Мәңгілік өмір [Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау]

10 августа 2018 - Кабиева Р.

     Мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушылар бойына адамгершілік, инабаттылық, ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дарыту.

Әдіс-тәсілдері: Сахналық көрініс төрінде өткізіледі. «Дөңгелек стол» басындағы сұхбат. Сұрақ-жауап. Диспут.Тарихи-географиялық саяхат.

II.   Көрнекі құралдар:

1.  М.Жұмабаевтың портреті. (1893-1938ж.ж.).

2.      Мағжанның өлеңдерінен үзінділер, цитаталар жазылған плакаттар. («Мен жастарға сенемін», т.б.).

3.     «Мағжан жүрген жол» - тарихи-географиялық саяхат картасы.

4.  «Қазақ» - газетінің көшірмелері.

5.       Мағжан туралы әр жылдары шыққан әдеби шығармалар, еңбектер, «Педагогика» оқулығы.

6.  Техникалық (мультимедиалық) құралдар.

7.  Музыкалық аспаптар.

8.   Сол замандағы қазақ зиялыларының портреттері мен еңбектері.

9.  «Желтоқсан» құрбандарының портреттері.

III.   Әсем безендірілген сынып (акт залы). Киіз үй формасындағы сахна.

... Күңірене шыққан Құрманғазының «Қайран шешем» күйі. Сахнада абақты бейнеленеді. Темір тор. Май шам. Күңгірт. Темір тордың ар жағынан күңіренген үн естіледі: Мағжанның «Сағындым» өлеңін теміртордың артынан 1 оқушы баяу үнмен оқиды. (Мағжан рөлінде).:

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.     

«Қарашыгым, құлыным!» -деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жатқан үйім — қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.

Тапал. салқын, тым қараңгы үңгір тар,

Есігімде мықты қара құлып бар.

Кіп - кішкене терезелер темірлі,

Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! [ 1].

Өлең оқылып жатқанда «КарЛАГ» бейнефильмі, т.б. суреттемелер көрсетіледі. Өлең жолдары оқылған сайын дауыс жігерлене, өршелене түседі. Күй өні де күшейе түседі. Ана бейнесі шығады. Шаршаған, қажыған ана, қоңыр үнмен:

Құлыным.. ботам...!

     Мағжаным! Қу тагдыр, басыңа қайғы түсірді-ау ...

    Зар заман... Аясаңшы, ботамды,

    Мағжаным. жаным, қайдасын?

    Қарашыгым, құлыным...

Ана, бүгіліп, дауыс шығарып зарлап жылайды. Ана бейнесі өте бере, қайтадан «Қайран шеше» күйі орындалып тұрады.

Тергеуші Мағжан ісімен бөлме ішінде асықпай танысып отырады:

... Мағжан Бекенұлы Жұмабаев... 1893 жылы Ақмола

губерниясында бай болыстың семьясында туған. ¥лты-қазақ. Ол өкіметке қарсы «Алқа» үйірмесін ұйымдастырушылардың бірі және оның белсенді мүшесі.

Тергеуші өз өзімен сөйлескендей болып: «Алқа» үйірмесі- қазақ ұлтшылдарының жасырын ұйымы. Жұмабаев-жат пиғылды, революцияга қарсы, еңбекшілер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрган халық жауы. Оны жазалау қажет. Қолына қалам алып жаза бастайды.

Жұмабаевтың айыбы: Ол жасырын ұйымына енген және оны ұйымдастырушылардың бірі. Жасырын түрде ұлтшыл «Алқа» ұйымын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаган. Қылмыстың істер кодексінің 58 бабының 1, 8, 11 -тармақтарына сай М.Жұмабаев атылсын.[ 2].

1929 жыл. Москва, 12.03 Бутырка, ОГПУ шыгыс бөлім бастыгы: Павлов.

Кейіннен бұл үкім, 10 жылға қатал режимдегі Соловецки азап лагеріне каторгоға ауыстырылады. Мағжан осы Соловецки лагерінде 1929 жылдан 1936 жылға дейін жазықсыз сотталып, отырып шығады.

Бұл жолы жары Злиха, Максим Горькийге жолығып, Мағжанды мерзімінен бұрын шығуға жағдай жасайды.

Кешкілік үйде, шәй ішіп отырьп:

Мағжан: - Злиха, жаным, рахмет саған..Екі дүниеде де сені сүйіп өтем...

Злиха: - Жоқ, жаным, олай деме. Сен жазықсызсың, олар оны біледі, саған тағылған айып-жалған. Күндердің күнінде сені халқың, елің жатқа оқып, жыр қылып айтатьн болады.

Мағжан: - Енді олар маған тиісе қоймас. Жазықсыз болсам да жазамды өтедім ғой.. Мағжан Злиханы

бауырына басып тұрып, күбірлеп өлең оқиды:

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім патша, өзім қазы, өзім би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? [ 2].

Дегенмен, көп ұзамай Мағжан қайта тұтқұндалады.

1937 жыл. 29 желтоқсан. Мағжанның екінші және соңғы тұтқындалуы. Алматы, НКВД-ың ішкі түрмесі.

Тергеуші: - Ия, сонымен, ақыным, бұл жолы не айтасың? Енді сендей халық жауын арашалайтын ешкім болмайды. Мағжанның алдына келіп, келемеждеп күледі.

Мағжан: - Айтатынымды айтқам. Мен ешқандай халық жауы емеспін. Әрі, кінәлі болмасам да, жазамды өтедім ғой...

Тергеуші: - Солай де, сонда Жапондарға қызмет еткен мен екенмін ғой? Солай ма, иттің күшігі? Сен және сен сияқты итаршылардың ісі дәлелденген, енді қарсыласудан еш пайда жоқ, «Жазамды өтедім»- дейді ғой... Жоқ, ақыным, жазаң әлі өтелген жоқ... Өтелетін жазаң алда... Бұл жарық дүниеден көзің қашан кетеді, сонда ғана жазаң өтеледі. Төсінікті ме саған, сатқын![3].

Тергеуші кері бұрылып, стол үстінде күні бұрын жазылған бір парақ қағазды Мағжанға ұсынады.

Тергеуші: - Мә, одан да уақытты алмай мынаны оқы да қолыңды қой. Мүмкін содан кейін жазаң жеңілдер, кім білсін. (мысқылдап күледі)

Мағжан қағазды қолына алып, күбірлеп оқи бастайды.

«Желая искупить свою вину перед Советской властью, чистосердечно заявляю, что предъявленные мне обвинения в том, что я, Джумабаев, занимался на протяжении нескольких лет шпионской деятельностью в пользу одного из иностранных государств- подтверждаю. Шпионажем в пользу Японии, я Джумабаев, начал заниматься с 1919г. И продолжал эту работу до 1929 г. т.е. по день моего ареста и отправки в лагеря. По отбытию таковых и возвращения в Казахстан в 1936г. я возобновил свою шпионскую работу в пользу названного государства... .{ 3].

Магжан: - Бұл нагыз арандатушылық, мұны мен жазған да емеспін, өтірік жала, қолда қоймаймын.

Тергеуші: - Ә, солай де. (Осы уақытта жанында тұрған орындықты лезде көтеріп алып, Магжанның басына бар күшімен 3-4рет қатты ұрады. Мағжанның басы жарылып, есінен танып құлайды).

Тергеуші күзетшілерге «алып кетіңдер» деп бұйырады. Олар Мағжанды сүйретіп, камераға апарып тастайды. Қараңгы, суық тас еденде Мағжан ес-түссіз түні бойы жатып шыгады.

Таң ата есін жиған Мағжан, бетінің қанын сүртіп, анасын, өзінің жастық шағын еске алады. Өз-өзімен сөйлескендей болады:

Мағжан: - Мені не үшін бұл жендеттер тергейді?! Өз ұлтыммен елімді сүйгенім үшін бе? Онда тұрған не бар екен? Сол ұлттың ұлы емеспін бе? Ал, ұлы болдың екен, неге халқыңды, еліңді, жеріңді сүймеске? Ия, мен бұл қызыл империяны жақтамаймын, жек керем... Елімнің егемендігін, бостандығын қалаймын. Ал, сол да айып па? Бүгін болмаса, ертең, әйтеуір халқымның егемен алатыны сөзсіз. Мен оған сенемін. Мен елімнің жастарға сенемін. «Мен жастарға сенемін» өлеңін күбірлеп оқиды.

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарга сенемін!-

Мен, дегенмен де бүгінгі күн, болашақ үшін еңбек еткім келмеді ме, келді. Алайда, қызыл империяның жандайшаптары мені ел қатарына қосқылары келмеді емес пе? Өйткені, олар мені көре алмайды, қызғанады...

Өлеңін оқиды:

«Қайтуым хақ, белді буып тас қылып,

«Кет» деме, елім, ендімені басқа ұрып.

Дейтін болсаң «қой жырыңды, жырауым»,

Қобызымды қиратармын тасқа ұрып» деп жаздым да ғой... Қайран, Абай ата! Сондай жандайшаптар саған да қол көтеріп, жылатты-ау. Мен өлімнен енді қорықпаймын, маған өлім, менің ақ екенімді, ісімнің оң екендігін дәлелдейді.Өлеңін ақырын дауыспен оқиды:   

Сұм тағдырдың емес пе бұл мазагы,

Аз өмірде естен кетпес азабы.

Жаты түгіл, жақыныңа жексұрын

Болып, өзі тілесін деп қазаны.

Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын,

Жалмауыз жер мейлі жатсын, тоймасын.

Жансыз суык көзін қадап қу өлім,

«Тез»-деп күтіп, тісін шықыр қайрасын.

Бұлар, мені уақытша ғана мұқалтты, мен күндердің күнінде қайта оралам...

Жігер, шіркін, желінді

Болат жеген кайрақтай. Мешеу болды жүйрік ой Кететін оргып айдатпай. Қолды қардан оқ үзді, Ордага байрақ байлатпай. Өлер өмір, сөз қалар

Молдага қойган сайғақтай...

- Жоқ, олар қателеседі... Мені өлтірем дейді. Ал, мен өлмеймін, өйткені:

Мен-Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар,

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туган, Ғұннан туған пайғамбар!

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жогын білмейді.

Өзім патша, өзім қазы, өзім би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді!?-

Менің қорқатыным, бір-ақ нәрсе. Ол, ертең мына жендеттер менің жанымды алғаннан кейін, айдалада жалғыз молам ғана тұрады..., өлең оқиды:

"Болмаса басыма да бармас па екен?

Атымды аузына да алмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалгыз тұрган

Молама көз қырын да салмас па екен?

Дариға сол кездерде күнім қараң,

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған

Болгайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маган"....[ 4].

-    Қош, елім, бауырларым, анашым. Мен кінәлі емеспін. Түбі бір әділет орнар, сонда ұрпақтар мені ақтар. Қош...Осы кезде милиционер есікті ашып, «Жүр, тергеуге» деп Мағжанды тергеу камерасына итеріп алып кетеді.

ОГПУ тергеушісі алдын ала дайндалып қойған №377 хаттаманы қатал үнмен оқиды: Сахнада жүдеу тартқан Мағжан.

«№ 377 хаттама. 11.02.1938жыл. М.Жұмабаев контрреволюционер, Совет үкіметіне қарсы астыртын ұйым құрып, шет ел пайдасына шпиондық арандатушылық іспен айналысты. Қылмысты істер кодексінің 58 статьясының 7,8,10,11 - баптары бойынша қылмысты деп танылып, ату жазасына кесілсін» [ 4].

Тергеуші: - Әкетіңдер, дереу жаза орындалсын.

Күзетшілер М.Жұмабаевты жұлқылап сүйретіп әкетеді.

19.03.1938жыл. НКВД-ың ішкі түрмесі: Милиционер Мағжанның атылу актісін дауыстап оқиды: «Жұмабаев Мағжан Бекенұлы. № 377хаттама қаулысы бойынша үкім жүзеге асты, 1938 жылы 19 наурызда атылды». Кіші лейтенант Гайков.

Тергеуші: -Жақсы болған екен, бір жаудан құтылдық. «Жоғарғыға баяндайын» деп сыртқа шығып кетеді.

Осы арада «Алжир», т.б. 1930 жылдардағы қызыл террорды суреттейтін бейне фильмер көрсетіліп тұрады. М.Дулатовтың «Қайда едің» әні домбырамен айтылады. (Ол ән болмаса басқа әнді айтуға болады.)

М.Жұмабаев рөліндегі оқушы темір тордың арғы жағынан Мағжанның өлеңін оқиды.

Сахнада бір сәт үнсіздік. Құрманғазының «Қайран шешем» күйі орындалуда.

Өлең біте бере май шам өшіріледі. Музыка үні бәсеңсиді. Сахнаға студент /оқушы/ шығады. Ол Мағжанның «Мен кім» деген өлеңін мәнерлеп оқиды:

«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

     Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

     Көкте - бұлт, жерде — желмін гулеген,

                 Жер еркесі — желдің жөнін кі.м сұрар?-

деп әрі  қарай өлең оқыла береді. [1].

Жүргізуші ұстаз /оқытушы/:

- Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты кейіпкері кім деп ойлайсыңдар?

Оқушылар /студенттер/: -Мағжан Жұмабаев.

-Дұрыс.

Жүргізуші ұстаз: -Жалпы М.Жұмабаев кім, не қылған адам?

1 оқушы:       - Жаңағы оқылған «Мен кім» өлеңінде Мағжан өзінің кім екендігін айтып кетті. Жалпы, ұлылар өз төреліктерін тарихта өздеріне өздері берген. Оған Пушкинді, Лермонтовты, Байронды, т.б. ақындарды жатқызуға болады. Мағжан өзі айтпақшы, ол арыстан, дауылпаз да қаһарлы ақын, ол тұлпар, шабысынан бір танбаған. Ол азат өмірді, елдің егемендігін аңсап, жырлап өткен айбарлы ақын!

2 оқушы:- Мен Мағжандай ұлтжанды азамат болуды қалар едім.

Ұстаз: - Ендеше М.Жұмабаев өмірінен сыр шертсек.

3 оқушы:- Мағжан Бекенұлы Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл ауылында 1893 жылы дүниеге келген. Әкесі Бекен ауқатты кісі болған. Мағжан төрт жасында ауыл молласынан хат танып, 1905 жылы Петропавлдағы медреседе оқиды. 1910 жылы Бекмұқамбет Серкебаевпен бірге Уфадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Сонда жүріп Б.Майлинмен, т.б. ақындармен танысады. Осыдан соң Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі де, оны бітірген соң мұғалім боп еңбек етеді. Омбыда Сәкен Сейфуллинмен, т.б. қазақ халқының зиялыларымен танысады.

1912 жылы «Шолпан» атты өлеңдер жинағы шығады.[4].

Жүргізуші: - Мағжанның осы жинағынан кім өлең оқиды? Бір оқушы Мағжанның «Махаббат не?» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Махаббат - бір тікенек, Жүрекке барып қадалар. Бақытсыз ғой бұл жүрек, Тамшылап одан қан ағар...

Тез жазылмақ бұл жара,

Бал тілімен сүйсе жар.

Сүймесе жүрек, дариға,

Өлер жөрек, қансырар.

Махаббат - бір тәтті у. Ішер жүрек, болар мас, Дүниедегі у мен шу

                     Мас жүректі оятпас.[2].

Жүргізуші: - Балалар, Мағжан қандай ақын?

Оқушылар: -Лирик ақын, символист, жалынды реалист ақын, сезімтал ақын. Оны оның сыршыл өлеңдерін оқығаннан білеміз...

Ұстаз: -Ендеше қазір біз 3 топқа бөлініп Мағжанның ақындығы туралы сырлассақ.

1-  топқа:  Өнер, білім жайында ¥лы ақын «Алаш» жұртына өлеңмен ұран тастай алды ма?

2-  топқа:  «Қазақ тіліне» деген Мағжанның жанашырлығын қандай өлеңі арқылы дәлелдей алар едіңдер?

3-  топқа:  Абайдың «Махаббатсыз дүние бос» деген сөзін Мағжан қостады ма?

Жәрдемші топқа: «Жыл мезгілдері» туралы. Мағжан өлеңдерінің қуаты мен құдіреттілігі неде деп ойлайсыңдар? Әр топ өз жауаптарын білдіреді.

1-топтың жауабы: -Әрине, Мағжан Алаш жұртына өлеңімен де, ісімен де ұран тастады. Ол оқу, білім алуға шақырды. Оған мына бір өлеңі дәлел.

Баска жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін де өнер-білім ашып жатыр.

Бірі- ай, бірі-жұлдыз, бірі-күн боп,

Жалтылдап көктен нұрын шашып

жатыр.

Таласып өнер-білім алып жатыр,

Күнбе-күн алга қарай басып жатыр.

От жегіп, көкке ұшып, суда жүзіп,

Тәңірінің рахметіне жарып жатыр.

Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсақ,

Қазекең таңқаларлық кезде жатыр, - деп, қазақ халқының қараңғы қалып бара жатқанына жанының ашитындығын білдіреді.

2-оқушы: - Мен бұл' өлеңді Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңімен С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне», Абайдың «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерімен салыстырар едім.

II топтың жауабы. Оқушы: - М.Жұмабаев 1913 жылы «Қазақ тілі» деген өлеңінде:

Қыран кұстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар, Алтай — алтын ана есте жоқ

Батыр, хандар-асқан жандар ұмытылды.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен багасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

Жарық кормей, жатсаң да ұзақ, кең тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Таралган түрік балаларын бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аларсын, сен тілім.

Оқушы: -Мағжан қазақ тіліне, жалпы тіл мәдениетіне ерекше көңіл бөлген кісі. Ол тіл туралы «Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт, дүниеге ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт- тілі болуы». (М.Жұмабаев)

Оқушы: -Өкінішке орай, күні бүгінге дейін кейбір қазақтың қыздары мен жігіттері бір-бірімен орысша сөйлеседі. Бұл мәдениетсіздік дер едім. Өзінің ұлтын силамаушылық. Дүниеде бірде-бір ұлт басқа тілде бір- бірімен сөйлеспейді. Осы тіл үшін, егемендік үшін, қазақ халқының талай арыстары өздерінің бастарын өлімгеде тікті емес пе?

Оқушы: - Иә, дұрыс айтасың. Сонау қаһарлы жылдары мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударлып кетті емес пе? Кейбір деректерге қарағанда 6 миллиондай адам қуғын сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Солардың ішінде 25 мың қазақтар мен қазақстандықтар да бар. Әсіресе, қазақ халқының ұлылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Ә.Бөкейханов, тіпті айта берсең уақыт та жетпес.

Оқушы тұрып: - Менің де атам 1937 жылы колхозда еңбек етіп жүргенде өтірік жалалы болып, сол жылы әжемнің айтуы бойынша «Ит жеккенге» жер аударылып, содан хабарсыз кеткен. Кейіннен атылған.

Оқушы: - Сол кезде Қазақ халқының талай ұлы адамдарының жазықсыз құрбан болғаны қандай өкінішті.

Жүргізуші ұстаз: - Балалар, жазықсыз құрбан болғандарды, бір минут еске алайық...! Үнсіздік. Азалы музыка ойнайды.

Оқушы: - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы әлі күнге дейін көз алдымда тұрғандай. ССРО-ның сол кездегі әділетсіз саясатына наразылық білдірген жастар алаңға шығып еді. Сонда да өрімдей жастар сол кездегі Кеңестер үкіметінің әділетсіздігін айтып, алғаш рет егемендік мәселесін көтерді. (Мағжанның жастарға арнаған өлеңі оқылады.)

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін...!-деп оқушы М.Жұмабаев рөлінде өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Оқушы: Желтоқсан оқиғасына байланысты «Желтоқсан әні» шыққан еді. Мен сол әнді домбыраға қосып айтып берейін. (Домбырамен ән айтылады). Ән айтылып жатқанда желтоқсан оқиғасы түсірілген бейне фильм көрсетіледі, оның құрбандарының портреті, сөреттері ілінеді. Бейне фильм әнмен аяқталады.

Ұстаз:- Иә, балалар, желтоқсан оқиғасы бөкіл елімізді қала берді бөкіл дөние жөзін дөр сілкіндірді. Бұл халықтың қызыл империяға деген айбынды өні еді.

Мағжан өмітін біздің қазақтың ұл-қыздары осы жолы шьш ақтады. Алаңда көбіне біздің жастарымыз болды. Халықтың сана сезімінің өскенін,оны қанша уландырса да уланбағаньш осыдан көруге болады. «Желтоқсан» өні ешқашан өмыт болмайды.

ІІІ топтың жауабы. Оқушы: -М.Әуезовте, С.Мұқанов, керек десеңіз, В.Брюсов Мағжанды ерекше талант иесі деп таныған.

М.Әуезов: - «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... Бұдан соң Мағжанды сүйемін» деген екен. В.Брюсов Мағжанды «қазақтың Пушкины» деген. Сондықтан да Мағжан мен Абай бір-бірін толықтырып тұрған сыршыл жүректі ақындар. Олар ұлтымыздың ұлы мақтаныштары!

Оқушылар кезекпен Абай мен Мағжанның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз бағаларын береді. Екеуінің сөздеріне жазылған әндер орындалады. (3-4 ән кезекпен орындалады).

Жүргізуші ұстаз: - Балалар, біз Мағжанды ақын ретінде таныдық. Сонымен қатар, Мағжан біз үшін кім? Мағжан жалғыз ақылдығымен ғана ұлы ма? Қалай ойлайсыңдар?

Оқушы: Мағжан ең алдымен азамат: ол елін сүйген патриот, қазақ халқы үшін өз жанын пида еткен. «Ұлтым», «қазағым», - деп түрік елін жырлап өткен. Тотаритарлық жүйемен батыл күресіп өткен, халықтың батыр ұлы.

Оқушы: М.Жұмабаев НКВД-ың қолына бірінші рет 1929 жылы шілдеде түседі. Сонымен қатар, 1930 жылдары ұлтымыздың бір топ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, т.б. тұтқындалады.

Қайран, Мағжан!... Қанша қайғы тартсаң да, елің үшін майыспай өткен ер жүрек асыл ағам-ай! Сенің үнің, ісің ғасырларға жалғасады!

     Музыка үні. Оқушы сахнаға шығып: Иә, Мағжан өлгенмен оның аты, ісі өлмейді. Қуанышты үнмен:

      1959 жыл. Түркістан әскери трибуналының шешімі:     

      «Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ісі қаралды. Оның ісінде ешқандай арандатушылық жоқ. Совет үкіметіне қарсы астыртын ұйым құрмаған. Жазықсыз атылған. М.Жұмабаев осыған орай ақталсын».

Оқушы (студент): - Мағжан аға! Сіз бір кездері басыңызға қайғьшың қара бұлты үйірілгенде «Мені де, кейіннен біреулер еске алар ма екен» - деп айтып едіңіз. Біз сізді ешқашан ұмытқан емеспіз. Міне, сіз ақсыз. Сізден жалған айып алынды. Сіз ақсыз! Қазағыңызға қайта оралдыңыз. Сіз мәңгі өмір сүресіз.сіздің есіміңіз ғасырдан ғасырға тарайды. Сіз бақыттысыз!

Оқушы: - Иә, талай боздақтар жазықсыз жапа шегіп, атылып кетті. Алайда олардың өлімі бекер болмады. Бүгін олардың арманы орындалды. Біздің еліміз егемендік алды. Лайым оның гұмыры ұзақ болғай! Қатысушылар жазықсыз құрбандарды бір минут еске алады. (Сахнада музыка үні әуелейді. Бәрі қосылып «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.)

Жүргізуші: Балалар, Мағжан сонымен бірге педагог болғанын білесіңдер ме?

Оқушы: - Ия, білеміз. Ең басты педагогикалық еңбегі «Педагогика» оқулығы. Бұл еңбегін Мағжан 1922 жылы жазған. Сонымен бірге «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз». «Бастауыш мектепте ана тілі», «Бала тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» сияқты ірілі- ұсақты еңбектер жазған.

Жүргізуші: - Дұрыс. Рахмет. Мұндағы негізі ойлар: Адамгершілік, инабаттылық, мәдениеттілік, патриотизм, ұлтжандылық, оған деген сүйіспеншілік, оқу-білім, өнер, адалдық, азамат деген ардақты атты биік ұстау. Міне, Мағжан тағылымдары осындай.

Оқушы: - Мағжан ағаның «Ләззат қайда» деген өлеңі бар, соны оқып берейін:

Айтар сөзім мінекей,

Аласұрган көңілге.

Оқу оқы, өнер қу,

                                      Басқалардан түңіл де!

                                      Жұрттың қамын көп ойла,

                                      Уайым — қайгы жеп ойла!

                                     Артта қалган сорлы жұрт

                                     Алга бассын деп ойла!

                                                                         (М.Жұмабаев)

Жүргізуші: - Рахмет. Әрине, Мағжанды бір ғана сағатта оқып, білуге болмайды. Оны жылдар, ғасырлар бойы оқып үйренуіміз қажет. Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өмірі мен тағылымдарына шолу жасадық. Мағжан өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, үлкен адамгершілікке, ұлылыққа шақырады.

Мағжандай асыл азаматтар сендердің де араларыңда бар! Мағжандай, елдің мақтанышы болыңдар! Мағжан аталарыңның арманы бүгіндері орындалды. Қазақстан өз егемендігін алып, оның 25-жылдығын атап өтіп отырмыз. Сендер, сол егеменді еліміздің жас ұландарысыңдар. Егемендікті қадірлеп, оның туын берік ұстаңдар. Бұл-Мағжан аталарыңның аманаты. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біздің алдымызда бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтайтын күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр»- деген болатын. [З]. Осыған лайық болыңдар.

Мұғалім М.Жұмабаевтың «Қазағым» деген өлеңін оқумен сынып сағатын аяқтайды. «Елім менің» әні

орындалады.

Әдебиеттер.

1.   Жұмабаев М. Таңдамалы (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар)- Алматы: Ғылым, 1992.- 272 б.

2. Елеукенов Ш. Мағжан. Өмірі мен шығармашылығы. Алматы: Санат, 1995. - 384 б.

3.  Бектұров Ж. Тағдыры қиын талант //Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеулер. - Алматы: Жалын, 1992.-305-344 6.

4. Мұхтар Құл Мұхаммед. Алаш қайраткерлері саяси-кұқьіқтық көзқарастарының эволюциясы. - Алматы: Атамұра, 1998. - 360 6.

5. Назарбаев Н.Ә. Мұғалімдердің II съезіндегі сөзі. // Егемен Қазақстан. -2001. 3 ақпан.

 

 

 

 С.СЕҢКІБАЕВ,
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, п.ғ.к.
Петропавл қаласы

 

 С.Сеңкібаев. Мәңгілік өмір. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2017.-№1.-с.98-113.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий