақтық түйін- сентенция арқылы, ел мен ердің бірлігін эпикалық пафоспен берген сөздермен жеткізген:

«Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шел ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан.

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан.

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі.

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!» [5.243].

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.          Рузавин.ГИ. Философия науки. - Москва, Юнити-Дана, 2008. - 183 б.

2.        Гумилев Л.Н. «Может ли произведение изящной словестности быть историческим источником?». - Москва. «Русская литература» журналы. 1972.-57 6.

3.       Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толык жинағы. ~ Алматы: Жазушы. - Т. 1 : Өлеңдер мен аудармалар. - 1995.-336 б.

4.        Ерғазы Қ. Баян Қасболатұлы. - 213 б. // «Қазақстан». Ұлтық энциклопедия. Бас. ред. Ә.Нысанбаев. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1999.2-том.-720б.

5.        Жұмабаев М. Өлеңдер, поэмалар/ Мағжан Жұмабаев. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - 320 б.

6.        Ерофеева И. Болат. - 362 б. // «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия./ Бас. ред. Ә.Нысанбаев. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1999.2-том. - 720 б.

 

Ыбыраева А. «Батыр Баян» поэмасының тарихи негізі.// Magjan.-№3(31).-2018.-15-20 б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий