Айтуардан шыққан айтулы ақын

4 декабря 2018 - Кабиева Р.

Ақын, әнші Игібай Әлібаев - тек өз өңірімізде ғана емес, республикамыздың мәдени өмірінде елеулі із қалдырған халық ақыны. Ол Арқаның дүлдүлдері - Ақан сері, Біржан сал Үкілі Ыбырайдың дәстүрін жалғастырып, облыстық, республикалық акындар айтысында бас бәйгеге ие болды. 1974 жылы «Айтуар» жинағының жарық көруі ақын тұлғасын кеңінен танытты.

Игібай Әлібайұлы 1903 жылы 5 мамырда облысымыздың Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылында дүниеге келген. Игібайдің өз әкесі Тәжібай, бірақ ағасы Әлібай бауырына басқан. Ол атақты Біржан салдан тәлім алды. Жастайынан сауатын ашып, өнер-білімге ерте ұмтылды. Молдадан сабақ алып, кейін 1921 жылы Қызылжарда ашылған қазақ педагогика техникумына түсіп, 4 жыл оқиды. Одан әрі 1963 жылы зейнетке шыққанға дейін ауылдық жерлердегі бастауыш мектептерде қызмет атқарады

.

Ержете келе жастық жігері жалын ата лаулап, шабыты шалқып өнер жолына түседі. Соның бір айғағы - 22 жасында, 1925 жылы Мәскеу мен Ленинградта өткен қазақ өнері шеберлерінің концертіне қатысуы. Міне, сол сәтте-ақ оның өмірдің жай ғана соқпағымен жүріп қана қоймайтындығы, биік-биік шыңдарға ұмтылған тұлғасы танылған-ды.

Ол 1930 жылы белгілі сахна шеберлері Серке Қожамқулов, Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақовпен бірге Қазақ академиялық драма театрында өнер керсетті. Осы саңлақтармен қатар сахнаға шығуының өзі оның өрелі өнердің иесі екендігін аңғартса керөк.

Игібай Әлібайұлының өмір жолы туралы Сәбит Мұқанов: "Игібайдың өнері екі жүйеде өрбиді. Ұстаздықта және сауықта. Біраз жылдар ұстаздық етсе, бір жағынан театрдағы және концерттегі сауықтарға қатынасып, ел көзіне әртістігі және әншілігімен көрінеді. Мұның аяғы Алматы, Мәскеуде өткізілетін қазақ өнерінің сауықтарына тұтасып, бірнеше рет жүлде алады. Игібайдың өлеңдері пластинкаға жазылып, аспанда да шырқалды", - деп жазған болатын.

Игібай Әлібайұлы арқалы ақын еді. 1970 жылы оның бірнеше өлеңдері республика ақындарының жинағына енсе, 1972 жылы шыкқан айтыскер ақындардың іріктеліп алынған "Еңбек күйі" атты жинағына біраз жырлары топтастырылды.

Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» трилогиясының бірнеше бетін Игібай Әлібайұлының ақындық, әншілік өнеріне арнады. Ақынды Сәбең аса қадірлеп өтті. Өмірлерінің соңғы кездері қос тарлан бірге жүріп, ел ішін аралаған. Жерлес жазушымыз Игібайды Жамбылдың 125 жылдығына апарып, ақын:

"Домбыра шертіп бүгін мен,

ІІІарықтап әндеп шалқимын.

Сөзіме шат боп үңілген

Көтеріп көңілін халқымның", - деп Той бастар" ән-толғауын арнаған болатын.

Сәбит Мұқанов "Қазақ әдебиеті" газетінде былай деп жазған еді: "Екі түнге созылған мәжілісте әндерін халық сүйсіне тыңдаған Игібайдың аузы жабылмады, дауысы сембеді десек, асырып айтқан болмаймыз. Шын халықшыл өнерпаз неше жасқа келсе де, халқына қызмет етуден жалықпайды. Игібай Әлібайұлы соңдай өнерпаздардың бірі".

Әншілігімен, суырыпсалма ақындығымеи танылып, атағы өз өңірінен асып, республика жұртшылығына белгілі тарланбоз болғандығы - 1979 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған "Ақын жыраулар" атты жинаққа Солтүстік облысынан енген төрт ақынның бірі-осы Игібай Әлібайұлы еді. Ақын туралы сөз қозғағанда оның қазақ халқының өнер әлеміндегі жұлдыздары: Сегіз сері, Біржан сал Ақан сері, Әсет, Балуан Шолақ, Мәди, Үкілі Ыбырайдың дәстүрін өзінен кейінгі ұрпақтарға біздің өңірімізде алғашқы жалғастырушы ретінде сіңірген еңбегін баса айту керек. Әсіресе, атақты Сегіз серінің өлең, әндерін халқына таныстырғанын атаған жөн. Сонымен бірге Игібай ел ішіне жете тарамаған Ақан серінің алты-жеті әнін күйтабаққа түсіргендігі де біздер үшін игі іс саналады.

Игібай Әлібайұлының Ұлы Отан соғысына қатысқан жылдардағы шығармашылық және мектеп қабырғасындағы ұстаздық жолындағы еңбегі жеке бір әңгіме. Ақын сол кездері «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен ерлігі үшін» (1946 ж.), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1958-ж.) медальдарымен марапатталады. Соғыс аяқталған жылдары Игібай республикада ақыңдар айтысының қалыптасып, қайта жандануына қызу атсалысты.

Игібай Әлібайұлының ұстаздық қызметте де қабілеті жоғары болды. Кейін осынау ұлағатты ұстаздың жолын жалғастырғаңдар да жер-жерден табылып жатты. Солардың арасындағы мақтаулы шәкірттерінің бірі - Ілияс Шаймерденов. Оның орыңдауындағы “Қаракесек”, “Қарғаш”, “Айнамкөз” әндері кезінде күйтабаққа жазылды. Енді осы әңдер кімдікі деген сұраққа келсек, “Қаракесек”, әні өзіміздің атақты жерлесіміз Сегіз серінің әні болған.

Игібай Әлібайұлы - арқалы айтыскер ақын. Бұл да оның талантты өнер адамы болғандығының тағы бір қырын айғақтай түседі. Игібай атамыздың жақсы әншілік, ақындық, орындаушылық болмысын, оның 1973 жылы 70 жасқа толуы қарсаңында облыстық "Ленин туы" (бүгінгі "Soltustik Qazaqstan") газетінің құттықтауынан да байқауға болады. Онда мынадай жолдар бар: "... Сіз бүгінгі қазақ әдебиетінің өркенді өрісінде алтынның сынығындай жарқылдай, ауыз әдебиетінің асыл қасиетін сақтаған халық ақыңдарының бірісіз. Тыңдаушысын ән бұлағының кәусарынан сусыңдатқан күміс көмей әншісіз, тау тасқындап кетсе, өлең нөсерін селдеткен жыршысыз. Сіздің өлеңдеріңіз облыстық, республикалық баспасөзде, бірнеше жинақтарда жарияланып, көп оқырманын тапты. Сіз облыстық, республикалық айтыстарға сан рет қатысып, топжарған жүлделі талантсыз".

Ол ақын да, әнші де, сал-сері де атанып, халқының жүрегіңде сақталып қалды. Оның саңқылдаған әнін Қызылжар да, Көкшетау да, Қараөткел де, Ақмола - Атбасар да, Қарағанды - Қарқаралы да, Кереку - Баянауыл да, Өскемен де, Жетісу - Алматы да тыңдады, дуылдата қол соқты. Игібай Әлібайұлы өнері жоғары тұғырға көтерілді, ел ішінде дүлдүл әнші Иекең атанды.

Осындай еліміздің біртума дарыны 1978 жылы шілденің 25-інде дүние салды.

Оның есімі ел ішінде кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық жан болып қала береді. Бір айта кетерлігі, мектептерде Игібай Әлібайұлының шығармашылығын оқыту әлі күнге дейін қарастырылмай отыр. Бұл жерде ақын шығармашылығын әр қырынан көрсете жақын таныстыра ртырып, дәріс беру мектеп ұстаздарының алдағы міндеті саналса дейсің. Өнер  жолында суырып-салма ақын, жезтаңдай әнші, шебер домбырашы және ұстаздық қызметі де абыройлы болған оның еңбегі бағалауға лайық. Қыр-сыры көп қиындығы да жеткілікті өнер жолында адамның әр қырынан танылуы екінің біріне беріле бермейтін қубылыс. Өңірімізге есімдері етене танымал халық ақыңдары - Мұса Асайынов, Молдахмет Тырбиев, Игібай Әлібаев, Ғалым Малдыбаев, Уахит Темірбеков және тағы басқа таланттардың туған жер, табиғатқа деген сүйіспешіліктеріне, өнерге, білімге, еңбек адамына, аға буын өкілдеріне деген ізгі ниетке толы жыр жолдары өскелең өрендерімізді парасаттылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелейді. Игібай Әлібайұлының өлеңдерінің мазмұнында терең сыр бар. Ол алуан тақырыптарға қалам тартқан. Жырлары көбіне –көп туған жерге, елге арналады. Ақынның «Туған жерім-Айтуар», «Жалағаш-құт мекенім», «Қазақстан», «Көкшемен сырласқанда», «Ертіс әні», «Зайсан», «Отаным», «Алтайға», тағы басқа өлеңдері оқыған адамды елжандылыққа үндейді.

«Арайлы Алатаудың жоталары

Тәрізді тізбектелген бота-нары.

Ауасы салқын да емес,

Айындай жайма-шуақ отамалы», еп, Алатау баурайының табиғатын бейнелейді.

«Арқада жер жетпейді Бурабайға,

бір кезде деп жырлаған Сәкен аға.

Үн қостым мен де бүіін тебіреніп,

Ән шырқап домбыраны қолыма ала», - деп кербез Көкше жерін тағы да бір жырға қосады.

Туған жер және табиғат тақырыптары бір-бірімен үйлесіп, бірін-бірі толықтырып, ажыратуға келмейтін жүрек тебірентер сезімге толы ақын жырлары көңіліңді көкке көтергендей әсер қалдырады.

«Жасынан баулап еңбекке

Өсірген Отан түлегін,

Жайылсын атың жер-көкке,

Қадірлі менің ұлы елім» - деген  жолдар еңбек адамы тақырыбына ұласады.

Игібай Әлібайұлының бұл өлеңдерін оқыту барысында оларға теориялық жағынан да талдау жасап, ақынның шеберлігі мен тіліне өзіңдік сипаттама беру керек.

Жерлес акын поэзиясында негізінен тілдің көркемдегіш құралдары болып табылатын эпитет, теңеу, троп пен фигураның түрлері метафора, метонимия, кейіптеу, инверсия тәсілдерінің қолданылуы көп кездеседі. Ақынның "Көктем шуақтары" өлеңінен үзінді келтіретін болсақ:

өктемде көңілденіп күледі аспан,

 Жұлдыздар ақша-бұлтқа жазып дастан" - деген жолдарда кейіптеу арқылы табиғаттың көркем бейнесі әсерлі етіп берілген.

"Арайлап алдан ақ арман,

 Жүрек аттай бұлқынды", - деп тұрақты эпитет арқылы ақын болашақтан үміт күтіп, армандау керек деген ой салады.

"Қайғылы мұң, қара түн,

Бірте-бірте арылған.

Қайғылы мұң, қара түн,

Қара тұман серпілген'' - деген жолдардағы "Қайғылы мұң, қара түн" қатар қеліп, күрделі бір ұғымды білдіріп тұрса, "қара тұман" сөзі күрделі эпитет болып табылады. Олар елдің ауыр қайғы, мұң-шерден бірте-бірте арыла бастауы ұғымыңда беріледі. Эпитеттерді аса бір шеберлікпен қолданып, тиімді пайдалануы. Игібай ақынның нәзік, сезімтал өлең сөзге қатал талап қойғыш талғампаз, тәжірибе таразысы биік ақын болғандығын аңғартады.

Ойын көркем, нақты жеткізуде ақын салыстырып бейнелеу әдісінде шебер пайдаланған. Ақын өлеңдерінде алынған объектінің пішін-бітімін айқын, дәл ашатын теңеулерді жиі қолданады:

Жігерім-алмас жебедей,

Жүрегім - талмас кемедей.

Табаным -таймас шегедей.

Кеудем - асқақ төбедей.

немесе:

Достарым бар өмірі - көктем гүліңдей,

             Кәрілігіңді жойдырар.

             Достарым бар көңілді шілде күніндей,

             Ықыласымен тойдырар,-деген шумақтарда адам мінезін дәл анық білдіретін теңеулерді шебер қолданған.

Ақын көркемдеуіш құралдарды қолдануда асқан зергерлік пен байқампаздық, толғампаздық пен тапқырлық және сан қилы құбылыс, әрекеттердегі образды қабылдап, таңдауда соны мәнер-машық, майталман шеберлік танытқан.

Игібай Әлібайұлы шығармашылығы - өмір шындығының айнасы. Елдің елдігі мен ерлігін бойына жиған ақын өз кезеңінің дабылшысы болды. Ол - үлкен дарын. Елі қадірлеп, қастерлеген халық ақынының өнегелі өмірі мен шығармашылығы соның айқын айғағы.

Жанбай КАДЫРОВ, М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің қазақ тілі мен

әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

 

Кадыров Ж. Айтуардан шыққан айтулы ақын./ Soltustik Qazaqstan.-29 qarasha.-2018 jyl.-№144.- 9 bet.

 

 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий