Дауылпаз баба Қожаберген

15 августа 2018 - Садыкова А.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих", - деген еді. Әлем тарихы екіге бөлінеді: бірі - адамдар тарихы; екіншісі - табиғат тарихы. Атақты тарихшы Плутарх өзінің "Жизнеописания" деген еңбегінде: "Біз тарих емес, өмірбаян жазамыз",- деуі осыдан.

Тәуелсіздік заманасында ғасырлар бойы бодан болып, мүсәпір болған басымыз еркіндік алды. Ата тарихына үңілді, ана тіліне сүйінді, өзінің мәңгүрт болған болмысына күйінді. Біз он жыл бойы ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралап жатырмыз. Осы тұста бірнеше қағиданы ұстанғанымыз дұрыс сияқты.

Біріншіден, біздің аруағына сыйынатын, мұрасына жылынатын бабамыз - ұлттық тұлға болуы керек: ауыл-аймақ, ру, тайпа төңірегінен аспаған, буырқанып жау аптығын баспаған, ұлтына деген сүйіспеншілігінен туындаған мұрасын шашу етіп шашпаған ата-бабаларымыздың үйқысын бұзбағанымыз абзал.

Екіншіден, ата-баба аруағы ойыншық емес. Ұлылар бір ауылдың, облыстың, тай-паның еншісі емес. Егер біз Қаракерей Қабанбайды тек найман болып, Қанжығалы Бөгенбайды тек арғын болып, Қожаберген жырауды тек керей болып, Баян батырды тек уақ болып, Қарасай батырды тек шапырашты болып тойласақ - ол ұлттың өскені емес, өшкенінің белгісі.

Үшіншіден, аруаққа табыну - науқан емес. Ұлылар, олардың мұрасы тәрбие ісінде үздіксіз араласуы үшін оларға деген көңіл-пейіл, ықылас та үздіксіз, узіліссіз болуы керек.

Пендешілікті қойып, әділдігін айтсақ, ата тарихын таразылауда қол жеткен табысымыз аз емес. Соңғы он жылда Абылай хан қазақ тарихының есігінен төріне шықты. Алаштану туы көтерілді. Көкірегі басылып келген Абайтану тұлғаланып әлемдік аренаға шықты. Әуезовтану, Сәтбаевтану қалыптасты. Бұқар баба сайын даланың данасы ретінде танылды. Дала өркениетінің тарихын әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне айналдырып таныту басталды. Бүгін біз күн тәртібіне Қожабергентануды қойып отырмыз. Осы тұста тарихқа түсер сауал бар: "Қожаберген кім, оның Отан тарихындағы орны қандай? Тұтас бір Қожабергентану саласын қалыптастырудың негізі бар ма, құлашымызды бекерге сермеп жатқан жоқпыз ба?".

Ендеше, осы сауалдарға жауап іздеп көрейік, ағайын!

Қожаберген - батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, замана дүлдүлі, оның өмір жолы қазақ тарихымен сабақтас. Тарихи әдебиетте басы ашылмай келе жатқан бір проблема: "Қазақ-қалмақ соғыстарының қанша уақытқа созылуы". "Жоңғар хандығының қазақ жеріне жойқын шапқыншылығы 1710-1711 жылдарда басталды", - дейді зерттеушілердің бірі. "Воспользовавшись таким сложным международным положением и подстрекаемые недоброжелательными соседями, джунгары калмыки осуществляли постоянные набеги и на казахские земли в 1599-1750 гг. Течение 150 лет", - дейді тарихшының екіншісі. Бұл арада мен ол тарихшыларды жазғырудан аулақпын. Бірі қазақ-қалмақ қарама-қарсылығының ең күшейген тұсын айтса, екіншісі -қазақ-қалмақ соғыстарының жүйелі, үзіліссіз кезеңін меңзейді. Бірақ бұл пайымдаулармен мәселе бітпейді. Екі ұлы империяның қыспағында қалған екі жауынгер түркі тектес халықтар аспан астында бір-бірімен жер үшін, жайылым үшін, "өмірлік кеңістік" үшін, Орталық Азия даласы үшін ойраттардың Моғолстан аймағына алғашқы жаугершілігі XVI ғасырдың аяғынан басталады. Ойраттар - Моңғол империясы Үгедей ұлысы моңғолдардың батыс бұтағы.

XV ғ. 30-шы жылдары жоңғарлар Ыстық-көл төңірегіне жетті деп жазады Мырза Хайдар Дулати, ал Есен тайпа кезінде 1452 ж. Шу өзенінің жағасына жетті, 1457 ж. Ортаңғы Сырдария алқабын тонады.

"Ақтабан шұбырындыдан" кейін Ұлы жүз және Орта жүздің бір бөлігі Жоңғарияның суверендігін мойындады. Қазақ-қалмақ соғыстары XIV ғ. басталып, 1771 жылға дейін созылды. Үздік-создық, бірде шабысып, бірде алысып, түркі тектес екі халық үш жүз алпыс-жетпіс жыл шамасы өзара қырқысты.

Қожаберген бабаның жеті атасы - осы төрт ғасырға жуық қазақ-қалмақ соғыстарын өз бастарынан өткізген қаһармандар.

Шоқан Уәлиханов өзінің "Абылай" атты еңбегінде: "В предании киргизов Абылай носит какой-то поэтический ореол, век Абылая у них являются веком киргизского рыцарства", —деп жазады.

Кейбір әдебиетшілер Шоқанның "век рыцарства" дегенін "ерлік пен серілік заманы" деп аударыпты. "Елім-ай" дастанында: "Бұл заман болды елге қиын заман, Шіріткен тамам елдің миын заман. Шұбырғанда ізіңнен шаңборайды, Қағынды қазақ үшін биыл заман",-деп бағалап еді. Ендеше, сонау XVIII ғ. қазақ сахарасында еуропалық серіліктің ауылы алыс болса керек.

Шоқанның "рыцарства" деген ұғымына жауапты Ахмет Байтұрсыновтан табамыз. "Ошақ басы, үй-ішінің қамы сиякпы емірдің ұсақмақсатжағыменазаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, кеп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болма-ғанын көреміз". Қобыланды батыр жырын талдай отырып, Ахаң ата-анадан, жардан, туысқаннан да "батырға қымбат нәрсе - жүрт қамы, жұрт ісі", - деуі осыдан.

Ендеше, Абылай хан заманында рыцар-лық адами болмысты Отан болмысына ба-ғындыру, ерлік пен іріліктің, бірлік пен тірлік-тің көрінісі деп ұғынған жөн. Осындай пара-сатты рыцарлықты Қожабергеннен көреміз. Жүз жиырма терт мың пайғамбар мен, Отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен, Солардан Қожаберген артық емес, - деуі соныңдәлелі. Не болмаса:
Қолбасшы батыр болмасам,
Көбелі сауыт кимейін.
Ту ұстайтын болмасам,
Арабы ақбоз мінбейін.
Талапты жігіт болмасам,
Ұрандап жауға тимейін.
Қару-жарақ соқпасам,
Зергер болып жүрмейін.
Майданда жауды жеңбесем,
Қызық дәурен сүрмейін.
Дулығамның төбесі,
Буылмаса маржанмен,
Басыма оны кимейін.

Парасатты рыцарлық, ұлтқа өмірін арнаған серілік-ерлік осы болса керек.

Ендеше, бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған XVIII ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты рыцарлыққа ұласуы -жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты.

Қорытып айтсам: Шоқанның "век киргизского рыцарства" деген заманасы – Қожаберген баба заманасы.

Осы тұста тағы да бір жаңсақ пікір туралы айтуға тура келеді. Тарихи әдебиетте "по историческим данным, общее количество батыров из всех трех жузов, активно борющихся за свободу и независимость казахского народа, переваливает за 300", - деген тезис кездеседі. Мұндай сәуегейлікпен келісуге болмайды. Қазақ үш ғасырга созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде құрығанда 10 ұрпақ ауысты. Әр ұрпақ батырларын өсірді, тарих сахнасына шығарды. Ендеше, қазақ халқы үш ғасырда толассыз батырлар бастап, халық қостап, өз бостандығын үстем етті. Батырлар саны ендеше легион оны саусақпен санап шығу мүмкін емес.

Алайда, Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол 1688-1710 жылдары 22-23 жылдары бойында қазақ, ноғай, қаракалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! "Ақтабан шұбырындыдан" кейін Қожаберген - ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Атақты "Елім-ай" дастанында:

"Шабуылы жау қалмақтың күшті екен" -деп,

Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің, -деп бірлікке шақырса,
"Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын", - деп намысқа шақырады.
"Қожа, молда, ишандар артын қысып,
Қоржынға салып қойсын шариатын" - деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары қояды.
"Мекенің болсын тау мен орман, тоғай,
Ол жерден жау алуы емес оңай,
"Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден", - деп партизандық күрес жолын көрсетеді.

"Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдабек би,
Үшеуі тозған елді біріктірер", - деп оларға үміт артады.

"Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы,
Сөзіне оның, халқым құлақ түрші", - деп оның даналығына сенеді.

"Қыздарым, келіндерім жауынгер бол!"-Қыздарым, келіндерім, топ құрыңдар, Ерлерше киініңцер, сап тұрыңдар. ¥рыста өл, мазақболма, берілмеңдер, Қалмақты селебемен шапқа ұрыңцар, -деп ұрыс әдісін үйретеді.

Бегенбай, Ерсары, Асқан, Жабай, Көшек, Ақпанбет, Жайнақ сияқты батырларға "халқын жинап":

"Жинаңдар құрастырып қалың қолды", -депкеңесбереді.

"Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың", "Тізе қос, етек жиып, ее барында" - деп елді бірлік-тірлікке шақырады.

"Бастап өт, Сарыарқаға қалған елді", - деп Бұқара, Үргеніш жағында ашыққан, босқан елді жинауға жол сілтейді. Еңсоңында:

"Бастасын тозған елді кесемдерім, Ақылшы болсын сөзге шешендерім. Хан, султан, төрелерді ел санамай, Тізе қос, күшті жинап есендердің", - деп үндейді жырау.

Халқының 40 пайызынан айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс бағдарламасын жасап қоймады "болды ғой аяқасты Отанымыз" деп, "Ер емес жаудың туын құлатпаған" деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес.

Ендеше, Қожаберген - батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны. Қожаберген тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол - өз заманасының ұлы мемлекет қайраткері. Орыстың зерттеушісі Л.А.Словохотов "Народный суд обычного права киргиз" деген еңбегінде: "Золотой век, о котором воспоминают киргизы, есть царствование хана Тауке... умный, энергичный Тауке... должен стать в летописях киргизских наряду с Солоном и Ликургом по своей законодательной деятельности. Справедливость и правосудие могущественного хана остановили брани родов. В степи водворилась редкая тишина. Народ отдыхал от кровавых дней былых". Бул арада зерттеуші атақты "Жеті жарғыны" айтып отыр.

"Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы" сияқты тарихи конституциялық пәрмені бар құжаттардың орнына Тәуке хан тұсында "Жеті жарғы" келгені мәлім. Академик С.Юшков ол туралы былай деп керсеткенді: "Вопрос о том, что означает" "Жеті Жарғы" окончательно не решен казахстанскими историками и филологами. По мнению одних исследователей, это слово означает "Семь истин", другие толкуют его: "Объявление Семи", т.е. семи судей. Нам кажется, что последнее истолкование является более приемлемым".

Бүл күні "Жеті Жарғыны" жазуға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биден басқа, қырғыздан Қоқым (енді біреулер оны Қараша би дейді) қарақалпақтан Сасық би, құрамадан Мұхамед би қатысқаны туралы деректер кездеседі.

М.Е.Исламғалиұлы өзінің "Әйтеке би" деген шежіре намасында "Жеті Жарғыны" тек Тәуке және оның алты биі - Сасық, Мұхамед, Қоқым, Төле, Қазыбек, Әйтеке ғана жазған. Сондықтан Жарғы осылай аталған екен десе, сөзсіз ұшқары пікірге жүгінгендік болып шығары анық. Жарғыны жазысуға сол кезде көздері тірі Әнет баба, Едіге, Соқыр Абыз, Құдайназар, Болпыш, Жылкелді сияқты қазақ даласының түкпір-түкпірінен аты шулы билермен ұлыс басшылары қатысқаны даусыз",-деп жазады.

Автордың ой-өрісі дұрыс бағытта ербиді. Алайда, "Жеті жарғыны" Тәуке хан жазған жоқ, ол үкім шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі Қожаберген би екенін айту -тарихи әділдік болар еді.

Қожаберген Әз-Тәукенің тапсырмасымен "Жеті Жаргыны" ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткені туралы жазушы Н.Әбуталиев жанама деректер тауып отыр. Онда "Ақ былғарыға түсіріп: Мұқияттан хаттадым, Әз-Тәукеге қызмет қып, Жаздым "Жеті Жарғыны". Салыстырып талдадым, Бергі менен арғыны", - деген елең сездері келтірілген. Теле би, Әйтеке, Қазыбек билер тобына "жол керсеткен ұстаз едім" деп жыраудың езі жазып кетуі осының айғағы.

Көтеш ақын Райұлы "Жиен жырау" дастанында:

Ақылдасып үш бимен
"Жеті Жарғыны" жазған ер
Кім десеңіз ол бекті

Қожаберген кемеңгер, - деп жазуы біздің пікірімізді растай түседі. Кейбір арнайы тексеруді керек ететін деректерге қарағанда "Жеті Жарғының" жалғыз данасы Стамбул-дың Сүлейман атындағы Канони кітапханасында сақтаулы керінеді.

Әз-Тәуке еліп, қазақ елін Шыңғыс әулетінен тараған қалың төрелер тобы ыдырата бастаған тұста елдің көсем билері, атақты батырлары ел тағдырын ойлап толғанды. "Елім-ай" дастанында Қожаберген ол туралы былай дейді:

"Төреден Әйтеке би безін деді,
Келді ғой көсем сайлар кезің деді.
Қазақты батыр кесем басқармаса,
Бытшыт қылар жау қалмақ, сезін деді.
Хан, сұлтан, төре күні еткен деді,
Олардан ақыл-айла кеткен деді.
Қазағым өзіңді-өзің тұтас ел қып,
Басқарар енді уақыт жеткен деді.
Ақылды болсын батыр көсем деді,
Басқарса қазақ болар есен деді.
Бұл сөзді би мен бектер ұға алмады,
Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады.
Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп,
Ортадан батыр көсем шыға алмады".
"Ақтабан шұбырындыға" ұрынған сәтте Қожаберген баба Әйтеке бидің көріпкелдігін қолдап:

"Төрелерге сенім жоқ, ел ермесін
Қазағым хан тұқымын дос көрмесін.
Хан, султан, төре, қожа, өңкей құзғын,
Оларға енді тізгін жұрт бермесін", - деп елге ез шешімін жеткізді.

Манаш ҚОЗЫБАЕВ.

(Жалғасы бар)


Қозыбаев М. Дауылпаз баба – Қожаберген // Qyzyljar nury. – 2018. – 10 тамыз. – 3 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий