Қазақ ағартушылары және ұлт тағдыры [Мағжан Жұмабаев]

10 августа 2018 - Кабиева Р.

 XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында, яғни ғасырлар тоғысында елімізде талай оқиғалар болды. Бұл кезеңде Қазақстан түгелдей Ресейдің қол астына кіріп, оның түпкілікті боданында еді. Қазақтың жер- асты, үсті байлығын жалғыз Ресей емес, шетел басқыншылары емін еркін иемденді. Сонымен бірге, Қазақстан Ресейдің әскери тірек еліне айналды. Жаппай орыстандыру саясатының негізінде Қазақстан халқының көп бөлігін келімсектер құрды. Қоныс аударылғаңдарға қазақтардың шұрайлы деген жерлері бөлініп берілді. Жерінен айрылған қазақ халқы нағыз көшпенділер кейпін киіп, көбісі патша өкіметінің реакциялық саясатына шыдай алмай көрші мемлекеттерге көшуге мәжбүр болды. Қалған бөлігі атақоныс жер суын, ар-намысын қорғау барысында күреске де шығып отырды, бірақ ол көтерілістер аяусыз басылып тасталды. Қазақстанда отарлау саясаты кезінде өнеркәсіп саласын дамыту үшін қазақ жерлеріне ірі зауыттар мен фабрикалар салынды. Соның нәтижесінде елде жұмысшы табы да қалыптаса бастады. Елді басқару үшін жергілікті тұрғындарды оқытуға да тура келді. Осыған орай жер-жерде мектептер мен орта оқу орындары ашылып, онда қазақ балалары оқытылды. Оқу-ағарту саласының дамуы бұдан ертерек кезде басталғаны белгілі. Екі ғасыр тоғысындағы аумалы-төкпелі дәуір мен саяси оқиғалар қазақ ұлтының арасынан өз саяси қайраткерлерін шығарды. Бұл зиялылар өздерінің бар ғұмырын өз елі мен халқының бақытына арнап, сол жолда құрбан болды.

Жалпы алып қарағанда, Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатын негізінде үш бағытта жүзеге асырды.

1.Қазақ жерінің шекараларына әскери-стратегиялық маңызы бар бекіністер салу және оларға Ресейдің басқа аймақтарын мекен еткендерді шоғырландыру.

2.Саяси-құқықтық реформа жасау арқылы қазақ халқын өзін-өзі басқару, билік жүргізуден айырып, тіке басқаруды енгізу.

3.Экономикалық саясатпен, яғни салық салу жүйесі арқылы жергілікті халықты қанау. Өзінің отарлау саясатын ойдағыдай жүргізу үшін патша өкіметі қазақ жерінде мемлекеттік-чиновниктік басқару аппаратын құрумен де шұғылданды. XIX ғ. алғашқы жартысында Қазақстан округтерге, кейіннен облыстарға бөлініп, олар уездерге ал уездер болыстыққа, болыстық ауылнайларға бөлінді. Өкімет қазақ халқының үнін шығармай біржолата бодандықта ұстау үшін елде сот орындарын құрды. Патша өкіметінің түрлі қулық-сұмдықтары бұқара халыққа талай ауыртпалық әкелді. Сауда капиталының дамуы Қазақстанда өндіріс капиталының өнімдерін таратуға көп әсерін тигізді. Шаруалар көп жағдайда жатаққа айналды. Халдері нашарлаған кедейлер қалаларға қоныс аударып жатты. Отарлау саясаты негізінде қазақ жерінде техникалық жағынан өте әлсіз, әрі тек ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, шикізат күйіндегі пайдалы қазбаларды өндіретін, жыл мезгілінде ғана жұмыс істейтін шағын жұмысшылары бар кәсіпорындар құрылды. Патша өкіметінің сол кездегі геосаясаты түбегейлі түрде қазақ жерін өзіне қаратып, шығысқа жол ашу еді. Өзімен шекаралас жерлерде дала бекіністерін салу 1740 жылы басталды. Халық арасында «қасірет белдеуі» деген атқа ие болған бұл бекіністер, шын мәнінде, қазақ халқына ауыртпашылықты көп әкелді. Өздерінің саясаттарымен келіспеген қазақтарды түрмеге қамап, жер аударды. Заңсыздық пен дөрекілік қанат жайды. Ұлтты бір-біріне айдап салу, қарсы қою, реті келе жанжалдастырып отыруды басты құралына айналдырған болатын. Мәселен Ресейдің әйел патшайымы II Екатерина, Орынбор генерал-губернаторына жолдаған нұсқау бұйрығында:

«1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларына араз етіп, бір-біріне қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз.

2. Сұлтандарын бір-бірімен араз қылып, бір-бірімен иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп қылардай іс қылыңыз.

3. Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдармен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз»,-деп сол кездегі тән сұрқия саясат жүргізеді.

Ұлан-байтақ территорияны басқару үшін Ресей үкіметі жергілікті бай балаларына арнап мектептер аша бастады. Сөйтіп, 1870ж. Ресей оқу ағарту министрлігі ұлттық мектептер туралы заң шығарды. «Ресей жерін мекендейтін бұратаналарды оқыту шаралары» заңының басты қағидасы орыстандыру саясаты болды. Оған орыс миссионерлері тартылды. Солардың ішінде миссионер Н.И. Ильминский қазақ балаларын орыстандыру үшін көп күш жұмсаған болатын. Патша өкіметінің отаршылдық саясатының соңғы кезеңінің өзінде-ақ, яғни 1895-1905 жылдары небары 12 жылдың ішінде қазақтардың ең шұрайлы деген 4 млн, десятинадан астам жерін, ал 1906-1912 жылдары тартып алынған жер 17 млн. десятинадан асып кеткені бізге тарихтан белгілі. Кеңестік дәуірде жарық көрген қазақ энциклопедиясы ұлы державалық идеологияға сай, Қазақстанның Ресейге қосылуын ұлы орыс халқының мейман достық қасиетімен түсіндірмек болды. Мысалы, ҚССР-ның энциклопедиялық қысқаша 1-ші томында: «Обладая огромной территорией, неиссякаемыми природными богатствами, гениальный и великодушный русский народ, часто ценой больших жертв и лишений приходил на помощь соседним народам...»-деп жазылған. Шындығында, қазақ жерін отарлау Ресей үкіметінің  «мейірбандық» қасиетіне байланысты емес еді. Бұл саясат шын мәнінде жыртқыштық айла-әрекеттермен жүргізіліп, соның нәтижесінде халқымыз талай қырғынға ұшырады. Ресей отаршылдары табиғи байлықты иемденіп қана қоймай, қазақтарды рухани жағынан да отарлады, оларды тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру саясатын жүзеге асыра бастады. Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша өкіметінің әкімшілік аппаратымен біте қайнасқан бай-шонжар өкілдерінің қолдарында болды. Олардың балаларын орысша оқытып, ел билеуші кіші әкімдер даярлауды мақсат етті. Сол максатпен қалалар мен селоларда мұсылман мектеп- медреселерімен бірге орыс-қазақ мектептері ашыла бастады.Патша өкіметінің қазақ  халқына қарсы жүргізіп отырған сол кездегі  реакциялык отарлау саясаты қазақ зиялыларын жайбарақат қалдырмады.  XIX ғасырдын ІІ-жартысынан бастап қазақтың жазба әдебиеті мен ұлттық тәлім-тәрбиесін А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин еңбектерінің тарихи маңызы зор. Олардың озық ойларын XX ғасырдың алғашқы ширегінде Ә.Диваев,  М.Ж.Копеев, Ш.Құдайбердиев, М.Сералин, А. Байтұрсынов, Ғ. Қарашев, С.Көбеев,        М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев жалғастырып, ұлттық педагогика ғылымының туып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті оқушылар бойына құрғақуағыздармен қалыптастыру мүмкін емес. Оны тек қана елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен от жүректі бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады. Осы тұрғыдан келгенде Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың  еңбектері мәңгілік. Олар өз жұртын қараңғылықтан арашалап, тек оқу арқылы ғана бақытқа жеткізуге болатындығын түсінді. Халықты оқуға, білім алуға шақыра отырып, патша өкіметінің алдында келелі сұрақтарды қоя білді. Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен "Алаш" партиясының маңына топтасқан зиялылар бостандық алудың бір ғана жолы халықты сауаттандырып, қараңғылық бұғауынан босату деп білді. Осы себептен де ат төбелендей аз ғана топ өздерінің бар өмірін оқу-ағарту жолына бағыттады. Әрқайсысы әртүрлі пәндерден оқулықтар, әдістемелік құралдар жазды. Бәрі бірігіп халықты оқу-білімге шақырды Олар осы жолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білді. Әсіресе, сол кездегі қазақ арасына кең таралған баспасөзді шебер пайдаланды. Осы орайда "Қазақ", "Айқап", "Жаңа мектеп", т.б. газет-журнал баспасөз беттерінде оқу-ағарту туралы жарияланған мақалалардың қазақ арасында рөлі ерекше болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары өкіметке өз ықпалдарын пайдаланып, көптеген оқу орындарын аштырғаны да бегілі. Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті оқушылар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру мүмкін емес. Оны тек қана елін-жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен от жүректі бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады. Әр кезеңнің өз батыр ұлдары мен қыздары «жаным арымның садағасы» деген ұлы қағидамен емір сүргені белгілі. Сол жолда олар өз бастарын құрбандыққа да шалып отырды. Қазақ халқы өз басынан талай қасіретті кезеңдерді өткізді. Біздің еліміздің тарихында сондай қасіретгті кезең XX ғасырдың 30-шы жылдарында болғанын тарихтан білеміз. «Халық жауы» деген жалған айып тағылып, зорлық-зомбылық заманының құрбаны болған ұлтымыздың талай боздақ- тарының есімдері әлі де болса тарихтан өзінің орнын ала алмай келеді. Кейбір деректерге жүгінсек, тек 30-шы жылдардың ішінде ғана 750 мыңнан астам Қазақстан азаматтары тұтқұндалып, 25 мыңнан астамы атылған. Жазықсыз жапа шеккендердің арасында қазақ халқының бостандығы мен бақыты үшін күрескен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, М.Жұмабаев, тағы басқа жүздеген зиялыларымыздаң болғанын білеміз. Кейбір деректерге жүгінсек, тек 30-шы жылдардың ішінде ғана 750-мыңнан астам Қазақстан азаматтары тұтқындалып, 25 мыңнан астамы атылған. Олардың есімдері еліміз егемендікке қолы жеткеннен кейін ғана қайта оралды. Осындай зиялыларымыздың ішінде,  XX ғасырдың алгашқы ширегінде қазақ ғылыми – педагогикасының іргетасын қаласып, оны қалыптастыруға қомақты үлес қосқан адамдардың бірі-Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев өз ұлтын азат етудің бірден-бір шарты оқу-ағарту,  надандықтан құтылу ғана емес, батыл әрекет, күрес қажет дейді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қарсаңында «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 9, 25 маусым күндері шыққан санында ақын өзінің «Дін үйреткенге» «Есімде тек таң атсын» деген өлеңдерін жариялады. Ақын алдымен халқымыздың өткен шағына көз тастап, «ел шетіне жау тигенде, ақ найза, алты құлоаш белге байлап, айнымас алдаспанды қолға алып, қанатты, қажымайтын тұлпар міндік, жібекпен жетпіс қабат белді будық, құрсанып, қылыш өтпес мұздай темір, қияданқыран құста жауға ұмтылдық», - деп енді осы ерлік кезеңімізді тағы қайталайық, тек жата бермейік,-дейді.

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылар қауымы да елдегі ауыртпалықты көре отырып, отарлаудан құтылудың бірден-бір амалы білім жолы екендігін түсіне білді. Жас жеткіншектерді ұлтжандылыққа тәрбиелеуде бабалар дәстүрін ұлтымыздың ұлы ағартушылары А.Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин жалғастырса, кейіннен олардың тәлімдік ойларын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев М.Сералин, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев тағы басқа ғұламалар ХХ-ғасыр басында қазақ мектебінің негізіне қабыстырды. Осы және басқа зиялылар халықты сауаттандыру үшін өздері оқулықтар жазды, әдістемелік құралдар шығарды, шығармаларында оқу-білімді насихаттады. Өкінішке қарай, көпшілік бұл зиялылардың педагогикалық еңбектерінен бейхабар болып, тек олардың саяси-қоғамдық істері жайында білді. Сол себептен де, бұлардың педагогикалық іс-әрекеттері соңғы кезге дейін терең зерттелмей, таратылмай да келді. Мағжан Жұмабаев өз еңбектерінде қазақ педагогикасыныңдербес, өзіндік нақышы бар, бала тәрбиесінде ұлттық қағидалардың жетекші орын алатындығын көрсетті.

Әсіресе, 1918-1926  жылдары Мағжан Жұмабаев педагогика саласында

өндіртіп еңбек етті. М.Жұмабаевты зерттеушілер оған біржақты тоқталып, тек әдеби поэзиялық шығармашылығына басты көңіл бөліп отырды.

Сонымен бірге, көпшілік М. Жұмабаев тек ақын ретінде ғана біліп, оның

ұстаздық дүниетанымына онша көңіл бөлмей келді. Мағжанның ақындығы туа біткен табиғи дарындылығы болса, ал өмірдегі негізі мамандығы ұстаз-педагог болған. М. Жұмабаев-заманынан озып туған педагог.Оған сол кездегі жазған мақалалары мен мен еңбектері, әсіресе, «Педагогика» оқулығы куә. А. Байтұрсыновты ұлттың сол кездегі идеялық ұстазы ретінде білсек те, педагогика саласында алғашқы болып фундаментальды еңбек жазған М.Жұмабаев деуге болады. Ол өзінің, «Педагогика» оқулығында тұнғыш рет ұлттық педагогиканы психологиямен байланыстыра оқытудың тәсілдерін, қарастырып, бала тәрбиелеудің және олармен қарым-қатынас жасаудың жолдарын ғылыми тұрғыдан көрсетті. Оның озық  ойлы сол кездегі айтқан тұжырымдары бүгінгі күн үшін айтылғандай. Бүгінгі атом, компьютер, космос заманында оқушы ғылымның соңғы жаңалықтарын біліп қана қоймай, оны игере білу-өмір талабы. Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы-мектепке дейінгі тәрбие. Сол себептен де Мағжан шығармашылығымен танысу балабақшаданбасталғаны дұрыс. Ол үшін балалардың жас шамаларына қарай Мағжанның өлеңдерін сараптап, бала бақшада өткізудің әдістемесін ұсыну қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиелік мәні үлкен Мағжан өлеңдерінен үзінділер жаттатып, оларға ұлтжандылық, имандылық, махаббат сезімдерін ұялатуға зер салу керек.

М.Жұмабаевтың әдеби-поэзиялық еңбектерін шолу жасағанда тағы

байқағанымыз, оның барлық шығармарлары ұлттық нақышта жазылып, патриоттық рухқа толы, отансүйгіштік, түрікшілдік идеялар өзекті орын алған. Педагог-ақын өзінің әр шығармасы арқылы оқушыларды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге ұмтылды.

Сонымен бірге М.Жұмабаев халық педагогикасының бәрін оқу-тәрбие ісіне талғаусыз енгізе бермей, оны бүгінгі күн талабына сай жаңаіна, өркениетті жағдайға пайдаланудың жолдарын меңзейді. М.Я^ма- баевтың қазақ педагогикасына енгізген ерекіне жаңалығы - оның ұлттық психология ғылымына қосқан үлесі. Ол психологиялық ғылыми қағидаларды зертгей келе оны қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психологиясына жақындатуды қарастырды. Пәндерді оқытуда қазақ халқының ұлттық ерекінеліктерін ескере отырып, сабақта пайдалану, дамыта оқыту, бала қиялын, өздік ойлау процесіне ерекіне мән беріп отырудың қажетгілігін М 5Кұмабаевтың оқытудағы басты тәсілдердің бірі ретінде қарстырады. Әсіресе, тіл мәселесіне келгенде баланың бастапқы (1-4) сыныптарда тек қазақіна оку керектігін дәлелдеді. Сонымен бірге баламен жұмыс істейтін үлкендерің таза әдеби қазақ тілінде сөйлеп, тіл тазалығын сақтау қажеттілігін алдыңғы орынға қоя білді.

М. Жұмабаевтың қазақ ұлттық педагогикасына қосқан нақты үлесі туралы

айтатын болсақ былайша тұжырымдауға болады:

       1. М. Жұмабаев ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары қазақ-ұлтгық педагогикасы мен психологиясының ғылыми негізін қалаушылардың бірі.

       2. Ұлтық мектептің қажеттілігін айта отырып, оқу-тәрбие ісінің халықтық сипатта болуын, білім беруді, әсіресе, бастауышта таза қазақ тілінде оқытуды алға тартты.

       3. Ешкімге, ешқандай мемлекетке еліктемей, қазақ халқының өз мектебі оның сара жолы болып қалады. Яғни, ол: "Әрбір ел келешегін негізгі балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебін салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе...- деген тұжырымдама айтады.

4. М. Жұмабаев-бала тәрбиесінде ізгілік педагогикасын алғаш ұсынған ұстаз.

5. Оқушыларға таза қазақ тілінде білім беріп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруді ұсынады.

Мағжан рухында бүгінгі жастарды тәрбиелеудің аса маңыздылығы оқушы жастарды елін, жерін, ұлтын сүйе білетін шынайы ұлтжанды патриот азамат етіп тәрбиелеудің қажеттілігіне туындап отырғанын атап айтуымыз керек. Еуромәдениетті желеу етіп өз ұлтын, ата-тегін, ана тілін менсінбей, өз ділінен, тілінен безініп, өзгелердің жыртысын жыртып, туын көтеретін мәңгүрт жастардың көбеюі де себеп болып отыр.

Бүгінгі таңда Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия идеологиясының қарама-қайшылық кезеңінде ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастарды жат идеология ықпалынан аман алып қалу ең өзекті мәселе болып саналады. Әр нәрсеге еліктегіш келетін жастарды батыстың бейресчми мәдениеті мен моральдық азғындаушылық іс-әрекетінен аман алып қалудың бірден-бір жолы ұлтымыздың тарихы мен халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу болмақ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің алдымызда бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтайтын күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр» - деген болатын. Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті оқушылар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру мүмкін емес. Оны тек қана елін-жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен от жүректі бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады.

 Мағжанның әділ бағасын беру бүгінгі  ұрпақ үлесіне тиісті.

М. Жұмабаевтың өмірі мен өнегесін, оның әдеби-педагогикалық мол мұрасын жүйелі түрде оқу-тәрбие ісіне енгізіп, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қолдансақ, олардың жан-сезіміне, Отанға, ер-жұртқа деген сүйіспеншілік, нық сенім, ұлтжандылық, ұлы адами құндылықтарды қалыптастырамыз. Тағдыры тәлкекке түсіп, қасірет пен қайғы шырмауынан шыға алмай, қатыгез заманның құрбаны болған осынау аяулы жан, әлі де болса, қоғамнан өз бағасын толық алған жоқ, оның бізге айтып кеткен аманатын біз әлі орындаған жоқпыз. Оның:

“Болмаса басыма да бармас па екен?

Атымды ау зына да алмас па екен. ?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған

Молама көз қырын да салмас па екен. ?

Дариға сол кездерде күнім қаран,

Қазақ елі,бірауыз сөзім саған

Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған”- деп айтуы, бүгінгі күнге  аманат іспеттес. 

Академик Ш.Елеукенов бұл жайында  «Алматы ақшамы»газетінің 1990

жылғы 17,18,23 қазан күндеріндегі сандарындағы А.Тасымбековтың «Олар 19 еді...» көлемді мақаласы басылды. Мақалада 1938 жылғы 6-12 наурызда сотталып, атылған бір топ Қазақстан мемлекет қайраткерлерінің жатқан жері, Алматы маңындағы Боралдай мен Өжет поселкілерінің аралығындағы жергілікті халық «Қандысай» атаған «Ұры»- сайда екені анықталды. Мен Мағжан денесі де осында көмілді ме деп жорамалдаймын. Оған дәлел,19 жайсаңның сотталуы наурыздың бірінші жартысы болса, атылуыжәне қойылуы наурыздың екінші жартысы. 19 боздақтьщ атылуы жайында «Социалистическая Алма-Ата» газетінің 1938 жылғы 22 наурыз санында ресми хабар жарияланды. Мағжанның атылуы - 1938 жылғы наурыз. Атылғандарды түнде машинамен көмуге алып келген шофер Айтжан: «Мәйіт салынған қапшықтың саны 19 не 20» - деген. Ендеше Мағжан мүрдесін де соларға қосуы әбден ықтимал... Аруақты ағаның сөзіне құлақ аспасақ, біздің кім болғанымыз», - деп жазады Ш.Елеукенов. Әлбетте, Мағжанды да, қазақ халкының беткеұстар ұлыларын өлтірген де, өлтірткен де сол кездегі қатыгез, кеңестік жүйе екендігінде дау жоқ. Алайда, олардың өліміне себепкер болған, жандайшаптардың, олардың алдында күналарының да мол екендігін ұмытпауымыз керек.

Жалпы, қазақ зиялыларының ұсталып, жазықсыз атылып кетулеріне көбіне

қазақтың өз арасынан шыққан, сол кездегі қызыл империяның жандайшаптарының кінәсы мол.

Мағжан бір жағы шарасыздықтан, бір жағы қажып шаршағандықтан да

болар. Кеңес өкіметі жағына шығып, еңбек етпекші де болды. Оған оның сол кездері шығарған бір топ өлеңдері куә. Сондай ауыр күндердің бірінде ақын «Сәлем хат» деген өлеңін жазады: "Қайтуым хақ, белді буып тас қылып, Кет деме, елім, енді мені басқа ұрып. Дейтін болсан қой жырыңды, жырауым, Қобызымды қиратармын тасқа ұрып".

Бұған жауап ретінде сол кезде партияның жалауын желбіретіп жүрген

С.Мұқанов Мағжанды кекете: «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына», «Сәлемге сәлем» - деп жауап жазады. Ол: «Көркем әдебиеттегі байшылдык-ұлтшылдық әшкерлеу жұмысы қазақ әдебиетінің даму тарихында 1927-28 жылдары ерекше қарқынмен жүрді. Мен осы кызу тартыстың қақ ортасында жүргендердің бірі болдым. Байшыл- ұлтшылдар пікірлерін бүркеншікті түрде өткіземіз деп тырысқанымен, совет әдебиетінің бағытындағылар олардың бет-пердесін тез сыпырды да кім екендері халық алдында айқын көрінген ұлтшылдар саяси ажалы жақындағанын сезіп, бір жүйелері, Жұмабаев секілділер: «Сонау оннан мен аулақ, мен тоқсанмен біргемін», - деп бұрынғы таптық бетінен жалтаруға тырысты» - деп жазған болатын. Дей тұрсақта, С.Мұқанов - Мағжанның ақындық талантын терең бағалағандардың бірі және қилы заманның өзінде әділ сез айтқан бірден бір адам. Ол туралы өзі де: «Мен Мағжанның ақындығын жоғары бағалаймын, біздің бірде-біріміз Мағжандай жыр жаза алмайтынымыз анық. Қазақ әдебиетінде Мағжандай терең өлең жазатын адам бар деп айта алмаймын. Мағжан - мәдениеті зор ақын. Мен Мағжанға тек таптық тұрғыдан ғана қарсы қазақ ағартушылары және ұлт тағдыры болдым...» - деп ағынан жарылғандығын да білеміз.

Қарсы болғандардың бірі Ә.Тәжібаев:

Мағжандай іздемеймін Қорқыт көрін,

Қобызбен сарнамаймын сұрап өлім.

Кезбеймін есуас боп ен даланы,

Қуатты орыс, қазақ еңбекші елім

Көрде аулақ, өз басымнан өлімде аулақ,

Көрсетем Мағжандарға көрдің төрін» - деп өкінішке қарай оның өлімін  жақындата түскендердің бірі болатын. [ 10]

Тарих болашақта оған өз бағасын берері сезсіз.

Ешбір ел өзінің пайғамбар - ұлы даналарын аяқасты құрметтемейді. Ақынын іздеген, аяулы ұлын іздеген мемлекеттің тұғыры берік те биік болады. Ендеше аманатты орындау- парыз.

Қазіргі жаһандану дәуірінде, Қазақстан бірнеше сырт мемлекеттердің

қоршауында тұрғаны анық. Олай болса, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ: «...біздің ұрпағымыз өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соғыстардан тартынатын болады. Бірақ ол өзінің еркіндігі, тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салын қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс, әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды», - деп тұжырымдаған. Ендеше бүгінгі жас ұрпақты Мағжан Жұмабаев сынды ұлттың ұлы ұлдарының үлгісінде оқытып, тәрбиелеу қазіргі заманның алға қойып отырған міндеттерінің бірі болса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Е. Бекмаханов Қазақстан тарихы. Алматы: ҚМБ, 1960. 350-6.

2. Т.Тажибаев Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине XIX века.-Алма-Ата: Казахстан, 1965.163-с.

3. Ә.І.Сембаев Қазақ совет мектебінің тарихы. — Алматы: Мектеп, 1967. 150-6.

4. А.Байтұрсынов Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (құрастырған Ә.Шәріпов),

5. М. Жұмабаев Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.448-6.

6. Н.Назарбаев. ҚР-ы мұғалімдерінің 2-ші құрылтайындағы сөзі.

С. Сеңкібаев. Қазақ ағартушылары және ұлт тағдыры. // Мағжан.№2(22)2016. 113-121б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий