Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды

19 октября 2018 - Кабиева Р.

 

Алаш қозгалысының қайраткері, лирик ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына биыл 125 жыл. Сондай-ақ жазушы драматург Мағжан Жұмабаев атамыздың 125 торқалы тойын бүкіл қазақ елі тойлауда. Осыған орай «Рухани жаңгыру» багдарламасын жүзеге асыру аясында агымдагы жылдың 10 қазанында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның, Новоишим ауылында аудан әкімі Б.С.Жұмабеков ақын, қогамдық қайраткер Мағжан Жұмабаевтың ескерткішін салтанатты түрде ашты.
   Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы К.Қ.Оспанов пен М. Жұмабаевтың немере інісі Т.С.Бекенов және аудан тұрғындары қатысты.
  Осы жер де айтып өтетеін бір жайт, ол жақында бұрынғы «Совет» шағын ауданы «Мағжан Жұмабаев» шағын ауданы етіп өзгерітілген болатын. Сондай-ақ осы аталмыш шағын ауданда тұрған бос жерге яғни, осы бір ескерткіш орнататын жерге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тас жолдар төселіп, демалуға орындықтар орнатылып, түрлі жұмыстар жүргізілген болатын. Міне, бүгін осы бір жұмыстардың нәтижесінде жерлесіміз ақын М. Жұмабаев атамыздың 125 жылдығына орай, ескерткіштің ашылу салтанатты өтіп жатыр.
   Жиналған қауымды аудан әкімі Б.C.Жумабеков осы бір салтанатты сәтпен құттықтап, М. Жұмабаевтың өмірімен атқарған саналы істеріне тоқталып, ақынның 125 жылдық мерейтойына байланысты Түркі академиясы 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жарияланғандығын да атап өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы құрметіне арналған төс белгілермен Тоқсан би ауылының орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Т.Бейсенова, № 2 Но¬воишим орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В.Горохводацкаяны, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл жөніндегі бас маманы К.Қ.Бестаеваны, № 1 Новоишим орта мектебінің 10-сынып оқушысы А.Сегізбаеваны, Новоишим қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Г.Дәулетті марапаттады, Аудан әкімінің Алғыс хатымен М.Жұмабаев атамыздың мүсінін салысуға атсалысқан «KAZMEAL» ЖШС директорының міндетін атқарушы Д.Т.Аймуқанов, «Целина - Энерго» АЭС директоры Н.Есмағанбетов, «Рахимов» ЖК басшысы Н.Т. Рахимов марапатталды.
   
Сондай-ақ ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі етіп, Шари Сабақ М.Жұмабаевтың «Дайдидау» әнін орындады.

 

Шараны ұйымдастырушыларға алғыс сөздерімен ақын Мағжан Жұмабаевтың немере інісі Бекенов Тасболат Сәлтайулы сөз сөйледі. Маңызды іс-шараға ескеріп шақырғандарына алғыс білдіріп, М.Жұмабаевтың басына түскен ауыр тағдырын оның творчествалық жетістіктеріне тоқталды. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы яғни қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы. Әкесі Бекен орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды. М.Жұмабаев бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен, төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады.1929 жылы ол "Алқа" атты жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен сотталады. Шын мәнінде бұл әдеби платформаға қатысты үйірме болатын. Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды. Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады. Бірақ 1960 жылы толықтай ақталады. Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды. Мағжан "Педагогика" оқулығында халықтық педагогика мен психологияға талдау жүргізді. Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын Жұмабаев — фи-лософ ақын. Оның «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген. Жұмабаев Ақан сері, Ба¬зар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға жәрдемдескен. Ол орыс ақын-жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М.Лермонтов, А.Фет, И.Дмит¬риев, И.Мятлов, А.Блок өлеңдерін, М.Горь¬кий, В.Иванов, Д. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. Астана, Алматы және Петропавл қалаларында көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.

Назира БАШАРҚЫЗЫ


Башарқызы Н.-Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.// Есіл өңірі.-15 қазан. -2018 жыл.-№42.-1б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий