Сарытомар-киелі мекен

17 августа 2018 - Кабиева Р.

Ұлты үшін теперіш көріп, тарихтан уақытша аты жойылса да, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған ақынның табанының ізі қалған қасиетті жерді басып, жыр пайғамбарының туған ауылы - Сарытомар ауылының жай-күйімен танысып, ақын тағдыры жайлы талай сырға қаның болудың өзі зор бақыт.

 

Қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы дүниеге келген ауылда бүгінде екі жүзден астам отбасы түтін түтетіп отыр. Өзге ауылдарда білім мен мәдениеттің жалғыз ғана ошағы - мектеп болса, Сарытомардағы Мәдениет үйі, мұражай, мешіт, фельдшерлік - амбулаторлық пункт халық игілігіне қызмет етуде. Ауыл тұрғындарының 90 пайызы жұмыспен қамтылған. Әзірше 20 үйге ауызсу тартылғанын, алдағы уақытта ауыл тұрғындары тіршілік нәрімен толық қамтамасыз етілетінін айтқан ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Шахметов:

-     Талантты ақынның маржан жырларын қаныға оқыған әр зиялы азаматтың ат басын бұрар ауыл болғандықтан, жауапкершілікті айқын сезінеміз. Келімді-кетімді кісілер рухани байып қана қоймай, елдің көркіне тамсанып кетсе екен деген оймен апта сайын сенбілік ұйымдастырамыз, - деді.

Тұрғындарының саны азайса да, киелі топырақты қимайтындардың арқасында ауыл іргесі сөгілді деуге келмейді. Керісінше, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 6 шаруа қожалығы кәсібін ашып, мал өсіріп, ауылдың әлеуетін нығайтуда. Өткен жылы "Көші-қон" бағдарламасы бойынша көшіп келген қандастарымыз ауыл мешітін, мұражайды, мектеп пен Мәдениет үйін, Сасықкөлдің маңындағы Мағжан Жұмабаевтың ескерткіш тасының айналасын жөндеп, абаттандыру ісіне қолғабыс етіп жатқан көрінеді.

-   Ұлы ақынның кіндік қаны тамған жерге көшіп келгенімізге бір жыл болды. Халықтың сүйікті ұлының ауылын көркейтуге өз үлесімізді қосуды азаматтық борышымыз санап, он шақты жігіт бірқатар нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен мал басын көбейтіп, шаруашылықпен айналысуды жоспарлап отырмыз, - дейді ауыл тұрғыны Байдәулет Серікбол.

Жастарға қолдау көрсетуді көздейтін "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы да бұл ауылда өз жемісін беруде. Сарытомарлықтардың көз қуанышына айналған оннан астам жас маманның дені ауылдағы орта мектепте жұмыс істейді. Мағжанның туғанына 115 жыл толуы қарсаңында күрделі жөндеуден өткен білім ордасының ескі ғимараты 2008 жылдан бастап мектеп жанындағы интернат ретінде бүлдіршіндерге есігін айқара ашыпты. Бүгінгі таңда мектепте жетпіске тарта оқушы білім алады. Мектеп ауылдың тірегі екенін жақсы білетін Сарытомарлықтар білім ордасы ойдағыдай қызмет етсе, балаларының болашағы үшін аландамай, ауыл тіршілігін дөңгелетіп жүре берері анық.

Сарытомардың топырағын қадір тұтатындар үшін ақынның мұражайы да қастерлі. Сталиндік зұлмат заманның құрығына ілігіп, тар жол тайғақ кешулерден өтіп, басынан талай тағдыр тауқыметін өткеріп, қайғы-қасірет шеккен Мағжан бабамыздың бұл мұражайын- да сақтаулы құжаттарда оның туған жерге жете алмай, сарғайған сағынышының ізі жатыр. Уақыт зобалаңына ұрынған Жұмабаевтар әулеті қуғын-сүргінге ұшырап, атылып, сталиндік репрессиядан қашып, жер ауып кеткен. Олардың кейбірінің жансыз суреті ғана мұражайда сақталып қалыпты. Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры Айгүл Жүнісбаева суреттермен қысқаша таныстырып, ақынның туыстары туралы мағлұмат берді.

Қуғын-сүргін кезінде "халық жауы" ретінде ойрандалған Жұмабаевтар әулетінен Қалижан мен Сабыржан Қырғызстанға өтіп кетеді. Бөтен елде жүрген Сабыржан барлық құжаттарында "қырғыз" болып жазылып, солай өмірден озған. Мағжанмен бірге сотталған Мұхамеджан он жыл уақытын түрмеде өткізіп келгеннен кейін Сасықкөлдің жағасында отырған отбасын алып, Ресейдің Омбы облысының Есілкөл ауданындағы Қасқат ауылына көшіп, сонда бас сауғалаған. Ақын атамыздың бауыры Сәлімжан да "халық жауының" туысы ретінде қуғын-сүргіннің құрығына екі рет түскен. Сәлімжанның зайыбы Бибізайып апай - Мағжанның отты елеңдерінің сақталып қалуына көп үлесін қосқан кісі. Ақынның кейбір өлеңдері осы кісінің аузынан жазылып алынған, - дейді Айгүл Теңдікқызы.

Мұражайда сақталған құнды заттардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың Омбы семинариясында оқып жүрген кезіндегі сыныптан сыныпқа кешіру хаттамалары, 1920-1922 жылдары Ақмола төтенше комитетінің орынбасары болып жұмыс істеп жүрген кезіндегі ашыққандарға көмек көрсету жөнінде қол қойған құжаттары, Көкшетау болысына барғандағы жазған баяндамасы және Мәскеуде болған кезіндегі ез қолымен толтырылған студенттік жеке парағы мен декларациясы, кітаптары бар.

Жұмабаевтар әулетінің қолданған заттары да кезге ерекше көрінеді. Солардың ішінде Мағжанның атасы Жұмабайдың қажылыққа барып, Мекке - Мединеден қолына ұстап келген Құраны мен жайнамазы, сол әулеттің текеметі, ыдыс-аяғы, кереуеті, ақын атамыздың қолының табы қалған басқа да заттары сақтаулы. Зылиха апайдың етігі мен шәлісі де көненің кезіндей болып, ішіне қаншама сыр бүгіп тұр. Тағы бір назар аударатын зат - Мағжан Жұмабаевтың фотосуреті. Айгүл Жүнісбаеваның айтуынша, Мағжанды абақтыға жапқан кезде туыстарының үйлерін тінтіп, қопармаған жер қалдырмаған. Сонда Әбәмүслім інісі Мағжанның суретін қабырғада ілулі тұрған Лениннің портретінің артына жасырған екен. Лениннің езі тұрмақ, портретіне қол тигізуге қорқатын жендеттер тек сол суретке тиіспепті. Әбәмүслімнің езін ұстап әкетіп бара жатқанда, ол зайыбы Күлбарамға бауырының суретін сақтауын тапсырған. Күлбарам бұл портрет жайында ешкімге тіс жармай келіп, әмірінің соңғы кездерінде ғана ұлы Қабдешке айтқан. Кейін Қабдештің балалары әке-шешесінің суретін түрлі-түсті фотоға ауыстырмақ болғанда соның сыртынан Мағжанның портреті шыққан екен.

Ауылдағы екіқабатты Мәдениет үйі 2008 жылы күрделі жөндеуден өтіпті. Биыл да жөндеу жұмыстары жасалып, қажетті құралдармен, музыкалық аспаптармен толық жабдықталған. Мұнда жыл сайын оқушылар арасында республикалық "Мағжан оқулары" өткізіледі. Ақынның жырын жаттап ескен балаларға Мағжанның туған жері - Сасықкөлдің жағасы, оның айналасындағы орман ерекше эсер етері сөзсіз.

Мәдениет үйіндегі кітапханада рухани құндылыққа құмар азаматтар үшін он мыңға жуық кітап қоры бар. Облыс көлемінде аты шығып жүрген "Туған жер" қазақ ұлттық-мәдени орталығы да осы Мәдениет үйінде.

Ақынның рухынан қуат алған Сарытомар ауылының Тәуелсіздік жылдарында бағындырған белестері осындай. Ажарын ашып, көркін келтіріп тұрған әлеуметтік нысандары бар ауылдан Мағжанын іздеген халық оның өмірі туралы терең таным, мол мағлұмат алып, ақын рухымен сырласып, марқайып қайтарына сенім мол.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

"Солтүстік Қазақстан".

 

Ж.Есенгелді,  Сарытомар – киелі мекен. // Soltustik Qazaqstan.- №73 (22246). -21.06.2018.-7б.

 


Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий