Сегіз сері - жұлдызы алашымның

19 марта 2018 - Нугуманов Арсен

 Байтақ қазақ даласы дара дарындарға әуел бастан кенде болмаған.Жаугершілік замандардағы алдаспан жыраулардың жалынды жырлары баһадүрлердің жүректерінде сексеуілдің шоғындай қоздады. Қазақ даласын жоңғардың қарасынан тазалап, біруақ сайын дала төсінде мамыражай шақ орнаған сәтте баяғы жауынгер жыраулардың орнына сал-серілердің салтанаты сән кетерді. Айдынды көлдің жағасы, қайыңды орманның құшағы ақ боз уйлі қазақтың той-думан шақырмай қоймайтын сахара сахнасына айнапды. Иә, сол заманнан аты естігенді елең еткізген сұлудың сырғасынан сыр аулаған Сегіз серінің жұлдызы жарқыраған шағы еді ғой. Қазақ даласы әлі патшапық Ресейдің тар шеңгеліне құрсаулана қоймаған кермесінде жал-құйрығы сүзулі тұлпары, тұғырында томағалы сұңқары, биебауының айналасы күнде шалқар ән дария күйге бөленіп жататын Есілдің жағасы - қызырлы Қызылжардан асқақ ән таратушы серілердің серісі Сегіз болатын.

  Тарих ғылымдарының докторы, профессор, қазақтың этникалық, жүздік, рулық шежіресімен айналысқан Марат Мұқановтың еңбегінде Сегіз серінің өмір дерегі анық беріледі. Марат Мұқанов - кәдімгі академик- жазушы Сәбит Мұқановтың ұлы. "Сегиз был шестым сыном Бахрама и внуком известного в степи своим красноречием, справедливостью и неподкупностью Шакшак бия. Сегиз родился в 1818 году на берегу озера Букпаколь (современные ориентиры - Пресновский район Северо - Казахстанской области). Несмотря на раннюю смерть отца, Сегиз с помощью родственников окончил аульскую школу, медресе в Кызылжаре - к четырнадцати своим годам. Затем он обучался по-русски в кадетском корпусе в г.Екатеринбурге, закончил его в 1835 г. и получил квалификацию переводчика (тілмаш). Однако он не стал чиновником, а пробыв неделю в ауле, уехал на Сырдарью в кочевья родов Берш, Байбахты и Жагалбайлы Младшего жуза. (М.Мұқанов. "Из исторического прошлого". Алматы. 14-бет, 2000 ж.)".

  2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі С.Оспановтың Сегіз серінің әндерінен берген концертінде мемлекеттік сыйлықтың иегері, этнограф ғалым А.Сейдімбек ағамыз тебірене сөйлеп: "Сегіздің өмір деректеріндегі ағаттықтарды түзеуіміз керек, Мараттың кітабындағы сілтемеге басты назарды аудару қажет", - деп еді. Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын-сазгер Арқаның арда перзенті К.Салықов ағамыз Қазақ КСР- інің халық ақыны, немере ағасы Молдахмет Тырбиевтан Сегіздің әндерін бала кезінен тыңдап, жаттап өскенін жиі айтып отырушы еді. Уақыт алыстаған сайын ақиқат та қашықтай беретіні рас, ол кісілер де - бүгінгі таңда келместің кемесінің жолаушысы.
  2000 жылдардың басынан баспасөз беттерінде Сегіз серіге қатысты әңгімелер жиі жарық көре бастады. Бірі Сегізді асқақтата жазды, енді біреулер қаралап, өмірде болмаған "аңыз адам" деп те соқты. Осы әдеби дау-дамайлардың басы-қасында мен пақырларыңыз да жүрдім. "Қазақ әдебиеті" газетінде "Сегіз сері сергелдеңі біте ме?!" деген уәжді мақаламның да жұрттың шамына тиіп, "шабытын қоздырғанын" көзіқарақты оқырман біледі. Сол уақыттағы білім министрі Б.Әйтімоваға әлдебіреулер домалақ хат жолдап: "Т.Кәкішев деген ғалым өмірде болмаған Сегіз серінің шығармашылығынан Д.Кәпұлы дегенге кандидаттық диссертация қорғатпақ. Осының алдын алуымыз керек", - деп аттандады. Соның нәтижесінде Ғылым комитетінің төрағасы Могилный деген адамға қазақ әдебиеті тарихына үкім шығартып, Сегіз сері емірде болмаған тұлға дегізіп, әдеби оқулықтардағы шығармаларын өмірбаянын шектетіп, қазақ радиосының мұрағатындағы Сегіз серінің әні деп орындапып жүрген туындыларды халықтікі дел езгерттіруге пәрмен бергізді. Бұл қитұрқылықтың бәрі өз қандастарымыздың қолымен жасалып, пәтуаны жебірейдің аузымен айтқызғаны жанымызға батты. Радио мұрағатындағы Жүсіпбек Елебеков өз аузымен "Сегіз серінің әні" деп орындаған әндер "халық әні" деп өзгертілгені қынжылтты.
  Даулардың тәңірегінде дақпырт көп. Айтылған уәждердің айғағынан күмәні басым болғандықтан, біздің айтар әңгімемізге тосқауыл бола алмайды. Өйткені, Сегізді жоққа шығарушылардың келтіретін уәждерінің ешбірі де ғылыми тұрғыда мойындалмайды, әншейін "солай болмаққа керек-ті" деп келтіретін жорамал ғана. Себеп Әлкей Марғұланның жазғанын жоққа шығарғысы келеді. Ғұлама ғалымды "сегізтанушылар сендірді" дейді. Бұл қисын ба?! Егер академик Әлкей әркім айтар әңгіменің әсерімен тарихи, әдеби тақырыптарда адасушылыққа жол берсе, ертерек ескертпес пе еді?! Даудың басында И.Кенжалиев дейтін тарихшы тұр. Алайда, бір қызықты да күмәнді жайт -1970 жылдардан соң Сегіз сері хақында деректер айтыла бастағанда "Қазақ әдебиеті" газетінде "Тағы да Сегіз сері туралы" деген мақала жарық көреді. Мақала авторы - тарих ғылымдарының кандидаты И.Кенжалиев. Бұл жазбада енерпаздың сегіз кырлылығына барынша тоқталған автор ел аузындағы әңгіме-шежірелердің ақиқат, құнды дүниелер екендігін баса айтып, Исатай-Махамбетке де қатысына еш күмәнсіз дерек келтіреді. Келесі жылы Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде аталмыш тарихшының "Сегіз серінің туған жерінде" атты ғылыми-зерттеу мақаласы жарияланады. Солтүстіктегі серінің туған ауылы Айымжанда болған зерттеуші артына өлмес мұра қалдырған ақын ұрпақтарымен кездесіп, көптеген құнды деректерге жолыққанын бұлтартпас айғақтармен дәлелді түрде келтіріп жазады. Содан араға 18 жыл салып "Жалын" журналында "Сегіз сері деген кім?"атты өзіне-өзі карсы мақала шығарады. Өзі халыққа кеңінен насихаттап жазып жүрген тарихшы И.Кенжалиев аяқастынан Сегіз серіні танымай, тулап шыға келгені өте күдікті жайт болды. Өзін-өзі жоққа шығарушының бар уәжі - М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба корындағы деректердің күмәнділігі. Тарихшы ғалым неге өзінің көзі жетіп, көңілі сенбеген іске калам тербегендігі түсініксіз. Осы дауға катысты дәлелді де бұлжытпас айғақты деректерге толы карсы мақала республикаға кеңінен тарайтын "Сарыарқа" журналында Тағы да Сегіз сері хақында" деген тақырыппен жарияланды. Бірақ қарсы топ мұндай уәжді, байыпты пікірлер мен қарсы мақалаларға көңіл аударуға жүректері дауаламайды. Пікірталасқа қатысушы адам - өнер зерттеушісі, республикалық музыка қайраткерлері одағының мүшесі Қайыржан Байпақұлы Мақанов.
  2000 жылдан бастап "Ана тілі" газетінде Б.Кәртен дейтін автордың "Сегіз сері ертегісі атты көлемді мақаласы шықты. Бұл автордың айтар түпкі ойының әлгі Сегіз сері төңірегіндегі дауды бастап жүрген И.Кенжалиевтің заңды жалғасы екендігін аңғару қиынға соқпады. Өте ыждаһатты түрде дайындалған, ұйымдасқан тірліктің түп мақсаты әдебиет тарихынан Сегіз серіні мүлдем аластатып, халық санасындағы өнерпазға деген қошеметке көлеңке түсіргісі келетін кертартпа, көкезулердің қылығы екендігін бірден әшкере етіп апды. Осы тақылеттес тақырыпта тағы да біраз қарсы мақалалар дайындалып баспа бетінен көрінді. Филология Ғ.Д., әдебиетші ғалым Ш.Керімнің "Өкінішті әрекет" атты мақаласында тіпті Сегіз сері өмірде болмаған адам, оны "сегізтанушылар (?) қолдан жа- сап жүр" дейтін де уәжге барды.
  Ш.Керімнің болжамынша "Жас Алаш" газетіндегі "Екі кісі бір жақ, екі жүз кісі бір жақ" тақырыбындағы Б.Кәртен мен И.Кенжалиевтің қара күйелі мақалаларына жауап жазбаны да "сегізтанушылар" дайындап, Петропавл қаласының тұрғындары Қайролла Мұқанов пен Социал Жұмабаевтың атынан берді деп сырттан тон піше сөйлейді. Шәмшиден Керім, шын мәнінде, аталмыш авторлар Қызылжар қаласының қарт тұрғындары екендігінен де, сол өлкенің қазіргі сөз білер, өткен бабалар мұрасын жиып-теріп жүрген ұлт рухына барынша адал қызметшілер екендігінен де бейхабарлығын көрсетті. Себебі, біз де осы жұмысымызды зерттеу барысында 2001 жылы Омбы қаласына арнайы барып, Қызылжар, Гултөбе-Маманай қоныстарындағы шежі- реші қарттармен жүздесіп, Сегіз серінің, Қожаберген жыраудың төңірегіндегі әңгімені туған топырағындағы ұрпақтарынан барынша байыппен тыңдағанбыз, керегін жазып алғанбыз. Осы сапарда көзіміз жеткен бір ақиқат - Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында құрылған 'Асыл мұра" орталығының кезекті жиылы- сында "Қожаберген жырау" атты кітаптың тұсаукесері. Құрастырушылар: Ғалым Қадырәліұлы, Қайролла Мұқанов, Социал Жұмабаев еді. Кітап қазақ-орыс тілдеріндегі зерттеу мақалалар мен құнды деректерден тұрады. Авторлардың қатары тарихшы ғалымдармен толыққан Ш.Керімнің жалалы мақаласындағы авторларға таққан кінәсі негізсіз екендігіне көзіміз содан жеткен. Ш.Керімнің негізсіз байбаламдарының тағы бірі "сегізтанушылар" деген тырнақшалы терминінің астарын байқап көрелік.
  Сегіз сері жайында алғаш сөз бастап айтқан құдіретті қалам иесі Ғ.Мүсірепов "Ұлпанды" былай қойғанда (себебі, қаралаушы топ "Ұлпанды" көркем шығарма деп қана таниды) Ғабиттің күнделігіне үңілуге қарсы топтың ары жібермейді. Қойын дәптерінде Ғабең білер әңгімесінің бас-аяғын тәптіштеп жазбаған."Сегіз сері - ақын" деген тақырыппен "Сері, ақын әнші, балуан..", Гауһартас", "Жылы ой", "Ғайни", "Әйкен - ай", "Топқараған", "Қарғаш", "Мақпал" әндерін шығарған", - деп бітіреді.
 Сегіз сері жайында жазған келесі адам әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.к. Есенкелді Жақыпов "Дастаннан драмаға" атты қазақ драматургиясын зерттеу еңбегінде "Айман - Шолпан" жырының авторы ретінде Сегіз серіні танитындығын ашық түрде тәптіштеп жазады. Сол уақытта бұл ақиқатқа күмән тудырған ешбір қаламгер де, колденең оқырман да болмаған. Одан кейін "сегіз танушылар" "сендірген" адам - академик Ә.Марғұлан. Бұл жөнінде әңгімеміздің басында айтылған "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы" атты кітапты Қазақ КСР Ғылым ака- демиясы, М.О.Әуезов атындағы өнер институты дайындаған 1985 жылы "Ғылым" баспасынан жарық көрген. Бұл - жинақ-хрестоматия. XIX ғасырда өмір сүрген ақындар шығармаларына орын берілген. Сегіз серінің он шақты өлеңін ұсынған. Ескеретін жайт - осы жинақтардағы барлық ақындардың дерлік өлең-жырлары институттың қолжазба қорынан дайындалғандығы. Кітапты құрастыруға қатысқандар: Ә.Дербісалин, Б.Ақмұқанова, С.Дәуітов, М.Жармұқамедов, Ө.Күмісбаев, Ж.Тілепов, Қ.Сыдиқов, Г.Тұрсынова. Әрмен қарай сегізтанушылар қатарынан тағы да әдебиетші ғалым ф.ғ.к. М.Жармұхамедов 1988 жылы "Ғылым" баспасынан жарық көрген "XIX ғасырдағы қазақ ақындары" атты жинақта "Сегіз сері Шақшақовты" бүге-шігесіне дейін жазып, оқулыққа кіргізеді. Бұл тараушада Жармұқамедов Сегіздің төкпе ақындығымен қатар, сал-серілік дәстүрі, әнші-күйшілік, шешендік өнерін кеңінен сөз қылатын қаламгер-зерттеушілерді тізіп береді. Олар: С.Әліпов, К.Жексенов, С.Барқытов, Ж.Бектұров, Қ. Мұқамедқанов, М.Болатов, Б.Кенжеғозин Е.Қалданов, Е.Рахмадиев, І.Жақанов, Н.Әбуталиев, Ә.Марғұлан М.Жармұқамедов секілді зерттеушілер дейді. Осы кітаптың редакциялық коллегия мүшелері З.Ахметов, М.Базарбаев, Ә.Дербісалин, М.Жармұқамедов, Қ.Сыдиков та еш күмәнсіз Сегіз сері тараушасын кітапқа жіберген. Ал қарсы топ бұл кітапты да назардан тыс қалдырып отыр.
  Белгілі драматург, жазушы әрі Сегіз серінің, Қожабергеннің мұраларын мұқият жинаушы Нәбиден Әбутәлиев "Сегіз сері" кітабын шығарды. Осы тақырыпта драмалық шығарма жазды. Қаншама ғылыми негізді мақалалар жариялады. Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың иегері Н.Әбуталиев - Қазақстан Ғылым академиясы, Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған материалдарды жинаған тапқан адам. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931) жазбаларының Қожаберген жырауға арналған жолдарынан Асанбек шешен Нұрғожаұлы (1752-1846), Жанақ Сағындықұлы (1770- 1845) және басқалардың жырларынан құнды деректер алған. Жиырма жылдан астам уақыт ізденістің арқасында фольклоршы ғалымдардың қолына түсіп, академиялық институттың қолжазбалар қорында, кітапханаларда сақталған Сегіз серінің шығармаларын жинап, 1991 жылы "Жалын" баспасынан жарыққа шығарған Нәбиденнің "Өттің, дүние!" пьесасы және оның спектаклі арқылы Махамбет бейнесін жасауы өзінен бұрынғы Ығылман Шөрекұлы, академик Қажым Жұмалиев сияқты қаламгерлердің де арманы жүзеге асты деп білемін деп ағынан жарылған қаламдасы Сапабек Әсіп "Егемен Қазақстан" газетінде "Қоламтадан от тұтатқан қаламгер" атты көлемді мақала жариялады. Б.Кәртеннің кезекті күйелі мақаласына "Жас Алаш" газетінде өзінің тиянақты уәжін берген де осы Н.Әбутәлиев.
  "Мамандығы әдебиетші болмаса да, сөз өнеріне талғамы күшті, ұзақ жылдар бойында фольклор мен ақындар поэзиясының асыл үлгілерін жинап, жариялап, елеулі іс тындырған Сейітқали Қарамендин. Ол - қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай туып- өскен, сөз өнерін кие санаған елдің перзенті. Жасынан ақын жыршы, шешендер сөзін көп естіп, зердесіне тоқыған жадында сақталған ақық сөздер мен аңыз-әңгімелердің бәрі болмаса да көбі хатқа түсіп, баспасөз бетінде жарияланып, кейбіреулері кітап болып шығуы да аз олжа емес. С.Қарамендин оларды Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған мақала ретінде жарияланғандары да баршылық. Солардың қатарында "Бөгенбай батыр", "Еңлік- Кебек", "Қалқаман-Мамыр", "Төрт Бөгенбай", "Көбей би", "Наурызбай-Фатима", "Сегіз сері", "Бұғыбай батыр", "Шежіре туралы шындық", "Өліге құрмет - тіріге міндет" тәрізді жарияланымдарды көрсетуге болады", - деп жазады "Қазақ әдебиеті" газетінде академик Р.Бердібаев. Аталмыш авторымыздың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы орасан зор еңбегін біз академиктен артық айта алмаймыз. Енді осы адамның Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған ұшан-теңіз әдеби жә-

Ер Сегіз
Жігіттер, өнер қусаң,                                       Бәрін де туысқандай баурап алды,
Сегізге ұқса,                                                      Деген жоқ мынау алыс, мынау жақын

Шәкірті ем Сегіз сері атым Мұса.               Қайтпаған жаудан оның жас жүрегі,
Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,        Талмаған сан майданда ақ білегі.
Үш жүзде Ер Сегіздей көп ұл туса.            Таралған қолтаңбамен Кіші жүзде,
                                                                             Сегіздің "Айман-Шолпан", "Қыз Жібегі".
Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,
Төгетін жиындарда асқақ жырды.              Сегізде толып жатыр тамаша әндер,
Омбыда Мүкәрама сұлуға арнап,               "Әйкен-ай", "Жылы ой", "Қарғаш",
Шығарған алғашқы әні "Назқоңырды".                                               "Бес қарагер",

                                                                              "Шолпан қыз", "Дайдидау" мен
Әулеті Сегіз шыққан шын асыл тек,                                                     "Боз қараған",
Орынсыз еш пендені көрмеген жек.          Бәрі де ол шығарған ғажап әндер.
Баянда бір апама құрбылықпен
Шығарған тамаша әннің бірі - "Ақбет".        Сегіздің жұрт сүйсінген әндеріне,
                                                                               Жатады "Ақбұлақ" пен "Дуние-ай" терме.
Сал Сегіз әуес болған нақ Құндызға,           Бұлардан ешқашан да кем түспейді
Көз салған әр елдегі шын жұлдызға.          "Туған жер", Ғұмыр" дейтін өлеңі де.
Шығарған "Қыз сипаты", "Ғайни" әнін,
Еркесі Ысық жұрты Ғайни қызға.                  Ер Сегіз басшы болған қалың қолға,
                                                                                Ел малын айырарда жаудан жолда.
Сардар еді Сегіз сері тура сөзді,                  Сүйсініп жорықтарда мінер атқа,
Ер еді аса көркем, иман жүзді.                     Шығарған бір жақсы әні - "Құла жорға".
Жолығып Үшбурылда Патшайымға,
Арнаған әсем әнін - "Қаракөзді".                   Ақындық көрінгенге қона алмайды,
                                                                                Кез келген келістіріп ән салмайды.
Сал Сегіз өзге ақыннан болған басым,       Кейбіреу мен пәленмін десе-дағы,
Шығарды Мақпалға арнап                               Бәрібір Ер Сегізбен тең болмайды.
                                               Гауһартасын".
Ән салып, күй шығарып, дастан жырлап,   Бозбала әнге салсаң Сегіздей сал
Әр жердің тамсандырған кәрі-жасын.         Үнемі разы болсын жас пенен шал.

                                                                                 Олжасын ғаріптерге үлестіріп, 

Сегіздің алдын көрген талай ақын,                Ұстазым жинамаған дүние-мал.

Ұстазым берді оларға дұрыс ақыл.
                                                                                                          Жаяу Мұса БАЙЖАНҰЛЫ.

дігерлерін біздің фольклорист ғалымдарымыз ел кәдесіне қалай асырып жүргендігі бір төбе әңгіме де, Сегіз серіге қатысты жазбалары "іске жарамсыз" деп табылады. С.Қарамендин жинаған мұралардың барлығы халық қазынасы болып табылады да, ішіндегі Сегіз серінің өлең-жырлары неге татымсыз болып шыға келеді? Бұл яғни Сегізді мансұқтаушылардың сыңарезу, бір - жақты пікірі. Қазақта "жақтырмаған бақсының демі сасық" деген мақалды осы тұста Сегіз серінің әдебиет тарихындағы бүгінгі тағдырын сергелдеңге түсірушілерге айтуға тура келіп тұр. Әдебиет тарихынан Сегіз сері Шақшақовты мүлдем аластатқысы келгендер саны аз более да күйесі мол боп тұр.

  Әңгіме Сегізге қатысты болған тұстарда Арқада 1845 жылы Сәтбай Шөтікұлының үйіндегі қуаныш - Имантайдың шілдеханасында қазақтың барлық игі жақсылары мен Сегіз сері де қонақ болса керек. "Ақиқат" журналында әдебиетші ғалым Ш.Сәтбаева "Сегіз серінің мадақ өлеңдерінің тарихилығы" атты тақырыпта үлкен еңбек жазған. Сегізді тарихтан сызып тастап жүрген азаматтар Сәтбайдың тұқымы, ғұлама ғалым Қаныштың қызы, профессор, қазақ әдебиетінің тарихи мәселелерімен айналысқан Шәмшиябанудың бұл еңбегін назарларынан тыс қалдырады. Сегіз сері Имантайдың атын қойыпты дегенге мұрындарын шүйіріп қараушылар енді Қаныштың қызы жазған ақиқатқа қалай қарайтындығын Алла білсін "Сегіз сері Шақшақов пен Сәтбай Шөтікұлы (1823-1902) жүзбе-жүз кездесіп, сыйлас - қадірлес болған. Мүмкін, Сәтбайдың әкесі де, атасы да бүкіл ауыл Шақшақовтармен бұрын таныс болуы, өйткені, арғы аталары - Толыбай сыншының ұрпақтары қолөнер, аңшылық, құсбегілік-саятшылық, емшілік өнер иелері болған әрі оларға ақындық батырлық та дарыған деседі. Бұл - Ш.Сәтбаеваның өз ата-баба тарихынан жазған бір үзік сыры.
  Бұдан әрі әдебиетші ғалым Ш.Сәтбаева Сегіздің өз атасына айтқан арнау өлеңінің түп-төркінін талдап, өлеңдегі аты аталатын қазақтың игі жақсыларының қадір-қасиеттерін тіл құдіретімен суреттеуін саралап береді. Арнау-батаның өн бойындағы сөз болған қазақтың сол уақыт пен ілгерісінде ғұмыр кешкен батыр-бағландарының, би - шешендерінің тарихи тұрғыдағы салмақ дәрежесін Сегіз сері өлеңімен өрілген өрнекті тұстарын талдайды. "Сегіз серінің бұл өлеңінде талай тарих сырлары ашылған. Шығарма ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атасы Сәтбай отбасында шығарылуымен құнды. Бұл арнау өлеңде Сегіз сері "Сәтбай атаң секілді сабырлы бол" деп Сәтбай атын бірінші рет өлеңге қосуы, ол кезде Сәтбайдың жас та болса бойында байсалдылық, сабырлылық қасиеттері қалыптасқанын айтады.

  Қазақтың ғалым қызының Сегіз сері туралы жазған еңбегі бұл ғана емес. 1999 жылы жарық көрген "Сәулелі әулет" кітабында, 2000 жылы оқырман қолына тиген "Уақыт шуағы" кітабында да Сегіз серінің шығармашылық келбетіне кеңінен тоқталған. Мысалға, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабарларында Ш.Сәт- баеваның "Ода сыры" атты мақаласында былай делінген: "Оданың негізі - өмір, ондағы қуаныш, сән-салтанат болғандықтан, талай халықтардың көркемсөз саптауларында, ой-түйіндерінде, әдебиетінде осы жанрдың кездесуі - заңды дүние. Қазақ поэзиясында мадақтау, дәріптеу жырлары фольклордан жыраулар, ақындар шығармашылықтарынан бастау алып, XIX ғасырда қалыптасты да, кейінірек біршама дамыды. "Ораз ақынның Балқы Базарды мадақтауы" сияқты өлең-жырлар баршылық десек, қазақ поэзиясында өткен ғасырда оданың дамуына Сегіз сері ақын да едәуір үлес қосты". Ғалымның осынау ғылыми негізді еңбегі де әдебиетті әр қырынан саралап жүрген жандардың көзіне ілігетін дүние емес пе?
  Сегіз сері байып батқан күндей шапағы әлі күнге ел-жұртының жүрегіне нұрын құйып тұрғаны айдай әлемге айқын. Әрине, Сегіз серіні аспандатамыз деп жербауырлатып алған кейбір авторларымыз да болды. Сексенінші жылдар ішінде М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аясында "Ескі ескерткіштерді қорғау" қоғамдық ұйымы жұмыс атқарғаны тарихтан белгілі. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болып 14 жыл қатарынан қызмет атқарған Сұлтан Жиенбаев зей- нетке шыққасын жаңағы қоғамдық қорды басқарып тұрған. Бұл қорға Үкіметтен мезгіл сайын қомақты қаржы аударылып, оны игеру жолдары қарастырылып, әртүрлі шараларға барған. Сонда А.Сатаев, С.Қарамендин Қ.Биғожин, т.б. ауыз әдебиет үлгілерін жинаушылар қазақ даласының түкпір-түкпірінен хат арқылы қолжазба қорына талай - талай елішілік ескі әңгімелерді, ақындарға, батырларға қатысты кез келген деректерді жіберіп тұрған екен. Және әр жіберген деректері үшін әжептәуір ақша-қаламақы алып отырған. Бұл әңгімені Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеуші, жазушы-композитор Ілия Жақанов ағамызбен күні кеше ғана Сегізге қатысты сұхбаттасқанымда айтып берген еді. Сексенінші жылдардың басында Гауһартас" деген әңгімесі жарық көргенде Қазақстанның халық жазушысы, Сегіз серінің жерлесі Ғабит Мүсірепов телефон шалып, серіні ұмыттырмай ұлықтағанын үшін деп алғысын да айтқандығын құрметпен еске алды. "Және де Сегіз серінің Ақан сері, Біржан сал сынды қазақтың біртуар өнерпаздарының алдындағы көшбасшы, ұстазы екеніне, Әлкей Марғұлан мен Ғабит Мүсіреповтің пікірінің ақиқат екеніне еш күмәнім жоқ, Сегіз серінің аруағының алдында арым таза", - деп ағынан жарылған Ілия ағама Тәңірінің нұры жаусын!
  Біздің Сегізге қатысты кейбір қолжазба қорындағы ұшқары деректерді пайдаланып келгеніміз кей жағдайда кері әсер еткенін білмей де қалған болуымыз керек. Ендігі кезекте Сегіз серіге неге сөз келтірдік деген күмән-күдікті өз тарапымыздан да іздеп, Сегізді артық ұлықтаймыз деп ұмыттыра жаздағанымызды, артық қыламыз деп тыртық қыла жаздағанымызды ескеріп, бір адамның бойына шақ өнерін, тамаша қолтаңбалы әндерін ғана насихаттап, барымен базарлай білсек, баянды болар еді. Биыл ардақты Серінің туғанына 200 жыл толуына орай туған өлкесі - Қызылжар қаласының ортасынан атына көше беріліп, еңселі ескерткіші бой көтереді деп имандай сенетінімді білдіргім келеді.


Дәулеткерей КӘПҰЛЫ,
ақын, әдебиет зерттеуші,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері.
Суретті салғандар
Қуаныш ТЛЕУКИН, Нұрбек ДОСБАЕВ.


КӘПҰЛЫ Д. Сегіз сері - жұлдызы алашымның // Солтүстік Қазақстан. - 2018. - 15 наурыз. - 7 Б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий